б) Негізгі бөлім – 22 мин. ҚК-нің басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?
ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.
әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.
әскери жарғылар дегеніміз не?
әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?
әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтыңдар.
ӘЖ. Т-1. ҚК-нің басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы.
Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.
ҚР ҚК-нің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады.
Әскери жарғылардың ережелерін ҚР ҚК-ндегі барлық бөлімдер мен бөлімшелердің, әскери құрылымдарының орындауы міндетті.
Әскери жарғыларға Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы, Саптық жарғы жатады. Жарғыларда әскери қызмет пен әскери тәртіптіліктің, әскери тәртіптің негіздері баяндалады. «ҚР Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 07 қаңтардағы Заңына сәйкес 2007 жылдың 05 шілдесінде №364 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарлығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бекітілді.
Достарыңызбен бөлісу: |