Сабақтың мақсаты Оқушыларға отбасылық дәстүрлердің мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу



Дата24.03.2022
өлшемі24,49 Kb.
#136621
түріСабақ
Байланысты:
4 б б аНб аП 11








Мектеп

«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Педагогтың аты – жөні

Жалмуканова Ш.К.

Күні




Сынып:

4

Оқушылар саны

7

Тақырып

Отбасылық дәстүрлер

Құндылығы

Сүйіспеншілік

Қасиеттері

Жауапкершілік, қамқорлық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға отбасылық дәстүрлердің мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларға отбасы дәстүрлері туралы білімді қамқорлық қасиеті арқылы түсіндіру

  2. Дамытушылық: Оқушыларды отбасылық дәстүрлерді құрметтеуге баулу

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды көңіл – күй



5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.

«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

Ресурстар
Слайд

Үйге тапсырманы тексеру

«Әке тәрбиесі» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
• Әкесі кішкентай Бауыржанды қандай әдептілікке үйретті?
• Сәлем беру дәстүрі туралы не білесіңдер?
• Өз отбасыларыңда қонақ келгенде қандай дәстүрді сақтайсыңдар?
• Өз отбасыларыңда тағы қандай дәстүрлер сақталған?
• Саған қандай отбасылық дәстүр ұнайды? Неліктен?

Оқулық.
wikipedia.org

Сабақтың дәйексөзі.



Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Нақыл сөз

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.







Оқиға айту (Әңгіме)

Сиқырлы жүзік

Бiр кедей күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады. Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге:


- Ей, адамұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр ғана тiлектiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй жүзiкке айналады. Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, – дейдi.
Осыны айтып, бүркiт ұшып кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қаншатұратынын сұрайды.
Зергер:
– Екi алтындай болатын шығар, – дейдi.
Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергерқаражүректi, арам адамедi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғұс жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп алып:
– Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүние қоңыз зергер алтынға көмiлiп қалады, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады. Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi көрсетiп:
- Тәңір бiзге рақыметтi, ендi қалаған тiлегiмiз орындалады, – дейдi.
Әйелi:
- Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке жер жетпей жүр ғой, – дейдi.
– Жоқ. Бiр жыл тырмысып еңбек етсек, жердi өзiмiз-ақ сатып аламыз, – дейдi күйеуi.
Сол жылы өнiмдерi мол болып, жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi:

  • Ендi жүзiктен ат пен сиыр тiлейiк, – дейдi. – Соны да жүзiкте нсұраймыз ба?

Тағы бiр жыл ерiнбей еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы ат пен сиыр сатып алады. Әйелi тағы да:
- Бұрын сен Тәңірге жалбарынып, тiлек етушi едiң. Тәңір тiлегiндi бердi. Қазiр патша боламын, зәулiм сарайда тұрамын десең де, бәрi қолыңда. Шаршап-шалдығып жүргенше, рақатқа батып, тыныш отырмайсың ба? – дейдi.
Сонда егiншi тұрып:
Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда, бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кiм куә? Бiздi қандай сынақта ркүтiп тұрғанын қайдан бiлемiз? – дейдi. Ерлi зайыптылардың арасындағы келiспеушiлiк осымен бiтедi. Кедейдiң қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бай-қуатты отбасының бiрiне айналады.

Бинефильм

Шығармашылық жұмыс.

2 – тапсырма
Бірлік
Татулық
...

Слайд

Топпен ән айту

Туған күн
Өлеңін жазған Фариза Оңғарсынова
Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Тақтада ән мәтіні көрсетіледі



Үйге тапсырма

«Туған күн» мәтінін оқып келу.

Оқулық

Сабақтың соңғы минуты



Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Слайд


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет