Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
ТОЛЕГЕТАЕВА Айман Толендиновна
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Қалбатау ауылы, Жарма ауданы, ШҚО
2-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақын жайлы қысқаша мәлімет беріп,
өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыту арқылы туған жердің ,
табиғаттың әсемдігі жайлы, байлығы жайлы
түсініктерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқу дағдысын қалыптастырып, ойлау қабілеттерін,
сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын молайтып, пәнге
деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Туған жерді, елді, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Ө.Тұрманжановтың суреті,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
-Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонактар келіп отыр. Орнымыздан тұрып сабаққа дайын екенімізді көрсетейік.
-Бүгін сабақта «Неткен сұлу,неткен көркем,осы менің туған өлкем» атты тарауды әрі қарай жалғастырамыз.Бүгін осы тараудағы «Туған өлкем»атты өлеңмен танысамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру .
-Балалар,үйге қандай тапсырма берілді?
а) «Туған тілім» өлеңін жатқа айтқызу.
ә) Дихан Әбілев жайлы түсінгендерін 2-3 оқушыға айтқызу.
б) Тіл туралы мақал-мәтелдер айту.
-Енді, балалар,біз сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорытындылаймыз.
1.Дихан Әбілев кім?
2.Оның қандай өлеңімен таныс болдыңдар?
3.Туған тіл қандай тіл екен?
III.Жаңа сабақ
Туған жер туралы деректі фильм көрсету.
-Балалар, фильм ұнады ма ?
-Біздің жеріміз қандай екен?
-Олай болса,бүгін біз Өтебай Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз.
Өтебай Тұрманжанов –қазақ әдебиетінің қөрнекті тұлғасы , ақын.
Ол балаларға арнап көптеген өлендер жазды. Өтебай Тұрманжанов Шымкент облысы, Бөгенбай ауданы, Жалғызағаш ауылында дүниеге қелген.
Туған өлке дегенді қалай түсінеміз?
Туған өлке дегеніміз-адамның туып –өскен жері, туған –туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата-мекені.
Сергіту сәті.
IV. Окулықпен жұмыс
1.Өленді мәнерлеп оқып ,талдау, мазмұнын ашу.
- Өлең не жайында?.
- Өлендегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді ата: куаныш, мақтаныш , өкініш, шаттық.
Ақын туған жердің күні, гүлі туралы не дейді?
Алтын дәнді, ақ күмістей қала дегенді қалай түсінесіңдер?
Біздің туған өлкеміз, оның асқар таулары мен айдын қөлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы- біздің ақ бесігіміз.
2.Өз беттерімен дауыстап оқу.
3.Тізбектей, мәнерлеп оқу,
V.Дәптермен жұмыс.
Жұпар-өте жақсы,хош иіс.
Шалқып,тасқан-өркендеген.
Бақыт тапқан-бақытты.
ҮI.Бекіту сұрақтары.
1.Біз қай облыста тұрамыз?
2.Біздің ауданымыз қалай аталады?
3.Біз қай тілде сөйлейміз?
4.Туып өскен жеріміз туралы не айтар едің?
VII.Сабақты қорытындылау.
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта қандай өлеңмен таныс болдыңдар? Туған өлке дегеніміз не?
Туған жерді сүю-парыз.
Сүю үшін білу-парыз.
Қасиетін ұғу-парыз.
Қүзетінде тұру-парыз.
VIII.Үйге тапсырма.Туған өлкем, мәнерлеп оқу. Туған өлкең жайлы өлең құрастыру.
IX.Оқушылардың білімдерін бағалау.
Еңбек – бәрін жеңбек
Айман Толендиновна ТОЛЕГЕТАЕВА
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Қалбатау ауылы, Жарма ауданы, ШҚО
2-сынып
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру
- еңбек етуге, өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;
- еңбексүйгіштікке, өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттер. Сюжетті суреттер, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер.
I.Сәлемдесу
Әдепті де өнерлі,
Еңбексүйгіш баламыз
Жаңа істің шебері
Жасаушысы боламыз
II.Шаттық шеңбері:
Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұpaды сәлемдеседі, ән айтады:
Мен әдепті баламын.
Әнін жазған И. Нүсіпбаев.
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды
Ал егерде жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Қайырмасы:
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын!
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең ,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп кол берем
Ой шақыру.
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау.
III.Сөзжұмбақ шешейік.
1. Қасиетті сан.
2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз.
3. Біз өткен тақырып « ............... мен сауап»
4. Үлкенге - ...................., кішіге – ізет.
5. Аптаның соңғы күні.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек бәрін жеңбек». Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсьщдар?
Балалардың жауаптары.
- Дұрыс айтасындар! Ауа, су, тағам. Ауа, су - табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні - нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі де еңбекпен келеді. Өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жан Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі.
IV.Тапсырма
Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау үшін балаларға тапсырма береді.
V.Оқулықпен жұмыс
Мұғалім еңбектің маңызын түсіндіру үшін оқулықта берілген
Б. Әділовтің «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.
• Мысал әңгімедегі қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
• Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
• «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз. «Еңбек-қуаныш, жалқаулық айырылмас азап»
VІ. Сергіту сәті.
VІІ.Сахналау
Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Ө.Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» атты өлеңін рөлдік орындаулар арқылы үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) оқиды. Осыдан кейін оқушылар «Нан дастарқанға қалай келеді?» деген сұрақ аясында сөйлейді.
VIIІ. «Жалғасын тап» ойыны.
1.Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың ....тәтті.
2.Еңбек етсең ерінбей,.... қарның тіленбей.
3. Еңбек ер ....
4. Еңбек- ... сәні
5. Жұмыла көтерген ... жеңіл.
IХ. Қорытындылау
Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кезде келді. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз.
X. Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір- біріне жүрек жарды тілектерін айтады.
Бәрі бірге «Болайықшы осындай» өлеңін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |