Сыныбы: 9 cынып
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тақырыбын бекіту, қайталату.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену, шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге үйрету, «Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: қайталау, бекіту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма беру,интерактивті тақтамен жұмыс,шығармашылық тапсырмалар ,сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интернеттен алынған материалдар, интерактивті тақтада көрсетілген слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Кіріспе кезеңі. Оқушылар біз сендермен өткен сабақта Қазақстан ҰОС жылдарында атты тақырыпты өткен болатынбыз. Бүгінгі сабағымыз сол тақырыпты бекіту сабағы болып табылады. Бекіту сабағымыз сайыс түрінде өтілетінін айтқан болатынмын. Енді сайысқа қатысатын топтармен танысып қояйық…. Олай болса сайысымызды бастаймыз. 1-кезең Бәйге.
ІІ. Бәйге. Үш топқа мынадай мазмұнда сұрақтар (әрбір дұрыс жауапқа 5 балл) қойылады:
1-топқа. Соғыстың басталуы.
2-топқа. Соғыстың өту кезеңдері.
3-топқа. Жеңіске жетелеген жағдайлар.
Бәйге сұрақтары.
1-топ:
1. Қай жылы Гитлер КСРО-ны басып алу үшін “Барбаросса” жоспарын бекітті?
1940 жылы 18 желтоқсан
2. Қауырт соғыс идеясы бойынша соғыс қай жылы аяқталуы тиіс еді?
1941 ж күзінде
3. Қай жылы фашистік Германия КСРО аумағына басып кірді?
1941 ж 22 маусым
4. Германия тарапынан соғыстың сипаты:
Агрессиялық, әділетсіз
5. “Үлкен Түркістан” отарының құрамына қай елдер кіргізілді?
Қазақстан,Татарстан,Башқұртстан,Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан.
2-топ:
1. Республикада қанша адам әскери даярлықтан өтті?
2 млн-нан астам
2. 316-атқыштар дивизиясының командирі кім болды?
Генерал М.В.Панфилов
3. Еңбек армиясына Қазақ КСР-нен қанша адам шақырылды?
700 мыңнан астам
4. Соғыс жылдары қанша әскери оқу орны , қанша офицер даярлап шығарды?
27 әскери оқу орны, 16 мың офицер
5.Соғыс жүріп жатқан жерлерден қанша завод, фабрика,кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді?
220
3-топ:
1. Қазақстанға көшірілген өнеркәсіп орындары қай қалаларға орналастырылды?
Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал.
2.1941-1945 ж. барлығы қанша завод, фабрика, шахта салынды?
460
3.1942 ж. егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда қанша гектарға көбейді?
842 мың гектарға
4.Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен атақты жұмысшыларды ата:
Ы.Жақаев, Ш.Берсиев, Сомжүрекова, Ким Ман Сам, Оңғарбаева, Дацкова
5.1942 ж. Қазақстан Одақта өндірілген қорғасын, көмір, молибден, октанды мұнайдың қанша мөлшерін берді?
Қорғасын -85%, көмір -18% , молибден-60% , октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
ІІІ. Құпиялы ұяшықтар. Бұл кезеңде оқушылар әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап берулері керек. Неғұрлым мазмұнды,мағыналы,толық жауап болса , ұпайлары көп болады.
IV . Шығармашылық кезең ( деңгейлік тапсырмалар) беріледі.
Жоғарғы деңгейге: “Жеңіс оңайлықпен келген жоқ” тақырыбына эссе жаздыру.
Орта деңдейдегілерге: Сандық көрсеткіштер кестесін толтыру тапсырылады.
Төменгі деңгейге: Кеңес Одағының батырлары туралы баяндау.
V . Оқушы шығармашылығын шыңдау. Әр топтан бір оқушы шығып өздерінің Павлодар облысынан соғысқа қатысқан ардагерлер туралы дайындап әкелген мәліметтерімен таныстырады.
VI. Бекіту кезеңі. А.Тәуелсіздік шыңы пирамидасында берілген сұрақтарға жауап берулері керек. Сұрақтар барлық топтарға ортақ қойылады.
Ақмарал Тәуелсіздікке арнаған өлеңін оқиды.
VII. Қорытынды.
Ұлы Отан соғысының сабақтары:
1.Соғысқұмар мемлекеттерге бірігіп қарсы тұру керектігін көрсетті.
2.Соғыстың адамзатты апатқа ұшырататынын,оған жол бермеу керектігін көрсетті.
ҰОС жылдарында Кеңес Одағы адамдарын жеңіске итермелеген жағдай біріншіден Отанға деген патриоттық сезім екіншіден қатал тіртіптің арқасында.
Тағы бір айта кететін жайт ҰОС жылдары Қазақстанға көшіп келген,қоныс аударылған басқа ұлт өкілдерімен қазақ халқының арасында бауырмалдық, түсіністік,сыйластық, достық, туысқандық қарым-қатынастар орнады. Басқа ұлт өкілдеріне құшағын жайып, өздеріне жақын тартып,бір үзім нанын бөлісіп жеген бауырмалдық қасиеттерінің арқасында Қазақстан халқы Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.
VIII. Үйге тапсырма: Еркін жазу әдісі бойынша кесте толтыру:
Бүгінгі сабақта нені білдім?
|
Нені білгім келеді?
|
|
|
IХ. Бағалау. Сайыстың қорытындысын шығарып, сол арқылы бағалау жүргізіледі.
Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова
|
|
Дүниеге келгені:
|
1924 ж. 15 маусым
Бұлақ ауылы, Қобда ауданы, Ақтөбе облысы
|
Қайтыс болғаны:
|
1944 ж. 14 қаңтар
Казачиха деревнясы, Новосокольники ауданы, Псков облысы
|
Мансабы:
|
мерген
|
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.
Әлия Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.
Әлия атындағы ескерткіштер
1.Новосокольники қаласы (авторы М.Айнеков)
2.Ақтөбе (Л.Рапутов, Е.Штамм)
3.Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б.Әбішев)
4.Әліпбайсай ауылы (Б.Әбішев)
5.Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен
6.Мәскеуде ескерткіш (Б.Әбішев)
7.Мемориалдық музейдегі бюсті (О.Шанов).
Достарыңызбен бөлісу: |