15-тақырып. Сүтқоректілердің шығу тегі және экологиясы.
Сабақтың мақсаты:
цинодонттар, приматтарға сипаттама бер, сүтқоректілердің
экологиялық топтарын оқып білу.
1.
Сүтқоректілердің шығу тегі мен эволюциясы
2.
Сүтқоректілердің экологиясы
Ең алғашқы сүтқоректілердің арғы тегі аңтектес жорғалаушылардан бастама алған.
Палеозой заманының пермь дәуі-рінде аңтісті жануарлар –
териодонттар
тіршілік еткен.
Олардың көп белгілері (тістерінің жақ сүйектеріндегі ұяшықтарда орналасуы, екінші реттік
сүйекті таңдайдың пайда болуы, астыңғы жақ сүйегіндегі тісті сүйектің үлкен болуы және т.б.)
сүтқоректілерге ұқсас. Сүтқоректілерге туыстық жақын жануарлар –
цинодонттар.
Мезозой
заманындағы табиғи жағдайлардың өзгеруінен бұл жануарлар бірте-бірте жойылып кеткен.
Сүтқоректілердің эволюциясында дене температурасының жоғары болуы, жылудың реттелуі, зат
алмасудың карқынды жүруі басты рөл атқарды. Бірте-бірте миының көлемінің артуы, тірі туу
қасиеттері қалыптасты. Мезозойдын соңында ертедегі сүтқоректі аңдар екі тармаққа бөлінді.
Оның бір тармағынан төменгі сатыдағы және қалталы сүтқоректілер пайда болды. Ал, екінші
тармағынан жоғары сатыдағы (ұрықжолдастылар) бөлінді. Қалталылар ертеде Солтүстік және
Оңтүстік Америкада таралып, кейіннен (кайнозойдың бас кезенінде) Европаға, Азияға, Америкаға
кеңінен тарала бастады. Олардың қаңқа қалдықтары сол аймақтардан табылды. Үштік дәуірде
қалталылар Оңтүстік Америкада кеңінен таралды, өйткені сол кезеңде жыртқыш және тұяқты
сүтқоректілер Онтүстік Америкада тіршілік етпеген. Кейіннен қалталыларды басқа сүтқоректілер
басқа құрлықтардан ығыстырып жіберді. Қазіргі кезде қалталылар тек Оңтүстік Америка мен
Австралияда ғана сақталып қалды.
Ұрықжолдасты сүтқоректілер мезозойдың бор дәуірінде пайда болып, кейіннен кең тарала
бастады. Ұрықжолдасты сүтқоректілер бірнеше бағыт бойынша дамыды. Ұрықжолдасты
сүтқоректілердің ертедегі қарапайым тобына
Достарыңызбен бөлісу: