Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет65/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

15.
 
Жапалақтектестер отряды.
Қауырсындары жүмсақ әрі мамықты, әрі тығыз, үшқанда 
дыбысы білінбейді. Тұмсықтары иіліп келген әрі өткір. Түнде тіршілік етуге бейімделген. 
Балапандары кызылшақа. Көп аймақтарда кеңінен таралған түрлері - ақ жапалак, үкі, құлақты 
жапалак, байғыз т.б. 
16.
 
Ешкіемертектестер (тентекқұстар) отряды. 
Бұл отрядқа дене тұрқы орташа түнде 
тіршілік етіп, жәндіктермен қоректенетін құстар жатады. Аузы үлкен, тұмсығы өте кіші, 
қауырсындары ұзын әрі үшкір. Кеңінен тараған түрі – 
кәдімгі ешкіемер, бақаауыз – 
Оңтүстік 
Азияда, 
гуахаро 
– Оңтүстік Америкада таралған. 
17.
 
Ұзынқанаттектестер отряды. 
Сыртқы түрі қарлығаштарға ұқсас, өте жылдам ұшады. 
Қорегін (жәндіктерді) ұшып жүріп ұстайды. Аяқтары өте қысқа, төрт саусағы да алға қарай 
орналасқан, жерде жүре алмайды. Тұмсығы шағын, аузы үлкен. 360-тай түрі 2 отряд тармағына 
бөлінеді: а) ұзынқанаттар (60 түрі бар) ә) колибрилер (300-дей түрі бар). Ұзынқанаттардың кеңінен 
таралған түрлері – 
кәдімгі ұзынқанат. саланган 
және т.б. 
Колибрилер
– дене тұрқы өте кіші 
(салмағы 1,6 г. 20 граммға дейін) құстар. Жылдам ұшады, әрі қанаттарын өте жылдам қағады. 
Ормандарда, бұталар арасында кездеседі. Көбіне өсімдік гүлдерінің шырындарымен (нектармен) 
қоректенеді. Тұмсықтары ұзын әрі сәл иілген. Олар Оңтүстік және Солтүстік Америкада кең 
таралған. 
18.
 
Көгілдір құстар отряды. 
Бұл отрядқа кейбір анатомиялық белгілері бір-біріне 
(таңдайының, мойынының және т.б. құрылыстарына) ұқсас құстардың 200-дей түрі жатады. 
Көпшілігі тропикалық аймактарда таралған. Бірнеше отряд тармақтарына бөлінеді; а) көгілдір 
құстар; ә) зымырандар; б) боздақтар және т.б. Көгілдір құстардан көбірек тараған түрлері – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет