Сабақтың тақырыбы: §18 Дененің салмағы. Салмақсыздық Сабақтың мақсаты: Білімділік: Салмақ, салмақ бірлігі, формуласы және оның өзгеру себептері туралы білім беру; Дамытушылық: салмақтың адам өміріндегі маңыздылығы көрсету арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету, жеке тұлғалық қабілетін дамыту; Тәрбиелік: білімін жинақтап жеткізе білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыр, сенімділікке тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: баяндау, көрсетілім, сызбалармен жұмыс, есептер шығару, деңгейлік тапсырмалар орындау Көрнекіліктері: слайдтар, плакаттар, карточкалар, динамометр Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру А)Есепті әр қатар бойынша шығарылуын тексеру Б) серпімділік күші мен деформацияның тұрмыс пен техникада қолданылуы презентация ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау Тірек сызбаны толтыру арқылы алған білімдерін жинақтау А) серпімділік күші Б) деформация ІV. Жаңа материалды ашу Гагариннің сөзі: «Ұшу кезінде мені орындыққа жаншып, қол – аяғымды қозғалтуға мүмкіндік бермейтін үлкен күштің пайда болғанын сездім» Сонда Гагаринге әсер еткен қандай күш екен. Әрине орындыққа әсер адамның әсер ететін күшті біз білеміз. Ол – салмақ 7 сыныптағы салмақтың анықтамасын еске түсірелік. Дененің тіреуге немесе аспаға әсер ететін күші салмақ деп аталады. Салмаққа қарсы күші тіреудің немесе аспаның реакция күші. Салмақ пен массаның айырмашылығы неде? Жауабы: салмақ бұл күш, ал масса табиғатта бар барлық денеге тән инерттілік және гравитациялық қасиетін сипаттайтын шама. Ал ауырлық күші мен салмақтың арасындағы айырмашылық неде? Жауабы: ауырлық күші Жердің денені өзіне тартылуы салдарынан болатын күш. Ал салмақ бұл дененің басқа бір денеге әсерін көрсететін күш. Ал енді мен қазір сендерге тәжірибе көрсетейін, ал сендер динамометрдің көрсетуін бақылап отырыңдар. Алғашқыда динамометр көрсетуі тұрақты, ал екінші жағдайда еркін құрағанда көрсетуі азаяды, ал жоғары үдей қозғалғанда көрсетуі артады. Мұның себебі не деп ойлайсыңдар. Жауабы: үдеуде. Яғни дене үдеумен жоғары немесе төмен қозғалғанда оның салмағы өзгереді екен. (слайд бойынша түсіндіру)
V. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары А) ауызша есептеулер жүргізу (әр қатар бойынша) 1 Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы қандай? 60Н 2 Массасы 50 кг адамның Жерге түсіретін салмағы қандай? 500Н 3 Массасы 40 кг бала 5кг сөмкені өзімен көтеріп ұстап тұр. Баланың салмағы қандай? 450Н Б) Тақта орындату 1 Лифтінің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеуі а=0,2м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай? 510Н 2 Массасы 500г допты тік жоғары 0,6 м/с2 үдеумен лақтырсақ онда доптың салмағы неге тең? 5,3Н 3 Дене 1,5м/с2 үдеумен төмен қарай түскенде салмағы неге тең? Дене массасы 40 кг 340Н VI. Қорытындылау. А)Кестеге мәліметтер жинақтау шарты Формуласы Нәтижесі Қозғалыс атауы а=0 P=mg Салмағы өзгермейді Бірқалыпты немесе тыныштықта а үдеумен төмен қозғалғанда P=m(g-а) Салмағы нольге тең болады Салмақсыздық а үдеумен жоғары қозғалғанда P=m(g+а) Салмағы артып кетеді. Асқын салмақ Әр оқушының ойын тыңдау: Тақырыптың негізгі түйіні – дене салмағын өзгертуге болады. VII. Бағалау VIIІ. Үйге тапсырма: §18. Дененің салмағы. Салмақсыздық 15-жаттығу