Асқынудың себептері: көк тамырдың бір жеріне жиі егужасағанда, өткір емес инелерді қолданғанда.
Асқынудың алдын-алу: көк тамырларға кезектеп егу жа-
сау және өткір инелерді қолдану.
Асқынуды емдеу: дәрігер нұсқауымен.
Асқыну: некроз (ұлпалардың өлі еттенуі).
Асқынудың белгілері: егу жасаған жерінде ауырсынудыңкөтерілуі, ісіну, қан кернеу(гиперемия), гиперемиямен біргецианоз (көгеру), содан кейін күлбіреу, жаралар пайдаболу.
Асқынудың себептері: тері астына қателесіп қатты тітіркендіретін дәріні енгізгенде (мысалы, 10% кальций хлоридін).
Асқынудың алдын-алу: егулерді енгізу жерлеріне ғана қатаң жіберу (10% кальций хлоридіерітіндісін - тек қана көк тамырдың ішіне).
Асқынуды емдеу:
1)егуді тоқтату;
жіберген ерітіндіні шприцке қайтадан барынша сорып алу;
егу жасаған жеріне 0,5% новокаин ерітіндісін енгізугеболады, ол жіберген дәрінің концентрациясын азайтып, ауырсынуды басады;
егу жасаған жеріне мұзды мұйықты қою.
Ескерту: 10 % кальций хлориді ерітіндісін қателесіп тері астына жібергенде - резеңке бұрауды байламайды, ерітінді сол жерді қатты тітіркендіру әсерімен қауіпті.