Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет80/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

түлендерге – 
сивучтар, теңіз мысықтары жатады. 
Морждар тұқымдасының 
бір ғана түрі (морж) бар. Нағыз 
түлендерге 
– сақиналы нерпа, гренландия түлені, теңіз қояны, 
теңбіл нерпа, байкал және каспий итбалықтары т.б. жатады. 
11-отряд. Киттектестер. 
Бұл отрядқа барлық тіршілік әрекеттері тікелей сумен байланысты 
теңіз сүтқоректілері жатады. Алдыңғы аяқтары қатты ескекке айналған, ал артқы аяқтары 
жойылған. Тері асты май қабаты өте қалың (50 см-дей). Денесінде түктері болмайды. Тер және 
май бездері жойылған. Миы, сезім мүшелері өте жақсы дамыған. Киттектестердің қазір 80-дей 
түрі бар. Олар екі отряд тармағына жіктелген: а) тіссіз (мұртты) киттер; ә) тісті киттер. 
Мұртты 
киттер 
өте ірі жануарлар, планктондармен қоректенеді. Аузында сүзгіш мүйізді мұртшалары 
болады. Тістері жойылған. Кең таралған түрі – гренландия киті, көк кит, финвал, горбач жатады, 
бәрінің де саны аз, қорғауға алынған. Тісті 
киттердің 
тістері біркелкі жеке топтарға жіктелген. 
Басында сыртқы танау тесігі біреу. Кең тараған тұқымдастары – өзен дельфиндері, кашалоттар, 
дельфиндер. 
12-отряд. Сирендер 
– суда тіршілік етеді. Дене тұрқы ірі теңіз жағалауында таралған. 
Мойны айқын байқалады. Қарны бірнеше бөлімнен тұрады. Туыстық жағынан тұяқты 


сүтқоректілерге ұқсас. Топтанып тіршілік етеді. Оларға ламантиндер, дюгондар жатады. Стеллер 
сиыры деген түрі XVIII ғасырдың соңында жойылған. 
13-отряд. Түтіктістілер 
– оған африка түтіктісі деген бір ғана түр жатады. Тұмсығы алға 
созылыңқы. Термиттермен, құмырсқалармен қоректенеді. Тістерінде кіреукесі болмайды әрі 
ұсақ. 
14-отряд. Дамандар 
– сыртқы түрі суырларға ұқсас. Өсімдікқоректі. Аравия түбегінің, 
Африканың таулы жазық орманды алкаптарында таралған 11 түрі белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет