Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың біліктілігін дамыту. Мемлекеттің басқаруының негізгі екі



Дата13.02.2017
өлшемі38,99 Kb.
#9296
түріСабақ
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік:
  • Оқушылардың біліктілігін дамыту. Мемлекеттің басқаруының негізгі екі
  • түрі бар: республикалық және монархиялық басқару; Республикалық және
  • монархиялық басқарудың әкімшілік территориялық құрылысында қандай
  • айырмашылықтар бар екендігін түсіндіру.
  • Дамытушылық:
  • Оқушылардың дүние танымын дамыту.Өздігінен жұмыс істеуге
  • дағдыландыру. қазіргі дүние жүзі елдерінің топтастырылуы мен типологиясы; мемлекет аумағы және мемлекеттік құрылымы; елдердің басқару формалары мен әкімшілік-аумақтық құрылымы; халықаралық ұйымдар жайлы мәліметтер айтылады.
  • Тәрбиелік:
  • Оқушыларды білімге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Картадағы сандық өзгерістер аумақта соғыстың салдарынан болған жер бөліністеріне, кей жағдайда мемлекеттің ерікті түрде аумағын беруіне байланысты болып келуін түсіндіру.
  • «Мемлекеттердің құрылысы»
  • Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
  • «Заман тынысы» дүниедегі саяси жаңалықтармен таныстыр
  • Тірек-схема технологиясы
  • Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
  • 1.Ізденіс әдісі.
  • 2.Картамен жұмыс.
  • 3.Тірек-сызба арқылы жұмыс жасау.
  • 4.Интерактивті әдістер.
  • 5.Аралас және ауызша сұрау
  • 6.Оқулықпен жұмыс
  • 7.Бақылау және бағалау
  • Пәнішілік байланыс:
  • Материктер мен мұхиттар географиясы - Дүние жүзінің саяси картасы
  • Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы – Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы және мазмұны.
  • Пәндер аралық байланыс (қамтитын және қамтылатын пәндер):
  • Қамтитын:
  • Экономикалық және әлеуметтік география- Ресейдің ұлттық- мемлекеттік құрылысы
  • және әкімшілік- территориялық бөлінуі.
  • Саяси география - Қазіргі дүние жүзі саяси картасының негізгі белгілері
  • Қамтылатын:
  • Саясаттану - Саяси билік және мемлекеттік билік
  • Қоғамтану – Саясат және мемлекет
  • Сабақтың жабдықталуы
  • Көрнекті құралдар:
  • Қазіргі дүние жүзінің саяси картасы. сызбанұсқа: Саяси картаның өзгеруіне
  • әсер ететін факторлар
  • Дүние жүзінің саяси картасы
  • 1-8 кестелер
  • 1- схема « Дүние жүзінде мемлекеттің басқару түрлері »
  • 2 – схема «Әкімшілік-территориялық құрылыс түрлері »
  • Үлестірме материалдар:
  • 1,2 нұсқадағы тесттер, тарқатпа материалдар
  • Техникалық оқу құралдары:
  • Интерактивті тақта, электронды оқулық География 10 сынып.
  • Проектор, компъютер, экран, слайдтар, дискілер «Дүние жүзінің саяси картасы»
  • Оқу-әдістемелік құралдар:
  • Негізгі:
  • 1. В.П.Максаковский, Ш.М.Надыров. Экономикалық және әлеуметтік әлем географиясы.
  • Алматы: «Просвещение-Казахстана» 2004г.
  • 2. Е. Ахметов, Т. Увалиев, Қ. Ахметов. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы.
  • Қоғамдық – гуманитарлық бағыт, Алматы «Мектеп» 2006 ж. 5-11 беттер
  • Қосымша:
  • 1. География 10, жаратылыстану-математикалық бағыты, Алматы «Мектеп» 2010 жыл. 75-78 б.
  • 2. Полулях Л.Н. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы 2 бөлім.
  • Тәуелсіз мемлекеттер достсатығының елдері 10 сынып / Қазақ тіліне аударған М. Б. Жакиянова –
  • Алматы: « 8 & 8», 2010 жыл.
  • 3. Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 1 – 7 тақырып 3- 24 бет.
  • Сабақтың жоспары мен хронокартасы
  • Сабақ бөлімдерінің атауы
  • Уақыты
  • 1
  • Ұйымдастыру кезеңі
  • 3 минут
  • 2
  • Оқытушының кіріспе сөзі (Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау)
  • 5 минут
  • 3
  • 20 минут
  • 4
  • Оқушылардың білімін бағалау
  • 5 минут
  • 5
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру
  • 30 минут
  • 6
  • Сабақты пысықтау және қорытындылау
  • 15 минут
  • 7
  • Үйге тапсырма беру
  • 2 минут
  • артқа
  • I. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут):
  • 1. Сәлемдесу, студенттердің және аудиторияның сабаққа дайындығын
  • 2. қадағалау, түгелдеу, көңіл-күйі, денсаулығымен қызығу,
  • 3. «Заман тынысы» апталық саяси жаңалықтармен таныстыру.
  • II. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 мин):
  • Оқыту модулі А 1.2.
  • 1. Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы.
  • 2. Әкімшілік территориялық құрылыстың негізгі түрлері
  • Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы. Басқарудың негізгі екі түрі: монархиялық,
  • республикалық туралы түсінік қалыптастыру.
  • Монархия дегеніміз - мемлекет басшысы император, король, герцог, князь, сұлтан
  • және т.с.с. болып келетін басқару түрі.
  • артқа
  • Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы. Басқарудың негізгі екі түрі: монархиялық,
  • республикалық туралы түсінік қалыптастыру. Монархия дегеніміз - мемлекет басшысы император,
  • король, герцог, князь, сұлтан және т.с.с. болып келетін басқару түрі.
  • Монархия абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.
  • Абсолюттік монархия - монархтың билігі шексіз болады (Бруней, Бахрейн, Катар, БАӘ,
  • Оман және т.б.).
  • Конституциялық монархия - жоғары мемлекеттік билік конституциямен шектеледі
  • (Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Дания, Норвегия, Марокко, Жапония).
  • Монархияның тағы бір түрі - монарх шіркеу басшысы болатын теократиялық монархия
  • ( Ватикан). Республика дегеніміз - заң шығаратын ең жоғары үкімет билігі сайланатын
  • өкілетті орган парламенттің, ал атқарушы үкімет билігі - үкіметтің қолында болатын басқару
  • түрі.
  • Унитарлық мемлекет (латынның - бірлік деген сөзінен шыққан) - елде бірыңғай заң шығарушы
  • және атқарушы өкімет билігі болатын әкімшілік-территориялық құрылыс түрі.
  • Федерациялы мемлекет (латынның «одақ», бірлестік деген сөздерінен шыққан) - бірыңғай
  • (федералдық) заңдармен және үкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы,
  • атқарушы және сот органдары болатын жекелеген территориялық құрылымдары
  • (республикалар, провинциялар, жерлер, штаттар және т.с.с.) бар әкімшілік – территориялық
  • құрылыс түрі.
  • Мұндай мемлекеттерге Ресей, АҚШ, Үндістан, Бразилия, Нигерия т.б. жатады.
  • Мемлекеттердің бірігуінің енді бір түрі конфедерация. Біршама шектеулі мақсаттарға жету
  • үшін (әскери, сыртқы, саяси және т.б.) құрылады (Швейцария) мемлекеттері туралы
  • түсінік беру.
  • артқа
  • III. Негізгі білімдерді қайталау және қорытындылау, оқушылардың
  • білімдерін бақылау (25 мин):
  • Үйге берілген тапсырманы «Дүние жүзінің саяси картасы» тақырыбы бойынша-
  • « Ми шабуылы», «пікірталас» интерактивті технологиялар арқылы қорытындылау:
  • Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері.( саяси географиялық өзгерістерді, тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда болуын,елдердің қосылуын,
  • ыдырауын, атаулары мен астаналарының өзгеруі т.б. жатады. )
  • 2. Қазіргі заманғы саяси картаның қалыптасуын қанша кезеңге бөлеміз? Ежелгі кезең
  • (б.з. 5 ғасырға дейін), ортағасырлық кезең, (5- 15ғ. )
  • 3. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін саяси картада кандай өзөгерістер болды?
  • 4. Халықаралық ұйымдар туралы пікірталаста оқушылардың еркін ойлау қабілеттерін
  • дамыту.(ЕО, НАТО, ЮНЕСКО, АСЕАН, ОПЕК, т. б.)
  • Тапсырма 1. тест
  • артқа
  • бағалау параметрлері
  • Аты, жөні.
  • Оқушы пән портфолиясы
  • СӨЖ ды қорғауы
  • Картамен жұмыс
  • Атласты анализ жасау
  • тест
  • Тірек сызбаны толтыру
  • Үлестірме сұрақтарға жауабы
  • Оқулықпен жұмыс
  • Интернет материал дары
  • бағасы
  • IV. Оқушылардың білімін бағалау (5 мин):
  • Сабақты бағалау параметрлері
  • артқа
  • Мемлекеттік құрылыс тәуелсіз және тәуелді елдер болып екіге бөлінеді. Тәуелсіз елдер
  • мемлекеттік атауға ие болды. Барлық мемлекеттің ¾-і республикалық дәрежеге ие.
  • Республиканы бөлу мемлекеттің басшысына байланысты болады. Республикаларда
  • мемлекеттің басшысы президенттің мәртебесі жоғары болады. Парламенттік республикаларда
  • үкіметтік жұмыстарды президент атқарады.
  • Басқару жүйесі аралас болған мемлекеттерде президент пен парламент басқарады,
  • олар бір-бірін қадағалап отырады.
  • Монархия жер шарында көп емес. Монархияның билігі шектеулі. Монархиялық билікті
  • конституция және парламенттік билік шектеп отырады.Монархияның бір бөлігін
  • конституциялық деп атады,соның ішінде көп ғасырлық тарихы бар Ұлыбритания елі.
  • Әлемде абсалюттік монархия бар жоғы алтау ғана қалды. Монархияның тағы бір түрі шіркеу
  • басшысы монарх болатын теократиялық монархия.
  • Қай елдің болса да, мемлекеттік құрылысы ең алдымен ондағы басқару түріне байланысты.
  • Басқарудың негізгі екі түрі бар.
  • артқа
  • Республикалық басқару- ерекше кең таралған, өйткені дүние жүзіндегі барлық елдердің
  • ¾- республикалар болып табылады. Республика дегеніміз заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі
  • сайланатын өкілетті орган парламенттің, ал атқарушы билік үкіметтің қолында болатын басқару түрі.
  • Саяси тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін азат болған елдердің көпшілігі мемлекетті басқарудың
  • республикалық түрін қабылдады. Египет,Эфиопия,Иран секілді мың жылдық монархиялар да
  • республикалар болып жарияланды.Республикалар екі түрге бөлінеді: президенттік, парламенттік.
  • Президенттік республикада – президент өте үлкен басымдылыққа ие бола отырып,үкіметті өзі
  • басқарады.
  • Парламенттік республикада – басты тұлға президент емес, ол үкімет басшысы болып табылады.
  • Монархиялық басқару- әлдеқайда аз таралған, өйткені дүние жүзінде не бары 30 монархия бар.
  • Европада-12, Азияда-14, Африкада-3, Мұхиттық аралда-1. Монархия дегеніміз – мемлекет басшысы
  • император, король, герцог, князь, сұлтан және т.б. болып келетін басқару түрі. Мұндай жоғары өкімет
  • билігі атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады.
  • Монархияда үш түрге бөлінеді: теократиялық монархия,конституциялы монархия, абсолюттік монархия.
  • артқа
  • Мемлекет басшысы діни жетекші болып келетін басқару түрі теократиялық (теос-грекше құдай)
  • монархия деп аталады.
  • Абсолюттік монархияда монархтың билігіне мүлде шек қойылмайды. Монарх заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді, сонымен қатар, ол қорғаныс министрі, жоғары сот және діни басшы болып табылады.
  • Конституциялық монархияда заң шығару билігі-тек парламенттің қолында, ал атқарушы билікті
  • тек үкімет жүргізеді. Монарх мемлекет символы ретінде патшалық етеді, бірақ басқармайды.
  • Дүние жүзігдегі ең көне конституциялы монархиялы ел Ұлыбритания.
  • артқа
  • Дүние жүзінде мемлекеттің басқару түрлері
  • Республика
  • Монархия
  • Парламент
  • Президент
  • Абсолют
  • Теократ
  • Конституция
  • 1- схема. Әкімшілік- территориялық құрылыстың негізгі түрлері
  • артқа
  • Кез келген елдің мемлекеттік құрылысы оның әкімшілік -территориялық құрылысының
  • түріне байланысты болады.Бұл тұрғыдан алғанда барлық елдер унитарлы және федерациялы
  • елдер болып бөлінеді.
  • Унитарлы мемлекет- (латынның unitas бірлік деген сөзінен шыққан) парламенттің шығарған
  • заңы бүкіл аумаққа бірдей таралып, әкімшілік-аумақтық бірліктер (мысалы,облыстар) тікелей
  • үкіметке бағынып,ортақ заң жүзеге асырылады.
  • Федерациялы мемлекет- (латынның foederatio-одақ, бірлестік деген сөздерінен шыққан)-бірыңғай
  • (федералдық) заңдарымен және өкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы, атқарушы
  • және сот органдары болатын жекелеген территориялық құрылымдары (республикалар, провинциялар,
  • автономиялар, штаттар, т.с.с.) бар әкімшілік-аумақтық құрылыс. Дүние жүзінде әкімшілік-аумақтық
  • құрылыс федерация болып табылатын 20-дан астам мемлекет бар.
  • артқа
  • Әкімшілік-территориялық құрылыс түрлері
  • Унитарлы мемлекеттер
  • Федерациялы мемлекеттер
  • Қазақстан, Франция, Қытай, Түркия, Египет, Колумбия, Украина, Венгрия, Италия
  • Ресей, АҚШ, Югославия, БАӘ, Малайзия, Үндістан, Нигерия, Эфиопия, ОАР, Канада, Мексика, Венесуэла, Бразилия, Австрия, Бельгия, ГФР, Швейцария, Пәкістан
  • 2- схема. Әкімшілік – территориялық құрылыс түрлері
  • артқа
  • VI. Сабақты пысықтау және қорытындылау
  • (тест –нұсқау 1; тест –нұсқау 2)
  • Оқулықтың қосымшасында берілген мағлұматтарды пайдаланып, "Дүние жүзі елдерінің
  • мемлекеттік құрылысы" деген тақырыпта кесте құрастырыңдар.
  • Республикалар
  • Монархиялар
  • Президенттік
  • Парламенттік
  • Конституциялық
  • Абсолюттік
  • Теократтық
  • артқа
  • Кесте, диаграммамен жұмыс
  • 2-кесте Аумақтық-әкімшілік құрылым формасы
  • Унитарлық
  • Федерациялық
  • Конфедерация
  • 2. Атластағы дүниежүзінің саяси картасын және оқулықтың қосымшасында берілген
  • мағлуматтарды пайдаланып, мемлекеттерді аумағының көлемі мен халқының санына
  • қарай топтастыра отырып, кестені толтырыңдар.
  • Жер көлемі, ең үлкен он мемлекет
  • Халқының саны 100 млн адамнан асатын он мемлекет
  • Жер көлемі жағынан өте кіші мемлекеттер (ұсақ мемлекеттер)
  • 3-кесте
  • артқа
  • 3. Мемлекеттерді географиялық орнының ерекшелігіне қарай топтастырып кестені толтырыңдар.
  • Архипелагтағы елдер
  • Аралдағы елдер
  • Түбекте орналасқан елдер
  • Теңіз
  • Жағалауында орналасқан елдер
  • Бір аралда екіден орналасқан елдер
  • 4. Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдерді бөліп жазыңдар.
  • Еуропа (ТМД елдерін қоса атау)
  • Азия (ТМД елдерін қоса атау)
  • Африка
  • Латын Америкасы
  • 4-кесте
  • 5-кесте
  • артқа
  • 6 -кесте Экономикасы дамыған елдер
  • Ірі жетілік елдер
  • Орташа дамыған Батыс Еуропа
  • елдері
  • Өзінің дамуында қалған Батыс Еуропа елдері
  • Батыс Еуропаның ұсақ мемлекеттері
  • Орталық және Шығыс Еуропа елдері
  • ТМД
  • елдері
  • 7 кесте Дамушы елдер
  • Дамуы жағынан көшбасында тұрған елдер
  • Жаңа индустриялы елдер
  • Сыртқа мұнай шыға-ратын елдер
  • Басқа елдер иелігіндегі елдер
  • Дамуы жағынан артта қалған елдер
  • Мешеу елдер
  • артқа
  • 6. Дүниежүзілік халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен міндеттерін айқындап
  • кестені толтырыңдар. 8-кесте
  • Ұйымдардың аттары
  • Құрылған жылы
  • Штаб-пәтерлердің орналасуы
  • Мүше елдер
  • Негізгі мақсаттары мен міндеттері
  • 1. БҰҰ
  • 2. НАТО
  • 3. ЕО
  • 4. АСЕАН
  • 5. ОПЕК
  • 6. НАФТА
  • 7. ИЛАА
  • 8. АрМА
  • - Дүние жүзі елдерінің мемлекетінің басқарудың неше түрі бар? (2 түрі: республика, монархия)
  • - Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы? (унитарлық, федерациялық)
  • - Дүние жүзінде неше монархия бар? (31 монархия: Еуропада – 12, Азияда – 14,
  • Африкада – 3, Мұхиттық аралдарда - 2)
  • - Монархиялық басқару дегеніміз? ( Ең жоғарғы билік иесі – монарх болып табылады әрі ол атадан балаға мирастыққа беріліп отырылады )
  • Ұлыбритания Достастығының саяси экономикалық бірлестігіне қандай мемлекеттер кіреді?
  • («Британ Ұлттар Бірлестігі» 70 жылдан аса өмір сүруде, оған 50 мемлекет кіреді. )
  • - Доминион дегеніміз не? ( отарға айналған елді айтамыз)
  • - Егеменді мемлекет дегеніміз не? (Тәуелсіздігі тән алынған мемлекет.)
  • Федеративтік мемлекеттерді ата: (Ресей, Еуропада-5, Азияда- 5, Африкада – 4, Америкада-7,
  • Австралия мен Мұхиттық аралдарда -2 )
  • артқа
  • Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
  • Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:
  • Федеративті елдерді ата.
  • Республикалық ел басқару түріне жататын елдерді ата.
  • Конституциялық монархия елдері.
  • Абсолюттік монархия сақталған елдер.
  • Басқарудың монархиялық формасы сақталған елдерді түсіру кескін картаға.
  • Саяси әкімшілік құрылымы жағынан федеративтік мемлекеттерді белгілеп түсіру кескін картаға.
  • Елді Республикалық басқару формасы қандай түрге бөлінеді?
  • Елді монархиялық басқару түрлері қандай?
  • Дүниежүзіндегі мемлекеттік құрылымының қандай түрлерін білесіңдер?
  • Жаңа индустриялық елдер.
  • VII. Үйге тапсырма беру (5 мин):
  • артқа
  • Келесі сабақтың тақырыбы: Оқыту модулі Б2. 1. Халық географиясы.
  • Көрілетін мәселелер:
  • халықтың саны және ұдайы өсуі.
  • демографиялық дағдарыс,
  • демографиялық жарылыс,
  • демографиялық саясат.
  • Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:
  • Негізгі:
  • В.П.Максаковский, Ш.М.Надыров. Экономикалық және әлеуметтік әлем географиясы. Алматы: «Просвещение-Казахстана» 2004г.
  • Қосымша:
  • 1. География 10, жаратылыстану-математикалық бағыты, Алматы «Мектеп» 2010 ж. 78-85 б.
  • 2. Полулях Л.Н. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы 2-ші бөлім. Тәуелсіз мемлекеттер достсатығының елдері 10 сынып / Қазақ тіліне аударған М. Б. Жакиянова – Алматы: « 8 & 8», 2010 жыл.
  • 3. Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 8-тақырып. 3 -4 б.
  • артқа


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет