Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тақырыбын бекіту, қайталату.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену, шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге үйрету, «Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің
құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: қайталау, бекіту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма беру,интерактивті тақтамен жұмыс,шығармашылық тапсырмалар ,сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интернеттен алынған материалдар, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, видеофильм, газет-журналдар, буклеттер, кітаптар, плакаттар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Кіріспе кезеңі.
Оқушылар біз сендермен өткен сабақта Қазақстан ҰОС жылдарында өткен болатынбыз. Бүгінгі сабағымыз сол тақырыпты бекіту сабағы болып табылады. Бекіту сабағымыз сайыс түрінде өтілетінін болады. Сайысымызды бастамас бұрын ҰОС-ң басталуы мен сипаты жайында Абдиров Дидарбек қысқаша баяндап береді.
Оқушы : Адамзат тарихында екі дүниежүзілік соғыс болды.
1. 1914 - 1918жылдары 38 мемлекет қатысты
2. 1939 - 1945жылдар 61 мемлекет қатысты.
Екі соғысқа ортақ белгі: халыққа қасірет әкелді, көп шығын болды, басқыншылық сипатта болды. 1939жылы қыркүйекте КСРО мен Германия арасында бір - біріне шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойылды. 1940жылы Германия «Барбаросса» жоспарын дайындады.
Мақсаты: КСРО - ға соғыс ашу. Кеңес елін құлату, халқын құлдыққа салу, дүниежүзіне үстемдік орнату.
Соғыс жайында өлен оқылады
Олай болса сайысымызды бастайық.
Енді сайысқа қатысатын топтармен танысып қояйық….
I. БӘЙГЕ. Үш топқа мынадай мазмұнда сұрақтар (әрбір дұрыс жауапқа 5 балл) қойылады: 1-топқа.
Соғыстың басталуы. 2-топқа. Соғыстың өту кезеңдері. 3-топқа. Жеңіске жетелеген жағдайлар.
Бәйге сұрақтары.
1-топ:
1. Қай жылы Гитлер КСРО-ны басып алу үшін “Барбаросса” жоспарын бекітті? 1940 жылы 18 желтоқсан
2. Қауырт соғыс идеясы бойынша соғыс қай жылы аяқталуы тиіс еді? 1941 ж күзінде
3. Қай жылы фашистік Германия КСРО аумағына басып кірді? 1941 ж 22 маусым
4. Германия тарапынан соғыстың сипаты: Агрессиялық, әділетсіз
5. “Үлкен Түркістан” отарының құрамына қай елдер кіргізілді? Қазақстан,Татарстан,Башқұртстан,Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан.
6. Республикада қанша адам әскери даярлықтан өтті? 2 млн-нан астам
2-топ:
1. 316-атқыштар дивизиясының командирі кім болды? Генерал М.В.Панфилов
2. Еңбек армиясына Қазақ КСР-нен қанша адам шақырылды? 700 мыңнан астам
3. Днепр үшін шайқастағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас Жәнібек Елеусізов нешеде еді? /18 жаста/
4. «Россия кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Москва» деген кім? (Клачков)
5. Ленинград блокадасы қанша күнге созылды? (900)
6. Қазақтың ұшқыш қызы (Хиуаз Доспанова)
3-топ:
1. Қазақстанға көшірілген өнеркәсіп орындары қай қалаларға орналастырылды? Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал.
2.1941-1945 ж. барлығы қанша завод, фабрика, шахта салынды? 460
3. Екі мәрте Кеңес Одағы Батыры атанған Сергей Данилович Луганский жеке өзі жаудың қанша ұшағын атып түсірді? /37
4.Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен атақты жұмысшыларды ата: Ы.Жақаев, Ш.Берсиев, Сомжүрекова, Ким Ман Сам, Оңғарбаева, Дацкова
5. 1942 ж. Қазақстан Одақта өндірілген қорғасын, көмір, молибден, октанды мұнайдың қанша
мөлшерін берді? Қорғасын -85%, көмір -18% , молибден-60% , октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
6. Бауыржан Момышұлы қай жылдары өмір сүрген? (1910-1982 жж.)
II. Ол кім ойыны. (портреттермен, қанатты сөздермен жұмыс)
ҰОС қатысқан батырлардың портреттері немесе есімдері аталады. Оқушылар оны кім екенің, соғыста қандай шайқастарға қатысып, қандай ерлік жасағандарын толық сипаттау керек
Б. Момышұлы портреті (слайд)
Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге келген. 1930-1956 жылда әскер сапында болған. Ал соңғы кезде Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының командирі болды. Москва үшін шайқасты, 207 рет ұрысқа кірді. Б.Момышұлының қанатты сөздері өте көп. Сонымен қатар Мәскеудегі әскери академиясын тұңғыш бітірген қазақ
Әлия Молдағұлова портреті (слайд)
Кеңес Одағының Батыры, мерген, снайпер, ефрейтор, Мәскеудегі шайқаста қатысқан, жаудың 78 әскерін жойды
Хиуаз Доспанова портерті (слайд)
Алғашқы қазақтың ұшқыш қызы, 300 рет жауынгерлік сапарға шыққан
Нүркен Әбдіров портреті
(слайд)
Ол өртке оранған өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатқан. Кеңес Одағының Батыры, Қарағандылық.
Иван Кожедуб портреті
Шымкенттегі әскери авиация әуе училищесінің түлегі, ұшқыш, 3 мәрте Кеңес Одағының батыры атағына ие болған, 1920-1991 жылдар аралығында өмір сүрген, жалғыз өзі жаудың 64 ұшағын атып құлатқан.
Сергей Данилович Луганский портреті
2 мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған, Алматы жастары 1943 жылы желтоқсанда өз ақшаларына жаңа ұшақ жасатып табыс еткен. Соғыста әуе шайқасында жаудың 37 самолетін жойған.
Алғадай
Қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Жамбыл Жабаевтың ұлы, Синельников қаласының түбінде шайқасқан батыр.
Әбу Досмұхаметов
Қолына гранат алып, танк астына түскен, ерлік жасаған қазақ жігіті, Кеңес Одағының батыры.
Сұлтан Баймағанбетов
Ленинград түбінде шайқасқан, жау дзотын өз кеудесімен жауып, жанын пида еткен, А. Матросовтың ерлігін қайталаған батыр. «Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуіңізді өтінемін»
деген Кім? (Мәншүк Мәметова)
II-дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылы капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған
аты аңызға айналған ұшқыш. Ол кім? (Янко Михаил Егорович) (өртке оранған өз ұшағын жауға бағыттаған)
III. Сандар сөйлейді:
61, 1мил870мың, 497, 316, 97, 4, 22, 1945, 70, 1418, 28
IVСәйкестендіру тестісі
2 мәрте Кенес Одағының Батыры атағын алғандар В.Фурсов, Қ. Тұрдиев Алия Молдағұлованың туған жері Орал облысы орда қалашығы Атырау облысы соғыс жағдайында 2004жыл Брест қамалы қорғаушыларының қатарында болған Талғат Бигельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Хиуаз Доспановаға «Халық қаһарманы» атағы берілді 1942жыл Мәншүк Мәметова туған жері Ақтобе облысы Қобда ауданы Қазақстандық батырлар саны 400мыңға жуық Соғыста қайтыс болған қазақтардың саны 497
V. Құпиялы ұяшықтар. Бұл кезеңде оқушылар әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап берулері керек. 3 ұяшық жасырылынады. Әр-бір ұяшықтың астында сұрақ болады. Берілген сұраққа неғұрлым мазмұнды,мағыналы,толық жауап болса, ұпайлары көп болады.
1 ұяшық - “Барбаросса” жоспары (қауырт соғыс) 1940ж. 18/ XII
Қауырт соғыс идеясы бойынша соғыс 2-3 айдың ішінде аяқталуы тиіс еді
«Солтүстік» → Барлық теңіздегі порттарды басып алып, Шығыс Пруссиядан Даугавпилс, Псков, Ленинград бағытында.
«Орталық» → Смоленск арқылы Москваға.
«Оңтүстік» → Батыс Украина мен Днепрден Киевті басып алуға.
2 ұяшық - Қазақстандықтар
500-дей Кеңес одағының батыры, 97-і қазақ
Мәскеу үшін шайқасты 316-(Панфилов атындағы 8-гвард. див.) 1941ж. 30/IX 312-атқыштар дивизиясы
Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдулин, Р. Амангелдиев
Ленинград үшін шайқаста 310 және 314 дивизиялар С. Баймағамбетов, Әлия және Мәншүк
Сталинград үшін шайқаста 29 және 38 дивизиялар 1942ж. 17/VII 1943ж. 02/ II Н. Әбдіров, Қ. Сыпатаев, Берлин операциясында Рейхстагта ту тіккен - Р. Қошқарбаев
3 ұяшық - Б. Момышұлы
Бауыржан Момышұлы 316 атқыштар дивиязиясының командирі, ол 1910-1982 жж. өмір сүрген. 1990 жылы 11/XII Б.
Момышұлы Кеңес одағының батыры атағына ие болды. «Отан үшін отқа түс – күймейсін, Опасызда отан жоқ» деген қанатты сөздері бар.
VI. Картамен жұмыс
Ал енді картадан қай қалаларда ірі-ірі шайқастар болды. Кім көрсетеді?
(Cмоленск, Ленинград, Талин, Тирасполь, Днепропетровск, Одесса, Донбасс, Москва, Крым, Севастополь, Курск, Харьков, Воронеж, Сталинград, Ростов, Демянск, Днепр, Брянск, Псков, Львов, Киев, Минск, т.б.)
VІI. Ой қозғау.
Соғыстың басталуы мен барысы жайлы бейнетаспа көрсетіледі.
Мұғалім: Ұлы Отан соғысы тарихында зерттелмеген ақтаңдақтар беті жеткілікті. Соның бірі Қазақстанда соғыс жағдайында деп жарияланған жалғыз облыс Гурьев(Атырау) болғаны. Өлке тарихын зертеуші, тарих ғылымдарының
докторы Х. Б. Табылдиев ҚР Президенті архивінен бұны дәлелдейтін құжаттарды тауып, баспасөзге жариялады.
1942жылы тамызда жау Сталинград түбіне жеткенде кеңес басшысы И. В. Сталиннің бұйрығымен Атырау өңірі соғыс жағдайында деп жарияланады. Гитлер Сталинградты алумен бірге мұнайға бай өлке Атырауды алуды көздеді. Еділ мен Жайық аралығын «Еділ - Жайық»мемлекетін құрмақшы болды. 1942жылы 1қыркүйектегі бұйрыққа сәйкес 5 адамнан құрылған Гурьев Қорғаныс Комитеті құрылып, оның төрағасы Мырзахмет Бекжанов тағайындалды. Сонымен қатар, Ақмола облысынан шыққан батырымыз Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайында да осы күнге дейін жасырылып келген.
Ақмола облысынан шыққан Рақымжан Қошқарбаев жайында бейнетаспа көрсетіледі.
Оқушылар назарын экранға аудару. Көрген фильмнен алған әсерлері.
Өлкемізден аттанған майдангерлерден кімдерді атай аласыңдар?
Балалар өз жауаптарын айтады
(Тупицин Данил Николаевич, Давлятшин Шайсултан Фахрисламович, Мингалев Владимир Васильевич, Куница Алексей Сергеевич, Морозов Петр иванович, Меньшиков Петр Михайлович, Яглинский Михаил Васильевич, Сыщенко Николай Николаевич, Данчев федор Тихонович, Курганов, блокадшы Севрюкова; тыл
еңбеккерлері: Вострикова, Бельских, Макарова, Мосина, Хлыстунова, Капканец, Шубенко)
VIII Шығармашылық кезең: “Жеңіс оңайлықпен келген жоқ” тақырыбына коллаж жасау.
IX. Қорытынды
1945 жылы 9 мамырда Кеңес халқы салтанатпен жеңіс күнін мейрамдады. Осы ұлы мерекені біздің еліміздің халқы жыл сайын атап өтеді.
Биыл жеңіске 70 жыл.
Ұлы Отан соғысының сабақтары:
1. Соғысқұмар мемлекеттерге бірігіп қарсы тұру керектігін көрсетті.
2. Соғыстың адамзатты апатқа ұшырататынын,оған жол бермеу керектігін көрсетті.ҰОС
жылдарында Кеңес Одағы адамдарын жеңіске итермелеген жағдай біріншіден Отанға
деген патриоттық сезім екіншіден қатал тіртіптің арқасында.
Тағы бір айта кететін жайт ҰОС жылдары Қазақстанға көшіп келген,қоныс аударылған басқа ұлт өкілдерімен қазақ халқының арасында бауырмалдық, түсіністік,сыйластық, достық, туысқандық қарым-қатынастар орнады. Басқа ұлт өкілдеріне құшағын жайып, өздеріне жақын тартып, бір үзім нанын бөлісіп жеген бауырмалдық қасиеттерінің
арқасында Қазақстан халқы Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.
X. Үйге тапсырма: Еркін жазу әдісі бойынша кесте толтыру: Бүгінгі сабақта нені білдім? Нені білгім келеді?
XI. Бағалау. Сайыстың қорытындысын шығарып, сол арқылы бағалау жүргізіледі
Достарыңызбен бөлісу: |