Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


-тақырып. Құстардың шығу тегі мен эволюциясы. Құстардың шығу тегі



Pdf көрінісі
бет67/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

 
12-тақырып. Құстардың шығу тегі мен эволюциясы. Құстардың шығу тегі. 
 
Сабақтың мақсаты: 
құстардың шығу тегі мен дамуын,экологиялық топтарын оқып білу. 
 
1.
Құстардың шығу тегі мен эволюциясы. 
2.
Құстардың экологиясы 
Құстардың шығу тегі мен тарихи даму кезеңдері 
туралы көптеген көзқарастар бар. 
Палеонтологиялық, эмбриологиялық және анатомиялық салыстырмалы зерттеулер құстардың ең 
ежелгі арғы тектері кесірткежамбасты жорғалаушылардан бастау алады. Олардың ішінде мезозой 
заманының триас кезеңінде тіршілік еткен 
псевдозухтардың
бір тармағынан құстар пайда болуы 
мүмкін деген болжаулар жасалынған. Олар алғашында ағаш басында өрмелеп тіршілік еткен, 
кейіннен олар бұтақтан – бұтаққа қалықтап ұшып қонуға бейімделіп, қауырсынның жетіле түсуін 
қамтамасыз еткен. Оның үлкендігі сауысқандай болған.
1990 жылға дейін зоолог ғалымдар құстардың арғы тегі 
археоптерикс
деп келді. Өйткені 
1860 жылы Германия жеріндегі ізбесті жыныстардың арасынан бұдан 145-140 млн. жыл бұрын 
тіршілік еткен археоптерикстің тасқа айналған қауырсынының таңбасы табылған. Кейіннен 
археоптерикстің толық тасқа айналған қаңқа қалдықтары да табылды. Қазіргі кезге дейін 
археоптерикстің 7 палеонтологиялық қалдықтары табылды. "Археоптерикс" деген сөз "ежелгі 
ұшатын құс" дегенді білдіреді. Археоптерикстің құрылысындағы кейбір белгілері 
жорғалаушыларға, ал кей белгілері қазіргі құстарға ұқсас екендігі анықталды. Археоптерикстер өз 
алдына жеке кесірткеқұйрықты құстар класс тармағына топтастырылған. 
Археоптерикстің жорғалаушыларға ұқсас белгілері:
1.
Мүйізді тұмсықтарының болмауы; 
2.
Жақ сүйектерінде тістерінің болуы; 
3.
Омыртқа жотасының құйрық бөлімінде 20-ға жуық жеке омыртқалардың болуы; 
4.
Төс сүйегінің жіңішке болуы және онда төс қырының болмауы; 
5.
Құрсақ қабырғаларының айқын байқалуы; 
6.
Алдыңғы аяқтарындағы үш саусақтың жақсы жетілуі және оларда тырнақтарының болуы; 
7.
Жамбас сүйектерінің омыртқалармен буын арқылы байланысуы т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет