Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін



бет3/4
Дата07.05.2017
өлшемі469,14 Kb.
#16063
түріСабақ
1   2   3   4
күшті әрекеттесу күштері болып табылады.

ІІ. Нуклондардың ядродағы байланыс энергиясы.

Мя< Zmp + Nmn

∆М= Zmp + Nmn - Mя - масса ақауының формуласы;

Массалар ақауы деп – Ядролық тарту күшінің жұмысы есебінен нуклондардан атом ядросы түзілгенде пайда болатын массалар айырымын айтамыз.

Байланыс энергиясының формуласы:

Еб= ΔMc2=( Zmp + Nmn - Mя )c2 немесе Еб=( ZmН + Nmn – Mа )c2 ;

Атом ядросын түгелімен жеке нуклонға ыдырату үшін қажетті минимал энергияны- ядроның байланыс энергиясы дейміз.

Энергия үшін МэВ қолданылады:

Еб= ( Zmp + Nmn - Mя )931,5 МэВ немесе Еб=( ZmН + Nmn – Mа )931,5 МэВ.

∆М= Еб / c2.

Байланыс энергиясы өте ғаламат. Екі вагон тас көмірді жаққан кезде қанша энергия мөлшері бөлінсе, сутегінен 4 г гелий массасын түзу үшін сондай энергия бөлінеді. Барлық үлкен Әлем кеңістігінде, оның ішінде жер шарында, сутегі - ең көп таралған элементтердің бірі. Сондықтан физиктердің, барлық басқа мамандардың негізгі мақсаты сутегі энергиясын бейбіт мақсат үшін қолдану.

ІІІ. Меншікті байланыс энергиясы деп ядроның байланыс энергиясының А массалық санға қатынасын, яғни бір нуклонға сәйкес келетін байланыс энергиясын айтады:

Ем.б= Еб/А ;



Нуклондардың меншікті байланыс энергиясы түрлі атом ядроларында бірдей емес. Ядродағы нуклондардың меншікті байланыс энергиясының массалық А санға тәуелділігі мына суретте көрсетілген. Массалық А санының артуына байланысты Ем.б 1Н2 – дейтерийдің ядросында 1,1 МэВ/нуклон мәнінен темірдің 26Fe 56 изотопы үшін 8,8 МэВ/нуклон мәніне арта бастайды. Ем.б максимал болатын элементтердің ядролары ең тұрақты ядролар болып табылады. Енді массалық сан А артқанымен Ем.б кеми береді, мыс: уранның 92U238 изотопында 7,6 МэВ/нуклон. Жеңіл элементтердің Ем.б кемуі беттік құбылыстармен байланысты. Сондықтан ядроның ішіндегі нуклондармен салыстырғанда ядроның бетіндегі нуклондардың байланыс энергиясы аз. Ядро кіші болған сайын нуклондардың көпшілігі ядро бетіне жақын орналасады. Сол себепті жеңіл ядролардың меншікті байланыс энергиясы аз.

IV.Жаңа сабақты бекіту

І.Тест тапсырмалары

1.Ядродағы нуклондарды ыдырап кетуден сақтап, берік байланысын қамтамасыз ететін күштер

А) Гравитациялық күштер; В) Ядролық күштер; С) Магниттік күштер;

2.Массалар ақауын есептейтін формула

А) ΔM=Zmp + Nmn –Mя; В) ΔM=Z(mp -mn) –Mя;

С) ΔM=(А-Z)(mp + mn) –Mя;

3.Байланыс энергиясының формуласы:

А) Еб= ΔM*c2; В) Ем.б= Еб/А ; С) Е=hν;

4.Меншікті байланыс энергиясының формуласы:

А) Е= hν; В) Еб= ΔM*c2; С) Ем.б= Еб/А ;

5. Атомдық ядросында 8 протон мен 9 нейтрон бар нейтраль атомның электрондық қабықшасында неше электрон бар?

A)2


B) 8

C)7


D)14

E)4


6. Атомдық ядросында 16 протон мен 17 нейтрон бар бейтарап атомның электрондық қабықшасында қанша электрон бар?

A)15


B)16

C)17


D)18

E)19
7. оттегі8О16 изотобының ядросында қанша протон Z және қанша нейтрон N бар?

A) Z =8, N = 17.

B) Z =8 N = 8.

C) Z =17, N = 8.

D Z = 9, N = 8.

E) Z = 6, N =11.
ІІ. Деңгейлік тапсырмалар

Деңгейі

Тапсырмасы

І

Натрий 11Na23 ядросының құрамы қандай?


ІІ

Оттек 8О16 ядросының байланыс энергиясын табыңдар.

ІІІ

Магний 12Мg24 ядросының меншікті байланыс энергиясын табыңдар.



ІІІ. Ойлан, тап!

Менделеев кестесіндегі қандай элементтердің құрамы?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет