б) Дене түсіп келе жатқанда төмен қарай бағытталған а = g үдеумен заңы бойынша вертикаль бойымен түзусызықты теңүдемелі қозғалады.
t=0 s0=0; =0; ; s=h
осы үш теңдеуді пайдалана отырып, түсу уақытын және түскен мезеттегі жылдамдықты табуға болады.
ІҮ.Қорытынды: 1.Дененің еркін түсуі деп нені айтады?
2.Дененің еркін түсуі қозғалыстың қандай түріне жатады?
3. Еркін түсу үдеуі қандай шама және оның сандық мәні неге тең?
4. Ендікке байланысты еркін түсу үдеуінің сандық мәні қалай өзгереді?
5.Еркін түсу үдеуі денеің массасына байланысты бола ма?
6. Еркін түсу үдеуі денеің жылдамдығына тәуелді бола ма?
Ү. Үйге тапсырма: §6 оқып түсініктерін айтып беру.5-жаттығудың №3
есептерін шығарып келу.
ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан
оқушыларды бағалау.
9-сынып. 5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің
шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы.» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.
Оқушыларды белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, дәлдікке, ұқыптылыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылықтарын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру.
Сабақтың типі: дәстүрлі тип;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,
көрнекі құралмен жұмыс жасау;
Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;
Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»
Пән аралық байланыс: геометрия;
Көрнекі құрал: сызығыш, бейне суреттер плакатта сызылған сызбалар,
графиктер;
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Дененің еркін түсуі Еркін түсу үдеуі.»
тақырыбын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;
а) Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады. Дененің қисықсызықты қозғалысы, оның түзусызықты қозғалысы кезіндегі орын ауыстыру, жылдамдық және үдеу сияқты кинематикалық шамалар арқылы сипатталады.
Дененің қисықсызықыты траекторияның кезкелгеннүтесіндегі қозғалыс жылдамдығы траекторяның осы нүктесіне жүргізілген жанаманың бойымен бағытталады.
ә) Қисықсызықты қозғалыс әрқашан айнымалы қозғалысқа жатады. Егер қозғалыс жылдамдығының модулі тұрақты болса, мұндай қозғалыс қисықсызықты бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Қисықсызықты қозғалыстың қарапайым түріне материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы жатады.
б) Нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жилігі деп аталатын шамалар енгізіледі.
Айналу периоды (Т) деп нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақытын айтады. Айналу Периоды (с) өлшенеді.
T – период; t – уақыт; n – айналым саны;
Периодқа кері шама жилік деп аталады Ол (1с-1) өлшенеді.
ν= ν – жилік;
Период пен жилік біріне-бірі кері шама болғандықтан, олардың арасындағы байланысты ν= немесе өрнектерімен көрсетуге болады.
ІҮ.Қорытынды: 1.Қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
2.Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?
3.Жилік деп қандай шаманы айтады?
4.Бірқалыпты қисықсызықты қозғалыстың үдеуі мен жылдамдығы өзгере ме?
Ү. Үйге тапсырма: §7 оқып түсініктерін айтып беру.
ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан
оқушыларды бағалау.
9-сынып. 6-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар.» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.
Оқушыларды жауапкершілікке, үнемі өз білімдерін
толықтырыруға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылықтарын арттыру, ғылыми ойлауын, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабақты түсіндіру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
Сабақтың типі: дәстүрлі тип;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,
көрнекі құралмен жұмыс жасау;
Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;
Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»
Пән аралық байланыс: геометрия;
Көрнекі құрал: сызығыш, бейне суреттер плакатта сызылған сызбалар,
графиктер;
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүк-
тенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы.»
тақырыбын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;
а) Механикада бұрылу бұрышын радианмен өлшеу келісілген. Радиан – l
доғасының ұзындығы R радиусқа тең болатын φ
центірлік бұрыш. Бұрылу бұрышының уақыт өтуімен
өзгеруін бұрыштық жылдамдық арқылы сипатталады.
Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу
бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа
қатынасымен өлшенетін шаманы айтады.
Бұрылу бұрышы φ әріпімен белгіленеді. Денеің бірқалыпты айналысы кезіндегі бұрыштық жылдамдығы мынаған тең болады:
Бұрыштық жылдамдықтың өлшем бірлігіне секундына радиан алынады:
Шеңбер бойымен толық бір айналым 2π радианды құрайды.
ә) Денеің шеңбер бойымен қозғалысын қарасытырғанда, дененің түзусызықты қозғалысын сипаттайтын жылдамдық та қолданыла береді. Бірақ дененің шеңбер бойымен қозғалысы жағдайында оны сызықтық жылдамдық деп атайды. t=T s=2πR Олай болса ; өрнегін аламыз.
б) Енді бұрыштық және сызықтық жылдамдықтардың арасындағы байланысты табайық: осыдан немесе
Достарыңызбен бөлісу: |