Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет26/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

жүйке жүйесі 
– мидан және жұлыннан тарайтын жүйкелерден тұрады. Мидан 10 жұп 
жүйкелер таралады: 
I. Иіс сезу жүйкелері
– алдыңғы мидын иіс сезу бөліктері-нен басталып, танау тесігіне таралады. 
II.Көру жүйкелер
і – аралық мидың түбінен басталып, көздің торлы қабығына таралады. 
III. Көзді қозғаушы жүйкелер
– ортаңғы мидың түбінен басталып, көз алмасының 
бұлшықеттеріне таралады.
 


IV. Шығыр (блоктық)
жүйкелер 
– ортаңғы мидың артқы бөлігінен басталып, көз алмасының 
қиғаш бұлшықеттеріне таралады. 
V. Үштарамды жүйкелер
сопақша мидан басталып, көзге, үстінгі және астынғы жақтарға 
таралады, 
VI.Әкетуші
жүйкелер 
– сопақша мидан басталып, көз алмасының сыртқы тік бұлшықеттеріне 
таралады.
 
VII. Бет
жүйкелері 
– сопақша мидан басталып, ауыз қуысына, жақ және тіласты доғаларына 
таралады.
 
VIII. Есту жүйкелері 
– сопақша мидан басталып, ішкі қүлаққа таралады. 
IX.Тіл 
– 
жұтқыншақ жүйкелері 
– сопақша мидан басталып, тіл мен жұтқыншаққа таралады. 
X.Кезеген
жүйкелер 
– сопақша мидан басталып, барлық ішкі мүшелерге таралады. 
Сезім мүшелері. 
Иіс сезу мүшесі – жұп танау тесігі. Көру мүшесі – жұп көз. Көз алмасының 
қасаң қабығы жазық, көз бұршағы шар пішінді. Есту мүшесі – ішкі құлақтан тұрады. Онда үш 
жарты иірім өзекшелер бар. Бүйір сызығы жақсы дамыған. 
Зәр шығару жүйесі:
жұп бүйрек (мезонефрос), жұп несепағар (вольф өзектері) және клоака. 
Ыдырау өнімдері негізінен қаннан, ал амиак желбезектерінен бөлінеді. 
Жыныс жүйесі: 
дара жынысты, іштей ұрықтанады. Аналықтарында жұп аналық без, жұп 
жұмыртқа жолы клоакаға ашылады. Жұмыртқалары ірі әрі сарыуызға бай. Аналықтарының 
жұмыртқа жолы мен несепағарлары бір-бірімен байланыспайды. Аталықтарында жұп аталық безі, 
жұп тұқым жолы клоакамен аяқталады. Аталықтарының несепағарлары (вольф өзекшелері) 
арқылы зәр заттары және жыныс өнімдері өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет