Сабақтың мақсаты: дене гигиенасы,терінің әртүрлі аууларымен таныса отырып,олардың пайда болуы мен алдын алу туралы мағлұмат алу



бет1/2
Дата19.05.2017
өлшемі244,38 Kb.
#16383
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Тері аурулары

Сабақтың мақсаты: дене гигиенасы,терінің әртүрлі аууларымен таныса отырып,олардың пайда болуы мен алдын алу туралы мағлұмат алу.

Білімділігі: Оқушыларды терінің   негізгі қызметтерімен таныстыру.

Дамытушылығы:  терінің қызметі туралы жалпы биологиялық түсініктерін дамыту,кітаппен жұмыс істеуге үйрету.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілгі: өз денсаулығына дұрыс қарауға және жеке-бас гигиенасы ережелерін сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың типі:   Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:  ізденіс сабақ

Сабақтың жаңа технологиялық әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентациялар

Пәнаралық байланыс: медицина, қазақ тілі.

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Білімді өзектеу.

-   Қараңдаршы балалар! Мына мектеп формасымен қандай әдемісіңдер?

- Бірақ өте өкінішті, себебі осы үстеріңе киіп отырған киімдерің жыртылады, жаңбыр тисе су болады тозады, жылдан кейін қысқарып қалады.

- Шіркін, су болмайтын, жыртылмайтын, тар болып қалмайтын киім болса гой!

-  Бірақ бізде ондай киім бар емес пе? Мен не жайында айтып тұрмын?

- Тері – біздің табиғи киіміміз және қорғанышымыз.

Ағаш, жемістер – сыртқы қабығымен, ал жануарлар терісі мен жүні арқылы қорғанады.

-         Олай болса оқушылар, алдыңғы сабағымызда біз «Терінің құрылысы мен қызметі» тақырыбын оқыған болатынбыз.Енді алған білімімізді өзектейік.

1.Ортадағы қаламсап

Бұл кезеңде оқушыларға сыр сандықтан сұрақтар қойылады. Жауап берген топтарға тәттілер беріледі.



Тест
1. Тері қабаты нешеу?
а) 1 ә) 3 б) 2
2. Тері қызметін атаңдар.
а) Көру ә) Сезу б) Есту
3. Тері пигменті.
а) Лизоцин ә) Меланин б) Хлоратин
4. Тері қандай ұлпадан тұрады?
а) Эпителий ә) Дәнекер б) Жүйке
5. Терінің мүйізді түзілісі.
а) Шаш ә) Тырнақ б) Тері
6. Тері қандай мүше?
а) Дәм сезу ә) Сипап сезу б) Көру
7. Тері ауруының дәрігері.
а) Уролог ә) Дерматолог б) Терапевт
8. Нағыз тері қабаты
а) Эпидермис ә) Дерма б) Май бездері
9. Адам тәулігіне қанша литр тер бөледі?
а) 1 литр ә) 1, 5 литр б) 5 литр
10. Терінің сыртқы қабаты.
а) Май қабаты ә) Эпидермис б) Май бездері

1. Терінің маңызы

2. терінің құрлысы

3. терінің шелді қабаты

4. терінің қызметі

БИОЛОГИЯЛЫҚ ДИКТАНТ

1.Микробтарды, еріген улы зиянды заттарды өткізбей, .... ол қорғаныштық қызмет атқарады.

2. Денеде болатын ерекше заттардан ... түзіледі.

3. адам терісі ... қабаттан тұрады.

4. ортаңғы қабаты.... , ал ішкі қабаты ... деп аталады.

5. Үнемі күш түсетін жерлерде эпидермистің қалыңдығы ... болады.

6. Эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері ..., ...., ....,

7. Терінің қызметтері: ...., ..., ..., .....



III. Жаңа сабақ.  Тері аурулары.

Безеу. Безеу көбінесе 14–16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды. 

Безеудің алдын алу

Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма-кезек жуыну жақсы көмектеседі. Өте ащы, тәтті, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тарту қажет. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну керек.

 Қышыма қотыр

Бұл ауруды қышыма қотыр кенесі (қотыр кенесі) тудырады. Қотыр кенесі нәзік, жұмсақ тері жабынын зақымдап, ішке, арқаға жайылады. Мұндай жұқпалы ауру өздігінен жазылып кетпейді. Міндетті түрде дәрігердің көмегі қажет.

Ұшық, герпес — адам терісі мен шырышты қабықшаларына тұтасқан көпіршіктердің шығуынан болатын вирусты ауру. Инфекция көзі — ауырған немесе вирус таратушы адам. Ұшық көп жағдайда жылдың салқын мезгілдерінде, бұл кезде организмнің ауруға қарсыласу қабілеті нашарлап,гиповитаминоз дамығанда; әр түрлі жұқпалы аурулармен (тұмау,пневмония, безгек) ауырғанда, кейде жаздың ыстық мезгілінде күн көзіне көп қыздырынғанда шығады. Ұшықтың 2 түрі ажыратылады.

Суреттер көрсетіледі де, оқушылар осы суреттерге  қарай отырып, бүгінгі өтетін тақырыптың атауын  шығарады.



Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар тері ауруларының үлкен тобын құрайды. Бұл микроорганизмдер денені, бас, аяқ немесе қолды зақымдайды, бірақ көбінесе аяқтың башпайлары зақымдалуы мүмкін. Уақыт өте келе аяқ басының зақымдалған терісі терең жарылып, процесс тырнаққа өтуі мүмкін. Сонымен қатар саңырауқұлақты инфекция табан сүйелінің дамуына себепші болады. Бұл косметикалық кемшілік қана емес, жұқпалы вирус ауруы болып табылады. 


Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар аллергиялық реакциялардың дамуына себепші болуы немесе аллергиялық ауруларды, мысалы, бронх демікпесін асқындыруы да мүмкін. 
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар адамнан адамға оңай беріледі. Бұл, әсіресе иммунитеті нашар қала тұрғындары үшін өзекті мәселе. Аяқты қысатын аяқкиім кию, қоғамдық моншаға, бассейнге түсу саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін. Жоғары ылғалдылық кезінде саңырауқұлақ теріге бөгетсіз енеді. 
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың алдын алу

    Аяқты бактерияға қарсы сабынмен жуып, жақсылап сүрту; 


    Жазда ашық аяқкиім кию; 
    Синтетикалық материалдан жасалған аяқкиім кимеу; 
    Кроссовкамен ұзақ уақыт жүрмеу; 
    Басқа адамның киімін кимеу.

Тері аурулары және алдын алу шаралары Видео

Тақырыпты тапқаннан кейін топтық жұмыс жасайды.



Тапсырмалар.

Сәйкестендіру тесті



Сұрақ

жауап

Қоздырғышы вирус

Теміреткі 1

Денеде ұсақ түйіндерден басталатын ауру

Тері құрғап жыртылады

14-16 жастағы балаларда байқалатын ауру

Қышыма қотыр

С витамин жетіспеген жағдайда туындайтын ауру

Түнде зәр тоқтамау 3

Адамды мүгедекке дейн апаратын ауру

кариес

К витамин жетіспеген жағдайда туындайтын ауру

Қанның ұюы бәсеңдейді 2

Шыжың деп аталады

Безеу

Кене арқылы жұғатын ауру

Паразит саңырауқұлақ

А витамин жетіспеген

құрқұлақ

Тіс ауруы

Ұшық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет