Көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер, Ы.Алтынсариннің суреті, үнтаспа. Сабақтың барысы:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа психологиялық дайындық.
(Өлеңді хормен айтады.)
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:. Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесің? Ғалым не істеді? Неге тасты көтерді? Астынан не шықты? Ол не деді? (Шағамын.) Кімдерге, нелерге барды? Төрешілер не деді? (түйе, жеміс ағашы, итке, балаға барды).
Білімдерін тексеру: . «Жақсылыққа жамандық бар ма?» дегенді қалай түсінесің? Сенің пікірің?
Бағалау.
Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Үнтаспадан бұлақтың сылдыраған даусын тыңдату.
-Ненің даусы естіледі?
-Бұлақтың.
-Бұлақтың суы қандай деп ойлайсыз?
-Тап-таза, мөлдір.
-Олай болса бейне роликті тамашалайық .
- Көңіл-күйіңіз қандай? Алған әсеріңіз жайлы ой бөлісіңіз.
-Бұлақтың суы қандай екен?
-Бұлақ суының пайдасы бар ма?
-Бұлақ суының тазалығы, мөлдірлігі көз алдыңызға нені елестетеді?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы:Таза бұлақ .
Балалар, Ыбырай Алтынсарин кім ?
Тұңғыш ағартушы,тұңғыш хрестоматия авторы, мұғалімдер дайындады, тамаша педагог, дала жұлдызы, жазушы, қазақ даласына алғаш мектеп ашты.
Қандай әңгімелерін білесіздер?
Аурудан аяған күштірек, Әке мен бала…
Қандай өлеңдерін білесіздер?
- Кел, балала, оқылық, Өзен, Өнер білім бар жұрттар …