бездері қызметін тоқтатады, арқа жүзбе қанаттарының мөлшері ұлғаяды т.б. Көбею
кезінде миногаларда ұя жасауды аталықтары бастап, аналықтары аяқтайды. Салынған
ұяға аталығы мен аналығы бір мезгілде жыныс өнімдерін төгеді. Ірі теңіз миногалары 24 -
170 мың, ал өзен миногалары 1,5 мың уылдырық шашады, оның 1 % ғана дернәсілге
айналады. Уылдырық шашудан кейін миногалар қуыстарға жасыр ынып, өледі
(моноциклді). Ұрықтанғаннан кейін 11-14 күні құмқазғыш деп аталатын дернәсіл
шығады. Олар (3,2 мм) құртқа ұқсас ұқсас болады. Олар 3 -4 күн қуысқа тығылып
бауырдағы қордың есебінен қоректенеді. Ұзындығы 6 мм болғанда грунтқа түседі. 15 -20
күн болғанда құмқазғыштар судың ағысымен ағып, құмға көміліп белсенді түрде детрит
(суқойманың тұбінде не қалқып жүретін ұсақ органикалық бөлшектер) және диатомды
балдырлармен қоректене бастайды. Олардың дернәсілдік стадиясы 4 -5 жылға созылады.
Миноагалар солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың қоңыржай ендіктерінде
тараған, тропикалық суларда кездеспейді. Олар 3 топқа бөлінеді:
Теңіз немесе өткінші миногалар –тіршілігінің көп бөлігін теңізде өткізеді, бірақ
уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Олар: Атлант миногасы, Каспий миногасы, үштісті
минога т.б.
Өзен өткінші миногалары теңіздердің тұщылау жағалау маңы учаскелерін мекендейді,
уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Бұларға: Европа миногасы, Жапон миногасы т.б.
Өтпейтін өзен, көл, бұлақ миногалары. Бұларға Европа мен Азияның тұщы суларын
мекендейтін Европа өзен миногасы, Қиыр-шығыс өзен миногасы, Сібір өзен миногасы
т.б.
Қазақстанда Каспий миногасы каспий теңізі мен Жайық өзенінде мекендейді, Сібір
миногасы Ертіс, Тобыл өзендерінің бассейнінде және Қыр -шығыс миногасы Ертіс
өзенінің су алқаптарында кездеседі. Каспий миногасы Қазақстанның Қызыл кітабына
(1996) тіркелген.
Достарыңызбен бөлісу: