Сабақтың тақырыбы: Атом ядросы.Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін
нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту теориялық
білімін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдау. Білімге деген
қызығушылығын арттыру. Білім деңгейін көтеру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, уақытын
үнемді пайдалануға үйретіп, жан – жақтылыққа, алғырлыққа,
шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Сабақтың әдісі: Тыңдап түсіну, тірек сызба, деңгейлік тапсырма, сұрақ – жауап жұмысы
Сабақтың формасы: Жеке, ұжымдық
Пән аралық байланыс: Химия, математика
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, Менделеевтің периодтық кестесі, карточкалар, слайдтар, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау
а) Мен нені үйрендім
б) Тәжірибені зерделеу
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру
ІV.Жаңа сабақты бекіту
1)Тест тапсырмалары
2)Деңгейлік тапсырмалар
3)Ойлан,тап!
4)Кестені толтыр
5)Шаманы табу
6)Физикалық тілде
7)Есеп шығару
V.Үйге тапсырма беру
VІ. Бағалау
ІІ.Өткен тақырыпты қайталау
а) «Мен нені үйрендім»
Атом құрылысының «планетарлық» моделін ұсынған ғалым кім? Қай жылы?
(Ағылшын ғалымы Э.Резерфорд, 1911 жылы)
Атомның құрылысын кім айтып береді? (Атомның центрінде ядро орналасқан,
электрондар ядро айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады.)
Атомның планетарлық моделі деп атау себебі не? ( себебі Күн жүйесі құрлымына ұқсас)
Пьер Кюри және Мария Склодовская –Кюри қандай элементтерді ашты? (радий,полоний)
Химиялық элемент дегеніміз не? (анықтама)
6. Химиялық элементтердің протондарының санын қалай білеміз? (реттік номері)
7. Томсон моделі
б)Резерфорд тәжірибесін зерделеу
Тәжірибені толық талда
Тәжірибеде бөлшектердің шашырауын,кейде кері бұрылуының себебі не?
атом неден тұрады?
Ядроның радиусы атомның радиусынан қанша есе кіші?
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру
І.Біздер атом ядросы туралы ұғымды 1911 жылы Э.Резерфорд ашқандығын,жасалған
тәжірибенің нәтижесінде атомның ядролық моделін ұсынғандығын білдік.Енді біз бұл сабақта атом ядросының құрамын,қасиеттерін, оның түрленуін,қандай күштер ұстап тұратындығымен танысамыз.
Атом ядросының заряды q=Z·е
Атом ядросының массасы-М
Ядролық физикада арнайы өлшем бірліктер қолданылады.
Атом ядросы ашылғаннан кейін оның құрылымы қандай деген мәселе қойылды.
1919ж Э.Резерфорд α-бөлшектермен жасаған тәжірибесін жалғастыра отырып,ядроның құрамына кіретін бірінші бөлшекті ашты. Ол сутегі атомының ядросы протон деп аталады.
Ядроның құрамына кіретін тағы бір бөлшекті ашуға талпынған неміс ғалымдары Боте мен Беккер олар 1930 жылғы жасаған тәжірибелерінде литий мен берелийді альфа бөлшектерімен атқылағанда протонның орнына өте нашар жұтылатын бөлшектер ұшып шығатынын байқайды. Бұл бөлшектер қалыңдығы 20 см болатын қорғасын қабатынан өтіп кеткен Ағылшын ғалымы Чедвик осы жылы берилийді альфа бөлшектерімен атқылағанда одан бөлінетін табиғаты белгісіз сәуленің қасиеттерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Атом ядросының құрамында протон сияқты ауыр бірақ бейтарап бөлшектің бар болуы мүмкін деген батыл болжамды 1920 жылы Резерфорд айтқан және оны нейтрон деп атауды ұсынған еді. M n = 1.6726*10-27кг = 1.00866м.а.б.=939,56МэВ
Атом ядросының құрамы протон,нейтроннан тұрады.(1932ж Д.Д Иваненко, В. Гейзенберг)
Ядроның құрамына кіретін оң зарядты протон
мен электрлік бейтарап нейтрондардың жалпы санын нуклондар деп атаған
11р-протон
n-нейтрон
-10е-электрон
Достарыңызбен бөлісу: |