Сабақтың мақсаты: «Әдебиеттік оқу»


Бағытталған оқу стратегиясы



бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі22,02 Kb.
#154423
түріСабақ
1   2
Байланысты:
«Әдебиеттік оқу»

Бағытталған оқу стратегиясы, бұл стратегия арқылы оқушылардың ортасында шығармашылық, ынтымақтастық аурасын туғызу мақсатында оқушылардың өздеріне ереже жасату, әрі ол ережені оқыту барысында ұстану.
Мысалы:
1. Жұмысқа белсенді қатысу.
2. Бір-бірімізді бөлмей тыңдау.
3. Бір-бірімізді мұқатпау.
4. Сөйлеушінің (айтушының) пікірін құрметтеу.
Жалпы қазіргі күнгі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы, Дебат технологиялары, тіл дамыту технологиялары түрлі әдіс-тәсілдермен қатар қолданылып сабақтарды қызықты етіп өткізуге көптеген мүмкіндіктер жасалуда.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың тек қана мұғалімнің ғана емес, оқушы бойында да, қызығушылық тудырары сөзсіз.Себебі, бала жаны жаңашылдыққа құмар келеді.
Шығармашылық тапсырмаларға буклет жасау, альбом жасау, реферат қорғау, тест құрастыру, семантикалық карта дайындау жатады. Оқушы өз таңдауы бойынша жоғарыда аталған тапсырмалардың біріне дайындалып келеді.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында осындай инновациялық технологияларды пайдалану оқыту тиімділігін арттырады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Жақсы мұғалім әр уақытта қат, қымбат, өйткені ол — мектептің жүрегі деп ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі – жақсы мұғалім.
Бүгінгі күннің мұғалімнен маман ретінде талап ететіні — белсенділік, өзіндік сыни көзқарасы бар, педагогикалық ситуациялардың шешімін таба білетін, мәдениетті, рухани жаны таза, дүниетанымы кең, адами асыл қасиеттердің қазынасы, әрі кәсіби білікті маман болу. ”Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім” деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сәйкес білім беру мүмкін емес. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың алғы шарты – оқу-тәрбие жұмысын басқаруды әрі жүйелі жоспарлай білу, сол жоспарды жүзеге асыру.Біздің жалпы білім беретін орта мектеп жұмысында инновациялық процесті жобалау және бағдарлы білім берудегі мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу.
Бағытталған оқу – оқушыларды оқу барысында сұрақтар арқылы түсінуге бағыттайтын стратегия.Оқушылар оқу үрдісін әр мағыналы абзац сайын тоқтатып отырады. Ол үшін:
Мұғалім әңгімені мағыналы бөліктерге бөледі.Содан соң мұғалім түсінуге бағытталған әр үзінді бойынша әр бөлікті оқығанға дейін немесе оқығаннан кейін қойылуы мүмкін сұрақтарды дайындайды.
Соңында қайта қарауға және алынған білімді қолдануға ықпал ететін тапсырма берілу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет