Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет25/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима
Қанқасы мен бұлшықеттері. 
Қаңқасы шеміршекті. 
Біліктік қаңқа 
– басқаңқасы мен 
омыртқа жотасынан тұрады. 
Басқаңқасы 
– ми сауыты мен висцеральды бөлімдерден құралған. 
Висцеральды бөлімде – жақ, тіласты және желбезек доғалары бар. Омыртқа жотасы 2 бөлімнен 
(тұлға және құйрық) тұрады. Жеке омыртқаның денесін және доғасын ажыратады. Омыртқаның 
денесінің алды да, арты да ойыс (амфрицельді). Жұп жүзбе-қанаттарынын (көкірек және құрсақ) 
қанқасы
белдеулермен байланысқан: а) иық белдеуі мен көкірек жүзбеқанаттары; ә) жамбас 
белдеуі мен құрсақ жүзбеқанаттары. 
Бұлшықеттері метамерлі (жеке сегменттерден тұрады) орналасқан. 
Асқорыту жүйесі. 
Қозғалмалы жақ аппараты бар ауыз қуысы, жұтқыншақ, қысқа өңеш, 
қарын, аш ішек, тоқ ішек, клоакамен аяқталады. Тоқ ішегі едеуір жуан, әрі онда спиральды 
қатпарлар орналасқан. Ол ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Бауыры үлкен 2 қалақты, өт қабы, 
өт өзегі бар. Өт өзегі аш ішектің алдыңғы бөліміне ашылады. Аш ішектін бұрылысында ұйқы безі 
орналасқан. 
Тынысалу жүйесі. 
Желбезек аппараты 3 элементтен тұрады: а) шеміршекті желбезек 
доғасы; ә) желбезек аралық перде; б) ұсақ желбезек шашақтары. Суда еріген оттекпен тыныс 
алады. Желбезек шашақтары мен капилляр қантамырларының арасында газ алмасу процесі 
жүреді. 
Қанайналым 
жүйесі 
– тұйық. Жүрегі 2 камералы (бір жүрекше, бір қарынша). Жүрегінен тек 
вена қаны ағып өтеді. 
Артерия қантамырлары 
– құрсақ қолқасы, желбезек артериялары, арқа 
қолқа түбірі (жұп), арқа қолқасы және т.б. 
Веналық қантамырлары 
– жұп алдыңғы және жұп артқы кардинальды (яремді) веналар, 
жұп кювье өзегі, ішекасты венасы, бауыр және бүйрек вена қақпалары, бауыр венасы. 
Жүйке жүйесі. 
Орталық жүйке жүйесі – ми мен жұлын. Ми бөлімдері (алдыңғы, аралық, 
ортанғы, сопақша ми және мишық). Жұлын - омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. 
Шеткі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет