Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру



Дата26.08.2017
өлшемі17,45 Kb.
#28446
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:

Көкжиек. Көкжиек тұстарын анықтау (топ-серуен) экскурсия сабағы.



Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру.

Күнге, жергілікті белгілерге және компасқа қарап көкжиек тұстарын анықтауға жаттықтыру.

Құрал-жабдықтар:


  1. Тұсбағдар, көкжиек тұстары белгіленген карточкалар.

Сабақ барысы:

Оқушылардың бағдарды айқын ұғынуы, көкжиекті, көкжиек сызығын еркін анықтай білу үшін жан-жақты түрлі ғимараттармен, орманмен жабылмаған ашық алаңда өтеді. Бұл сабақта оқушылардың өздігімен атқаратын жұмыстары, бақылаулары басым болуға тиіс. Сондықтан да сабақтың алғашқы бөлімінен бастап оларды сабақ мазмұнын меңгеруге белсенді қатыстыру мақсаты көзделеді де бірнеше тапсырма беріледі.



  1. Жан-жақтарыңа көз жеткен жерге дейін қарап аспан мен жердің астасқан (түйіскен) жерін байқаңдар. Осы аспан мен жердің түйіскені сияқты болып көрінген жерін-көкжиек сызығы дейміз.

  2. Көздерің жеткен жерге дейін аралықты қараңдар, оны көкжиек дейміз.

  3. Биік жерге шығып, жан-жақтарыңа қараңдар, көрінетін жердің көлемі қалай өзгереді?

(Көз жететін аймақ молайды ма?)

Міне, осындай тапсырмаларды орындап, мұғалімнің басшылығымен көкжиек сызығы туралы түсінік алған оқушыларға сабақтың келесі бөлімін көкжиектің негізгі және аралық тұстары туралы ұғындыруға мүмкіндік туады.



  1. Алдын-ала дайындаған карточкалардан көкжиек тұстарының қалай белгіленетіні көрсетіледі. Көкжиек тұстарын анықтау әдістері айтылады.Солардың ішінде алдымен Күнге қарап бақылау әдістеріне тоқталады.

  2. Көкжиек тұстарын дәл анықтау үшін қолданылатын құрал-тұсбағдармен таныстыру. Оқушыларға тұсбағдарды үлестіріп беріп,құрылысымен және онымен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырады. Бағдарлау туралы материалды саналы түрде қабылдауы үшін оқушылар өздері туған жерден түрлі (обьектілер) орындар үй,мектеп, ұйым кеңсесі, дүкен, мәдениет сарайы т.с.с. қай тұста орналасқанын анықтайды.

  3. Оқушылардың білімін тұжырымдау үшін бірнеше сұрақ беріледі.

1. Көкжиек дегеніміз не?

2. Көкжиек сызығы деп нені атайды? Ол биіктікке байланысты қалай өзгереді?

3. Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын ата?

4. Көкжиек тұстарын тұсбағдар бойынша қалай табады? Жұмыс ретін айт. Тұсбағдарды пайдаланып, үйіңнің бағытын анықта



V. Үйге «Көкжиек», «Көкжиек тұстары», «Күнге қарап бағдарлау», «Тұсбағдар бойынша бағдарлау» тақырыптарын оқу тапсырылады. «Темірқазық жұлдызына қарап бағдарлау» тақырыптары қосымша материал ретінде ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет