Асқынуды емдеу: егу жасаған жеріне 0,9% натрий хлориді ерітіндісін 50-80мл енгізу;
егу жасаған жеріне мұзды мұйықты қою;
егер егуді қолдарына немесе аяқтарына жасағанда егу жасаған жерінен жоғары резеңке бұрауды байлау;
әрі қарай дәрігер нұсқауымен емдеу.
Асқыну: жүйке сабының зақымдануы. Асқынудың белгілері: әр түрлі зақымданудың ауырльіғына байланысты: жүйкенің қабынуынан салдануына дейін.
Асқынудың себептері: егу жасайтын жерін дұрыс анықтамай инемен механикалық түрде зақымдау. Жүйке сабыныңқасында дәрілік депосы құралған жағдайда химиялық зақымдану.
Асқынудың алдын-алу: әр түрлі егулерді жасау жерлеріндұрыс анықтау.
Асқынуды емдеу: дәрігердің нұсқауымен.
Асқыну: тромбофлебит (тромб пайда болуымен тамырдыңқабынуы).
Асқынудың белгілері: тамырдың жүрісімен ауырсыну, қан кернеу (гиперемия), инфильтрат. Дененің қызуы көтерілуімүмкін.