(тазқарын, қатпаршақ, жұмыршық, ұлтабар) бөлінген. Аш ішектері едеуір ұзын.
Тоқ ішек аналь
тесігіне ашылады;
5.
Тыныс алу жүйесі: өкпесі көптеген ұяшықтардан (альвеолдардан) тұрады. Көмекейі
көптеген
шеміршектен құралған;
6.
Қанайналым жүйесі. Жүрегі 4 камералы, жүрегінде тек сол жақ қолқа доғасы
сақталған;
7.
Жүйке жүйесінде
алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының сыртында иірімдер, сайшалар
көптеп кездеседі. Ми қыртысы жақсы дамыған. Мишығының көлемі үлкен, әрі оның сырты да
тұтас сұр затпен қапталған. Мидан 12 жүп жүйкелер тарайды;
8.
Сезім мүшелері.
Көру анализаторы жақсы дамыған. Көз алмасының торлы қабығында
қолба және таяқша тәрізді жарық сезгіш клеткалар көптеп шоғырланған. Есту анализаторы үш
бөлімнен (ішкі, ортаңғы және сыртқы) құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақ қуысында – төс,
балғашық, үзеңгі сүйектері орналасқан. Сыртқы құлақ-құлақ
қалқаны мен сыртқы дыбыс
жолынан тұрады. Иіс сезу мүшесі жыртқыштарда жақсы дамыған.
9. Зәр шығару жүйесі.
Бүйректе нефрондардың саны өте көп. Зәрдің уақытша сақталатын
мүшесі – қуық пайда болған.
10. Жыныс жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: