3-жаттығу. Describe the photos.
-Балаларға суреттерге қарауды ұсынып, отбасының әр мүшесінің аттарын атаңыз.
-Мұғалім балаларға фотосуреттерді кезек-кезек көрсетіп, сұрақтар қояды:
-Who is this? (CI: This is a father.)
-Оляның әкесі қандай? (CI.: Ол үлкен. He is big.)
-What's his/her name? (CI: His name is Andrey.)
-Нow old is he/she? Бұл сұрақты балаларға ғана қатысты қойған жөн, өйткені олар 10-ға дейін ғана санауды біледі (How old is Dima? He is 9.)
Дима кимоно киген. Ол күшті.
Суреттерді оқушылармен бірге қарап болғаннан кейін олар фотосуреттегі отбасы туралы жүйелі әңгіме құрулары тиіс.
Балаларға аудармашы болып жұмыс істеп көруді ұсыныңыз. Мұғалім aнa тілінде сөйлем айтады, ал балалар оны ағылшын тіліне аударады.
Мұғалім: 1-фотосуретте - Ольганың отбасы. Ол өз отбасы туралы ағылшын тілінде қалай әңгімелеп берер еді? (Мынау - менің әкем. Оның аты Андрей. Ол үлкен. Ал мынау - менің анам. Оның аты Алла.
Мынау менің ағам. Оның аты Дима. Ол 9 жаста. Мынау - менің інім. Оның аты Сергей. Оның жасы 1-де. (Ол кішкентай).
Екінші фотосурет те осы үлгі бойынша сипатталады (1-фотосуретті қараңыз).
Сергіту сәті.
Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді. Бұл көңілді жаттығуды ұмытпай, аулада достарымен, үйде ата-анасымен орындауға кеңес беріңіз. Hаnds up, һаnds down, Нор, hop, Тurn around Bend left, bend right, Turn around and sit down.
Достарыңызбен бөлісу: |