Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш-карталар; оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралык байланыс: сурет салу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру сәті.
Good morning, children! How are you? (CI.: Fine thanks.) Sit down, please.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Бүгін біз ата-анамызды, ағаларымызды (інілерімізді),әпкелерімізді (қарындас, сіңлілерімізді) сипаттауды үйренеміз.
IІ. Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
-Балалар, бізге Mr. Wise Crow келді.
-Нello, children. How are you?
-Балалар, онымен амандасыңдар. Бүгін біз [ŋ] дыбысын ай үйренеміз. Бұл дыбысты қоңырау сыңғырлаған кезде естиміз. Тыңдаңдар: [diŋ], [diŋ]. Бұл дыбысты қай сөзде естиміз? (CI.: Good mоrning.) Listen and repeat: [ŋ], [ŋ], morning, morning, ring, ring, sing, sing.
Достарыңызбен бөлісу: |