Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен басқа ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.
Конусқа іштей сызылған пирамида деп табаны конус табанындағы шеңберге іштей сызылған көпбұрыш, ал төбесі конустың төбесі болып табылатын пирамиданы атайды.
Конусқа сырттай сызылған пирамида деп табаны – конустың табанына сырттай сызылған көпбұрыш, ал төбесі конустың төбесімен дәл келетін пирамиданы атайды.