Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


Жерастында тіршілік ететін сүтқоректілер



Pdf көрінісі
бет85/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

2. Жерастында тіршілік ететін сүтқоректілер. 
Олар жер астында ін қазып 
тіршілік етеді. Бұл топқа – көртышкандар, соқыртышкандар, жертесерлер т.б. Олардын алдыңғы 
аяқтары, күрек тістері жақсы дамыған және ін қазуға бейімделген.
 


4.
 
Суда тіршілік ететін сүтқоректілер. 
Бұл топқа жататындардың бір тобы жартылай 
суда тіршілік етсе, екінші тобының тіршілігі тікелей сумен байланысты. Олардың бәрі де
 
екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген. Жартылай суда тіршілік ететіндерге – құндыз, 
ондатра, нутрия, жұпартышқан т.б. жатады.
 
Тікелей суда тіршілік ететін сүтқоректілерге – ескекаяқтылар (түлендер, теңіз мысықтары), 
киттектестер, сирендер, дамандар т.б. жатады. 
4.Ұшуға бейімделген сүтқоректілер. 
Бұл топқа ормандарда тіршілік ететін қалталы ұшар, 
жүнқанаттылар және жарқанаттар жатады. Олардың төссүйегінде қыры болады, жарғақ 
қанаттары бүкіл дене бөліктеріне керіліп ұшуына мүмкіндік береді. 
Сүтқоректілердің түрлі экологиялық орта жағдайларында тіршілік ететіндері әр түрлі 
қорекпен қоректенеді. Кей түрлері тек өсімдіктекті, кей түрлері тек жануартекті қоректермен 
қоректенсе, енді бір тобы өсімдіктермен де, жануарламен де қоректене береді. 
Сүтқоректілердің көбеюінде де өздеріне тән қасиеттер қалыптасқан: а) іштей ұрықтану; ә) 
тірі туу; б) ұрпағына қамқорлық; в) ұрпағын сүтімен асырау т.б. 
Сүтқоректілердің тіршілік әрекеттері жыл маусымдарына сәйкес рет-ретімен ауысып 
отыратын бірнеше кезеңнен тұрады: а) көбеюге дайындалуы; ә) ұрпақ беруі; б) ұрпағын емізу 
кезеңі; в) топ құрып тіршілік етуі; г) жыныстық жетілуі т.б. 
Сүтқоректілердің кейбір түрлері қыстап шығуға ерекше дайындалады, кей түрлер қысқы 
ұйқыға кетеді. Сүтқоректілердің табиғатта және адам өмірінде маңызы өте зор. Олар қоректік 
тізбекті реттеуге қатысады. Сүтқоректі жануарлардың кейбір түрлерін адам ерте кездерден қолға 
үйреткен. Үй жануарларының (сүтқоректілер) өнімдері тағам, киім, дәрі-дәрмек, тыңайтқыш т.б. 
ретінде пайдаланылады. Көптеген сүтқоректілердің кәсіптік мәні зор. Олардың терісін, ұлпанын 
етін және т.б. өнімдерін адам күнделікті өмірде пайдаланады. 
Сүтқоректілердің кейбір сирек кездесетін түрлері қатаң қорғалады. Арнайы қорықтарда, 
қорықшаларда, ұлттық саябақтарда, зоологиялық бақтарда, арнайы тәлімбақтарда қорғалады. 
Кәсіптік мәні бар түрлер жерсіндірілген. Мысалы, ондатра, жанат, құндыз, зубр т.б. Қазақстанның 
Қызыл кітабына (1996) сүт-қоректілердің 40 түрі тіркелген. Елімізде сирек кездесетін сүтқо-
ректілердің түрлері 10 мемлекеттік корықтарда (Ақсу-Жабағылы, Алматы, Наурызым, Қорғалжын, 
Барсакелмес, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл, Қаратау) қатаң қорғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет