Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет17/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима
Зәр шығару жүйесі.
 
Зәр шығару мүшесінің қызметін дене бүйрегі мезонефрос атқарады. Ол 
қара-күрең түсті, ұзынша келген, дене қуысында хорданың астыңғы жағынан екі жанын бойлай 
орналасқан лентатәрізді жұп мүше. Әрбір бүйректің төменгі шетімен несепағар созылып жатады, 
бүйректің алдыңғы бөлімі жіңішке және бірте-бірте артына қарай кеңейеді. Екі несепағар да зәр-
жыныстық синусқа құйылады, ол зәр-жыныстық емізікше арқылы сыртқа шығарылады.
Жыныс жүйесі.
Барлық дөңгелекауыздылар дара жыныстылар. Жыныс безі -тұқым 
безі және жұмыртқа безі тақ, жыныстық жетілген кезде құрсақ қуысын толықтай алып 
жатады.
 
Жұмыртқа безі тарытәрізді көптеген уылдырықтардан тұрса, ал тұқым безі 
біршама біртекті. Дөңгелекауыздылардың аталықтары мен аналық гонадаларында шығару 
өзектері болмайды. Пісіп жетілген жыныс өнімдері жыныс безінің қабырғалары 
жарылып, дене қуысына түседі, одан зәр-жыныстық синусқа түсіп, зәр-жыныстық 
емізікше арқылы сыртқы ортаға шығарылады. Сырттай ұрықтанады. Миксиндерде 
жыныстық ажырау өте кеш жүреді және толықтай жетілмеген. Гермафр одитизмнің 
белгілері байқалады. Жас жануар безінің артқы бөлімі аталық тұқым, алдыңғысы аналық 
жұмыртқа безі болып табылады. Жыныстық жағынан жетілген кезде бездің не аталық, не 
аналық бөлімі жетіледі, яғни аналығының жұмыртқасының артқы бөлігінде тұқым б езі 
қалдық түрінде сақталса, ал аталықтарының тұқым безінің алдыңғы жағында жұмыртқа 
безі рудимент түрінде қалады. Көптеген миноагалар өткінші түрлерге жатады. Олар 
өмірінің ересек кезеңін теңізде өткізеді, ал уылдырық шашу үшін өзенге шығады. 
Уылдырық шашу кезінде өткінші миногалар қоректенбейді, жинаған май қоры есебінен 
өмір сүреді. Өрістеу алдында Каспий миногасының май қоры 34%, өзен миногасының 
май қоры - 20%, ал уылдырық шашу кезінде қордың 1-2 % қалады. Уылдырық шашу 
кезінде олардың дене құрылысында айтарлықтай өзгерістер болады: ішегі жойылып ол 
жіңшке жіпшеге айналады, өт қапшығы жойылады, тістері тоқалданып, ауыз шұрығының 


бездері қызметін тоқтатады, арқа жүзбе қанаттарының мөлшері ұлғаяды т.б. Көбею 
кезінде миногаларда ұя жасауды аталықтары бастап, аналықтары аяқтайды. Салынған 
ұяға аталығы мен аналығы бір мезгілде жыныс өнімдерін төгеді. Ірі теңіз миногалары 24 -
170 мың, ал өзен миногалары 1,5 мың уылдырық шашады, оның 1 % ғана дернәсілге 
айналады. Уылдырық шашудан кейін миногалар қуыстарға жасыр ынып, өледі 
(моноциклді). Ұрықтанғаннан кейін 11-14 күні құмқазғыш деп аталатын дернәсіл 
шығады. Олар (3,2 мм) құртқа ұқсас ұқсас болады. Олар 3 -4 күн қуысқа тығылып 
бауырдағы қордың есебінен қоректенеді. Ұзындығы 6 мм болғанда грунтқа түседі. 15 -20 
күн болғанда құмқазғыштар судың ағысымен ағып, құмға көміліп белсенді түрде детрит 
(суқойманың тұбінде не қалқып жүретін ұсақ органикалық бөлшектер) және диатомды 
балдырлармен қоректене бастайды. Олардың дернәсілдік стадиясы 4 -5 жылға созылады.
Миноагалар солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың қоңыржай ендіктерінде 
тараған, тропикалық суларда кездеспейді. Олар 3 топқа бөлінеді:

Теңіз немесе өткінші миногалар –тіршілігінің көп бөлігін теңізде өткізеді, бірақ 
уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Олар: Атлант миногасы, Каспий миногасы, үштісті 
минога т.б. 

Өзен өткінші миногалары теңіздердің тұщылау жағалау маңы учаскелерін мекендейді, 
уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Бұларға: Европа миногасы, Жапон миногасы т.б.

Өтпейтін өзен, көл, бұлақ миногалары. Бұларға Европа мен Азияның тұщы суларын 
мекендейтін Европа өзен миногасы, Қиыр-шығыс өзен миногасы, Сібір өзен миногасы 
т.б. 
Қазақстанда Каспий миногасы каспий теңізі мен Жайық өзенінде мекендейді, Сібір 
миногасы Ертіс, Тобыл өзендерінің бассейнінде және Қыр -шығыс миногасы Ертіс 
өзенінің су алқаптарында кездеседі. Каспий миногасы Қазақстанның Қызыл кітабына 
(1996) тіркелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет