Сабақтың мақсаты: Білімділік: тұз қышқылының алынуы, физикалық, химиялық қасиеттері, тұздарының қолданылуы туралы білім беру



Дата25.08.2017
өлшемі44,15 Kb.
#26212
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Тұз қышқылы және оның тұздары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тұз қышқылының алынуы, физикалық, химиялық қасиеттері, тұздарының қолданылуы туралы білім беру;

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, танымдық көкжиегін кеңейту, шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы өз бетінше қорытынды жасау біліктерін дамыту;

Тәрбиелік; ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыс,тест

Көрнекілігі:үлестірмелі материалдары, постер,маркер, интербелсенді тақта,

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: I.Үй тапсырмасын тексеру- «Жедел жауап»:сұрақтарға жауап беру-

1. Газ заңын ашқан ғалым?

2.VII-топ элементтері қалай аталады?

3. Хлордың агрегаттық күйі қандай?

4. Оксидтер дегеніміз қандай заттар?

5. Электртерістілігі жоғары элемент?

6.Тұздар дегеніміз не?

7.Топ нешеге бөлінеді?

8. Галогендердің тотығу дәрежесі

9.Заттардың оттегімен әрекеттесуі қалай аталады?

10. Бір килограмм отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері қалай аталады?

II. Мағынаны тану кезеңі: «Іздесең табасың, талаптансаң-жетесің, зейін салсаң-ұғасың» топтық жұмыс. Оқушылар оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды.

I-топ. Тұз қышқылы мен хлорсутектің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру - Венн диаграммасы арқылы.

II-топ. Тұз қышқылының жалпы қасиеттері, алынуы мен оның тұздарының қолданылуы.

III-топ. Ас тұзы, оның кен орны, биологиялық маңызы.

Әр топ мүшелері постерлерін қорғайды, топ мүшелерінің жауаптары тыңдалады, толықтырылады.

Күндікті тұрмыста пайдаланып жүрген ас тұзына кеңірек тоталамыз- ас тұзының табиғи ерекшелігі-өздігінен пісіру. Түсі-ақ, сұр, қоңыр, қызыл. Жақсы піскен тұздың құрамы 98% сапалы.Арал маңындағы тұз қоры-39 млн.т, Қазақстандағы тұз өндірісінің- 70%. Ас тұзын алғаш рет зерттеген орыстың көпесі И.Астахов пен О.Мыңбаев. Ірі кәсіпорны- 1913 жылы құрылған «Сольтрест», және 1933жылы «Аралсульфат». Адам ағзасына ас тұзының тәуліктік қажеттілігі- 15г,қан плазмасында-0,9%. Адам 1 апта тұзсыз тағамды пайдаланса, ауруға ұшырайды. Қарын бүрлерінің қышқылдығы азайғанда тұз қышқылы қолданылады. Адам ағзасына иодталған тұз пайдалы ол қалқанша безінің жұмысын жақсартады, жетіспегенде бақшаңкөз, микседема ауруына ұшырайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту:1.«Үндемес ойыны» сәйкестендіру тесті



Заттың атауы



Заттың формуласы

1

Ac coдасы

1

NaCl

2

Тұз қышқылы

2

H2SO4

3

Күкірт қышқылы

3

HCl

4

Натрий хлориді

4

KMnO4

5

Бертолле тұзы

5

NaHCO3

6

Калий перманганаты

6

KClO3

2. Қайсысы дұрыс:

1. Тұз қышқылындағы хлордың тотығу дәрежесі қандай?

А) -1; б) -2; с) -3; д) 0;

2. Тұрмыста қолданылатын тұз қышқылының формуласы қандай?

А) BaCl2; б) NaCl; с)FeCl3; д) HCl.

3. Тұз қышқылында лакмустың түсі қандай?

А) көгереді; б) қызарады; с) түссізденеді; д) қызғылттанады.

4. Қан плазмасындағы тұздың мөлшері қандай?

А) 0,1%; Б) 0,9% С) 0,5% д) 0,8%

5. Cl2 молекуласының салыстырмалы молекулалық массасы қанша?

А)70: б) 71; с) 72; д)74.

6. Тұз қышқылы мен оның тұздарына реактив болатын зат:

А) KNO3; б) AgNO3; с) NaNO3; д) Ca(NO3)2

VОй қозғау –үлестірмелі материалдармен жұмыс (екеуара жұмыс)

1.Тұз қышқылымен әрекеттесетін заттар болса, торкөзге «+» таңбасын қойыңыздар;

Ag Al CuO

HCl Cu(OH) N2O5

MnO2 H2SO4 AgNO3

2.Эстафеталық есептер-топтық жұмыс

1-топ. 15г ас тұзы 250г суда ертілді. Ертіндідегі тұздың массалық үлесі қандай?

2-топ. Массасы 58,5г ас тұзы күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген хлорсутектің көлемін есептеңіздер?

VI.Бағалау. Топ басшысы бағалау парағы бойынша топ мүшелерін бағалайды.



Рефлекция: Не қиын болды? Не ұнады? Нені өзгертер едің?

Үйге тапсырма: Тұз қышқылы мен оның тұздарына есептер құрастыру. §52. 4-жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет