Сабақтың мақсаты: «Әдебиеттік оқу»



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі22,02 Kb.
#154423
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
«Әдебиеттік оқу»


Тақырыбы: «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу», Болжау» стратегиялары. Сабақтың мақсаты: «Әдебиеттік оқу» пәнінен тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамыту.
Жүргізілу түрі: білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;
Тапсырма:
1.«Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу» стратегиялары.
2.Ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру
Әдістемелік нұсқау: «Фантастикалық қосымша» және «Жарияланбаған тақырып» әдісін қолдан.
Жаңа технология – сапалы оқытудың тиімді тәсілі.
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін ”Модульдік оқыту технологиясы”, ”Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиялары”, ”Тілді оқыту әдістемесі”, ”Сатылай кешенді талдау әдістері”, бағдарламалары негізіндегі ”Дебат” технологияларының ықпалы зор. Бұл технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.
Мысалы: модульдік оқыту технологиясында оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру алдынғы орынға қойылады. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарап даралау, мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды өздеріне таңдату арқылы оқушының өз деңгейін өзі анықтауға – жұмыстың түрін қызықтыра түсуіне әсер ететіні анық. Модульдік жүйеде материалдарды оқып үйрету ”жалпыдан жекеге” қағидасы негізінде жүргізіледі. Бұл технология:
1. Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
2. Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестеу, қабылдау) дамытуға;
3. Оқуға жағымды қызығушылығын қалыптастыруға;
4. Белсенді сөздік қорын ауызша, жазбаша тілін дамытуға;
5. Тұлғаның қиындықтарға даяр болуы, оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ:
1. Қызығушылықты ояту (Ой қозғау, Ой шақыру, Миға шабуыл) стратегиясы
2. Топтастыру (Жинақтау әдісі) стратегиясы
3. Шығармашылық стратегиясы
4. Кубизм стратегиясы
5. Мағынаны тану стратегиясы
6. Ойтолғаныс стратегиясы
7. Әуезбен әсерлеу стратегиясы
8. Көрнекілік стратегиясы
9. Бағытталған оқу стратегиясы
Жоғарыда көрсетілген әр стратегияға тоқталар болсақ, Қызығушылықты ояту (Ой қозғау, Ой шақыру, Миға шабуыл) стратегиясы — сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер, өлең жолдары,т.б. еске түсіру. Не болмаса, сұрақтар мен тапсырмалар дайындату, сөзжұмбақтар шешу.
Топтастыру стратегиясы, мұны кластер, жинақтау әдісі, т.б. атаулармен де атайды, Бұл стратегияны көбіне білімді жинақтау кезеңінде немесе кейіпкер мінезін ашу, екі ұқсас бейнелердің ортақ қаиеттерін анықтауда (Ана, Күн) және де мұғалімнің әдістемелік тәжірибесіне қарай түрлендіріп қолдануға тиімді тәсілдердің бірі десек те болады. Себебі бұл стратегия сонау балабақшадан жоғары сынып оқушыларына дейін қолданылады. Осы топтастыру стратегиясына негізделген Ассоциация атты тәсіл оқушының танымын кеңейтуде үлесі зор.
Шығармашылық стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды.Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету, сөзжұмбақ немесе сұрақ-тапсырмалар құрастыру, тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланып сабақты қызықты етіп өткізуге болады
Кубизм стратегиясы, бұл стратегия шаршы яғни кубтың әр қырына түрлі тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды орындауды міндеттейді. Мұнда кубтың әр қырына Түсіндіріңіз, Суреттеңіз, Зерттеңіз, Талдаңыз, Қолданыңыз, Салыстырыңыз деген сияқты жұмыс атаулары жазылады, ал мұғалім осы тапсырмалардың мән-мазмұнын ашып айтады, әрі жауаптардың қате немесе дұрысын қадағалап отырады. Қосымша түсініктемелер де беріп отыруына да болады.
Мағынаны тану стратегиясы, бұл стратегия сабақты түсіндіруде, мәтінді оқу, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те болады.
Ойтолғаныс стратегиясы, мұны Брейн-стролинг әдісі деп те атайды. Бұл стратегия жұмыс мазмұны жағынан шығармашылық стратегияға ұқсас, айырмашылығы мұнда оқушыдан ішкі жан-дүниесін кеңінен ашуға, сезімін, дүниетанымын, рухани бейнесін, адами асыл қасиеттерін көрсетуге баулиды. Негізгі тапсырмалар көбіне ойтолғау жазу, шығарма жазу, өлең шығару, мақала жазу, ертегі, аңыз, әңгіме құрастырып жазу т.б.
Әуезбен әсерлеу стратегиясы, бұл стратегия баланың музыкалық танымын кеңейтуге зор әсерін тигізеді. Мұнда аудиотаспа, видеотаспа т.б. құралдар арқылы оқушыға өтіп жатқан материал бойынша ән не күй тыңдату, немесе мәнерлеп оқуды жаттықтыру, не болмаса ақындардың өз орындауындағы әндерін ұсыну сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Көрнекілік стратегиясы, өз аты айтып тұрғандай, мұнда түрлі көрнекі құралдарды тақырыпқа сай қолданылады. Олар: кеспе қағаздар, перфокарталар, семантикалық карталар, схемалар, кестелер, түрлі тест мәтіндері, т.б.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс сатысы. Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.
-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;
-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;
-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану;
Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді.Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы,одан алған әсерін,не үйренгенін,нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіруді тапсырдым.Жазуға уақыт бердім.Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топта талқылап,ең жақсы деп танылған шығарманы ортаға шығып оқыды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет