Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет34/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

өрістегіш (анадромды) балықтар 
(теңізден өзенге көтеріледі). 
Кәсіптік мәні зор, қара уылдырық алынады, еті бағалы әрі дәмді. Каспий Азов, Қара теңіздерде 
таралған. Бекірелердің 17 түрі бар (қортпа, қызыл балық – шоқыр, пілмай, сүйрік, күректұмсықтар 
және т.б.). Бекірелердің денесінде ұзына бойы орналасқан 5 (кейде үш) сүйекті ірі шытыралары 
болады. 
ә) Көпжүзбеқанаттылар
. Олар Африканың тропикалық аймақтарында таралған. 10-нан 
астам түрі бар. Арқа жүзбеқанаттары көптеген ұсақ жүзбеқанатшалардан тұрады. Сушашқыш 
тесігі, торсылдағы бар. Көкірек жүзбеқанаттарынын негізінде бұлшықетті қалақтары жақсы 
дамыған. 
б) Амиетектестер 
отрядының бір ғана түрі (балшық балығы) бар. Ол Миссисипи өзенінде 
таралған. 
в) Сауыттылар 
отрядының 7 түрі Солтүстік және Орталық Американын тұщы суларында 
таралған. 
2. Отряд үсті - нағыз сүйекті балықтар. 
Бұл отряд үстінің 36-дан астам отряды бар: 
майшабақтектестер, албырттектестер, шортантектестер, угортектестер, тұкыттектестер, 
кефалтектестер, 
саргантектестер, 
трескатектестер, 
тікентектестер, 
ала-бұғатектестер, 
камбалатектестер т.б, 
II класс тармағы 
– Қалаққанатты балықтар 2 отряд үстіне бөлінеді: 
1. Отряд үсті 
– 
Қостыныстылар: 
өзендерде тіршілік ететін балықтар. Хорда – ішкі 
қаңқаның қызметін атқарады. Жұп жүзбеқанаттарынын негізінде тіректік терілі қалақтары болады. 
Оның бір ғана отряды – 
мүйізтістілер 
деп аталады. Оған бірөкпелі және қосөкпелі балықтар 
жатады. Бірөкпелілер – Австралия-нын солтүстік-шығысындағы өзендерде таралған. 
Қосөкпелілер-Африканың тропикалық өзендері мен Оңтүстік Американың Аманзонка 
бассейндерінде кездеседі, 
2. отряд үсті - саусаққанаттылар. 
Бұл балықтар ерте кездерде кеңінен таралған. Кейіннен 
көптеген түрлері жойылып кетті. Қазіргі кезде онын бір ғана түрі – 
латимерия 
сақталған. Онын 
жұп жүзбеқанаттарының негізінде бұлшықетті қалақтары жаксы дамыған. Бұл балықтар екі 
бағытта дамыған. Оның бір тармағы мұхиттарда екінші рет тіршілік етуге бейімделген. Ал, 
екінші тармағы құрлықта тіршілік етуге бейімделіп, қосмекенділердің шығуына жол ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет