Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейту, пікірталасуға ойларын ортаға салуға бейімдеу



Дата08.09.2017
өлшемі30,61 Kb.
#30276
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Мектеп формасы

Сабақтың мақсаты:
1. Жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейту, пікірталасуға ойларын ортаға салуға бейімдеу,
2. Есте сақтау, ойлау, ауызша, жазбаша қабілеттерін дамыту, тілге деген

қызығушылығын арттыру.



3. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Өткізу әдістері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойындар, көрнекілікпен түсіндіру, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: презентация, әуе шары, жолдау, тест, логикалық тапсырмалар.

Сабақтың барысы

1. Психологиялық дайындық

Қара достым жан-жаққа

Дайынсың ба сабаққа?

Орнында ма қараңдар,

Кітап, дәптер, қаламдар?

2. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын ауызша сұрау. Үйге қандай тапсырма берілді?

Сабақтың барысы:

1. Ой қозғау. Оқушылар, жақында алдымызда қандай мереке бар? Тақтада 16121991 саны жазулы тұр. Осы сандарға дұрыс нүкте қойсандар бір тарихи

дерек шығады.

16.12.1991 - Тәуелсіздік күні

.Қ. Р тәуелсіздігіне неше жыл?

Осы Тәуелсіздік күніне байланысты бас қаламыз Астанадан Қазақстанның бірнеше қалаларына әуе шары ұшырылған.

Сол әуе шары мектебімізге келіп қонды. Осы әуе шарымен сендерге де жолдау жіберілген. Қазір жолдау жасырын тұр. Тапсырманы дұрыс орындасақ, жолдауды табамыз.



2.Ұранымыз: «Тездет, бірақ қателеспе!»

Бүгін біз "Мектеп формасы" тақырыбымен танысамыз. Бұл тақырып бойынша үйренеміз

Бірыңғай мектеп формасы

сапасы, қымбат еместігі

мектеп формаларының түрлері,үлгілері

оқушылардың оқу орнында жүргенін сезінуі

бір ұжым екенін түсінуі

3.Сөздікпен жұмыс

бірыңғай мектеп формасы – единная школьная форма

ала-құла киіну- одеваться как попало

жаңа келбеті қалыптасуда- формируется новый вид

мектептің ішкі тәртібін сақтауға- сохранять внутренний порядок школы

ыңғайлы киім- удобная одежда

а) сөз тіркесі мен сөйлем құру

1-ші тапсырмадан кейін 1 - ші сөз ашылады (Елін,жерін)



4.Мәтінмен жұмыс

а) мәтінді оқу

ә) сұрақтарға жауап беру

2-ші сөз ашылады (Сүйетін)



5.Сөздерді сәйкестендір

1.Мектеп а. жейде

2.Спорттық ә.стиль

3.Классикалық б.сақтаңдар

4.Тәртіп в.формасы

5.Ақ г.кешікпеңдер

6.Сабаққа д.киім

3-ші сөзді ашу (Білімді азамат)

4.Топтық жұмыс

1топ- Жақтаушы

2 топ –Даттаушы

3-4 топ –SWOT талдау

4-ші сөзді ашу (Болып өсіңдер)

5. Сөйлемдердегі бос орындарға жалғауларды қойып көшіріп жазыңдар.

Мектеп... тек қара көк түсті киім... киіну... рұқсат етілді. Біз... сынып оқушы...... заман... сай киім киеді. Мектеп... ішінде өзіндік қағидалар..... бар. Ер бала.... мерекелік күн..... ақ көйлек пен қара көк костюм ки..., ал қыз бала.... ақ жейде мен қара көк белдемше киеді.


Қане, толық жолдауды оқыңдар (Елін, жерін

сүйетін білімді азамат болып өсіңдер)

Ал енді, әуе шарының сыйлығы не екен? Қарайық

Сендерге, балалар арнайы Астанадан Елбасы



әуе шарымен баға жіберіпті. Оқушылардың жауап

беруіне байланысты бағаларыңды таратамын.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет