Оқушылардың біліктілігін дамыту. Мемлекеттің басқаруының негізгі екі
түрі бар: республикалық және монархиялық басқару; Республикалық және
монархиялық басқарудың әкімшілік территориялық құрылысында қандай
айырмашылықтар бар екендігін түсіндіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың дүние танымын дамыту.Өздігінен жұмыс істеуге
дағдыландыру. қазіргі дүние жүзі елдерінің топтастырылуы мен типологиясы; мемлекет аумағы және мемлекеттік құрылымы; елдердің басқару формалары мен әкімшілік-аумақтық құрылымы; халықаралық ұйымдар жайлы мәліметтер айтылады.
Тәрбиелік:
Оқушыларды білімге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Картадағы сандық өзгерістер аумақта соғыстың салдарынан болған жер бөліністеріне, кей жағдайда мемлекеттің ерікті түрде аумағын беруіне байланысты болып келуін түсіндіру.
«Мемлекеттердің құрылысы»
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
«Заман тынысы» дүниедегі саяси жаңалықтармен таныстыр
Тірек-схема технологиясы
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
1.Ізденіс әдісі.
2.Картамен жұмыс.
3.Тірек-сызба арқылы жұмыс жасау.
4.Интерактивті әдістер.
5.Аралас және ауызша сұрау
6.Оқулықпен жұмыс
7.Бақылау және бағалау
Пәнішілік байланыс:
Материктер мен мұхиттар географиясы - Дүние жүзінің саяси картасы
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы – Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы және мазмұны.
Пәндер аралық байланыс (қамтитын және қамтылатын пәндер):
Қамтитын:
Экономикалық және әлеуметтік география- Ресейдің ұлттық- мемлекеттік құрылысы
және әкімшілік- территориялық бөлінуі.
Саяси география - Қазіргі дүние жүзі саяси картасының негізгі белгілері
Монархиялық басқару- әлдеқайда аз таралған, өйткені дүние жүзінде не бары 30 монархия бар.
Европада-12, Азияда-14, Африкада-3, Мұхиттық аралда-1. Монархия дегеніміз – мемлекет басшысы
император, король, герцог, князь, сұлтан және т.б. болып келетін басқару түрі. Мұндай жоғары өкімет
билігі атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады.
Монархияда үш түрге бөлінеді: теократиялық монархия,конституциялы монархия, абсолюттік монархия.
артқа
Мемлекет басшысы діни жетекші болып келетін басқару түрі теократиялық (теос-грекше құдай)
монархия деп аталады.
Абсолюттік монархияда монархтың билігіне мүлде шек қойылмайды. Монарх заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді, сонымен қатар, ол қорғаныс министрі, жоғары сот және діни басшы болып табылады.
Конституциялық монархияда заң шығару билігі-тек парламенттің қолында, ал атқарушы билікті
тек үкімет жүргізеді. Монарх мемлекет символы ретінде патшалық етеді, бірақ басқармайды.
Дүние жүзігдегі ең көне конституциялы монархиялы ел Ұлыбритания.
артқа
Дүние жүзінде мемлекеттің басқару түрлері
Республика
Монархия
Парламент
Президент
Абсолют
Теократ
Конституция
1- схема. Әкімшілік- территориялық құрылыстың негізгі түрлері
артқа
Кез келген елдің мемлекеттік құрылысы оның әкімшілік -территориялық құрылысының
түріне байланысты болады.Бұл тұрғыдан алғанда барлық елдер унитарлы және федерациялы
елдер болып бөлінеді.
Унитарлы мемлекет- (латынның unitas бірлік деген сөзінен шыққан) парламенттің шығарған
заңы бүкіл аумаққа бірдей таралып, әкімшілік-аумақтық бірліктер (мысалы,облыстар) тікелей
үкіметке бағынып,ортақ заң жүзеге асырылады.
Федерациялы мемлекет- (латынның foederatio-одақ, бірлестік деген сөздерінен шыққан)-бірыңғай
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:
Федеративті елдерді ата.
Республикалық ел басқару түріне жататын елдерді ата.
Конституциялық монархия елдері.
Абсолюттік монархия сақталған елдер.
Басқарудың монархиялық формасы сақталған елдерді түсіру кескін картаға.
Саяси әкімшілік құрылымы жағынан федеративтік мемлекеттерді белгілеп түсіру кескін картаға.
Елді Республикалық басқару формасы қандай түрге бөлінеді?
Елді монархиялық басқару түрлері қандай?
Дүниежүзіндегі мемлекеттік құрылымының қандай түрлерін білесіңдер?
Жаңа индустриялық елдер.
VII. Үйге тапсырма беру (5 мин):
артқа
Келесі сабақтың тақырыбы: Оқыту модулі Б2. 1. Халық географиясы.
Көрілетін мәселелер:
халықтың саны және ұдайы өсуі.
демографиялық дағдарыс,
демографиялық жарылыс,
демографиялық саясат.
Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
В.П.Максаковский, Ш.М.Надыров. Экономикалық және әлеуметтік әлем географиясы. Алматы: «Просвещение-Казахстана» 2004г.
Қосымша:
1. География 10, жаратылыстану-математикалық бағыты, Алматы «Мектеп» 2010 ж. 78-85 б.
2. Полулях Л.Н. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы 2-ші бөлім. Тәуелсіз мемлекеттер достсатығының елдері 10 сынып / Қазақ тіліне аударған М. Б. Жакиянова – Алматы: « 8 & 8», 2010 жыл.
3. Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 8-тақырып. 3 -4 б.