Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет79/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

8-отряд. Кемірушілер. 
Бұған Жер шарында кеңінен таралған әрі түр құрамы мол (2500-ден 
астам түрі бар) сүтқоректілер жатады. Олардың дене тұрқы шағын, ұсақ болып келеді. Сойдақ 
тістері болмайды, күрек тістері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерінде бір жүптан орналасқан, әрі 
күрек тістері өте жақсы дамыған. Ішектері ұзын, соқыр ішегі жақсы дамыған. Кей түрлері 
ауылшаруашылығына зиян келтірсе, кей түрлері қауіпті аурулар (оба т.б.) таратады. Көптеген 
түрлерінің кәсіптік мәні зор. Олар әр түрлі орта жағдайларында (құрлықта, жерастында, 
жартылай суда, ағаш басында) тіршілік етуге бейімделген. Кемірушілердің 35-тей 
тұқымдасы бар. Кең тараған тұқымдастары – тиындар, суырлар, ұшарлар, қарақастар, 
құндыздар, қосаяқтар, жайралар, су шошқалары (капибара), соқырлар, тышқандар, аламандар. 
9-отряд. Жырқыштар. 
Бұған көбіне етпен коректенетін дене мөлшері әр түрлі (үлкен, 
орташа, шағын) күрек тістері нашар дамыған, сойдақ жыртқыш тістері өте жаксы дамыған аңдар 
жатады. Дене салмағы да 
әр түрлі 
кең тараған тұқымдас-тарына қасқырлар, аюлар, жанаттар, 
сусарлар, мысықтар жатады. 
Қасқырлар тұқымдасына 
– қасқыр, түлкі, шибөрі, қарсақ, ақ түлкі, 
қойот т.б. жатады. 
Аюлар тұқымдасына 
– ақ аю, қоңыр аю, гималай аюы, кара аю (барибал), 
үлкен панда т.б. жатады. Жанаттар тұқымдасына – су шашқыш жанат, кіші панда жатады. 
Сусарлар тұқымдасына 
– бұлғын, сусар, норка, аққіс, борсық, аққалақ, күзендер, кәмшат т.б. 
жатады. 
Мысықтар тұқымда-сына 
– арыстан, жолбарыс, ілбіс, ягуар, леопард, қабылан, сілеусін, 
мәлін, сабаншы т.б. жатады. 
Қорқау қасқырлар тұқымда-сына 
– шұбар қорқау қасқыр т.б. 
жатады. 
10-отряд. Ескекаяқтылар. 
Олар суда тіршілік етуге бейімделген аяқтары қысқа әрі ескекке 
айналған. Құрлыққа тек көбею, күшіктеу, түлеу кезінде ғана шығады. Балықтармен, шаяндармен, 
ұлулармен қоректенеді. Олардың 3 тұқымдасы бар: а) құлақты түлендер; ә) морждар; б) нағыз 
түлендер. Құлақты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет