Сабақтың тақырыбы: Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы



Дата21.07.2017
өлшемі23,65 Kb.
#21497
түріСабақ
  • 30 қараша 2014 жыл. Сабақтың тақырыбы:
  • Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы.
  • Гарнизон, қарауыл, пост, сақшы, жауынгерлік міндет.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Отанымыздың шекарасын, жауынгерлік туын, аса маңызды әскери және мемлекеттік объектілерін қорғауға дайын болуға және еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілігін сезіндіре отырып білім беру,тақырыптың мағынасын ашып түсіндіру.
  • Қарауыл, пост, сақшы анықтамаларын беру арқылы  оқушыларға қарауылдық қызметтің жоғары қырағылықты қажет ететін  жауапты әскери қызмет екендігін түсіндіру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
  • Сабақтың білімділігі:
  • Оқушыларды Отанымыздың шекарасын, жауынгерлік туды, аса маңызды әскери және мемлекеттік объектілерді қорғауға дайын болуға және еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілік сезімге тәрбиелеу.
  • Сабақтың тәрбиелілігі:
  • сынып тақтасы, интерактивті тақта, бейнефильмдер,слайдтар, картішкілер, плакаттар, АКМ автоматының макеті, тест сұрақтары,сызбалар.
  • Сабақтың материалды – техникалық көрнекілігі:
  • 1.Взвод командирінің кезекшіні тағайындауы.
  • 2. Взвод кезекшісінің баяндамасы.
  • 3. Сәлемдесу.
  • 4.Взводты сыныпқа енгізу.
  • 5. Қ.Р.мемлекетінің Гимнін орындау.
  • 6. Оқушыларды түгендеу.
  • 7. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
  • Сабақтың ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

  • 1.Ішкі қызымет жарғысының анықтамасын айт.
  • 2.Тәртіптік жарғының анықтамасын айт.
  • 3.Құрлықтағы әскери қызыметшілердің әскери атақ – шендерін ата.
  • 4.Өткен тақырыпқа тест қабылдау

Жаңа сабақ

  • Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы.
  • Гарнизон, қарауыл, пост, сақшы, жауынгерлік міндет.
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ
  • Жарғылар әскерлердің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді әскердегі белгіленген тәртіптің,ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.Қазіргі кездегі жарғыларда Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, Кеңестік Қарулы Күштерін қалыптастырудағы көп жылдық тәжірибелер есепке алынған. Олар әскери-техникалық прогресс нәтижесінде қол жеткізілген әскери істің қазіргі даму деңгейін және соңғы жылдарда әскери істе болған өзгерістерді қамтиды.Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байланысты.Әскери жарғыларға Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондық және Қарауылдық қызметтер жарғысы мен Саптық жарғы жатады. Жарғыларда әскери қызмет пен әскери тәртіптіліктің, әскери тәртіптің негіздері баяндалады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №4156 Жарлығымен бекітілді.
  • Әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштеріндегі барлық бөлімдер мен бөлімшелер, кеме, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының орындауы міндетті.
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым-қатынастары анықталады.
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ – ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өмірі мен қызметі әскери жарғылар болып табылатын нормативті-құқықтық құжаттармен қатаң түрде белгіленеді. Қазақстан Республикасының "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау" туралы заңында былай деп көрсетілген:"Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарулы шабуылды тойтару мен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың мәнін құрайды". Заң тұрғысынан алғанда, әскери жарғылар – дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери тәртіптілік пен заңдылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтығы.
  • Саптық жарғы
  • Тәртіптік жарғы
  • Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы
  • Ішкі қызмет жарғысы

Саптық жарғы

Ішкі қызымет жарғысы, әскери атақтар

Тәртіптік жарғы

  • Жауынгерлер мен сержанттарға
  • қолданылатын:
  • Тәртіптік көтермелеулер
  • Тәртіптік жазалар
  • Қ А Р А У Ы Л
  • Гарнизондық
  • Ішкі (кемелік)
  • Қару жарақ қоймасы
  • Жанар май қоймасы
  • Автокөлік паркі
  • Әскери техника
  • 1 – әскери бөлім
  • 2 – әскери бөлім
  • 3 – әскери бөлім
  • басқа да әскери бөлімдер
  • Гарнизондық
  • Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы. Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының (ГжҚҚЖ) барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.Қарауылды қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ абақтыда және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады. Қарауылдар: гарнизондық және ішкі (кемелік) болып бөлінеді; олар: тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық абақтыда ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.Ішкі (кемелік) қарауыл бір әскери бөлімнің (кеменің) объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады. Әуежайдағы авиациялық бөлімнің ұшақтары (тікұшақтары) мен басқа объектілерін авиациялық-техникалық бөлімнен тағайындалатын ішкі қарауыл күзетіп, қорғайды. Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал абақтыда жанындағы қарауылға – шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.
  • Объектілерді тікелей күзету және қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді. Сақшы дегеніміз – өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл.Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске пост деп аталады.Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілері мен жергілікті жер учаскілері де жатады.Сақшылар объектілерді қорғауды, объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізеді. Постыдағы сақшының қаруын ұстауыПостыдағы сақшының бекітілген сүңгісі бар қаруы (жиналмалы дүмді сүңгі-пышақсыз автоматы) болуы керек; белдікке ілінетін қынаптағы сүңгі-пышақ: түнгі уақытта – тұрып атуға оңтайлы жағдайда; күндізгі уақытта – "белдікке" немесе тұрып атуға оңтайлы жағдайларда; ішкі постыларда және жауынгерлік ту жанындағы постыда – ағаш дүмді автоматтар – "белдікке" күйінде, жиналмалы дүмді автоматтар – "кеудеге", карабин – аяқта болуы керек; жабдықталған оқжатарлар салынған сөмкелердің аузы жабық болуы тиіс.Өрт сөндіру немесе табиғат апаттарының зардаптарын жою кезінде сақшыға қаруын "арқаға" күйінде ұстауына рұқсат етіледі.
  • І Анықтама: Жауынгерлік туларды,
  • әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.

Қарауыл бастығы

  • Қарауыл құрамы
  • Қарауыл бастығы
  • Постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар
  • Жұмысқа таратушылар
  • Техникалық күзет құралдары жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі
  • Қарауыл иттері қызметі бойынша қарауылдар
  • Көлік құралдарын жүргізушілер

Әскери гарнизон

  • Пост дегеніміз сақшыға күзету мен корғау үшін тапсырылған барлық объектілер, сондай-ақ ол өз міндеттерін орындап жүрген орын немесе жергілікті жердің бір учаскесі.

Сақшы

  • - дегеніміз өзіне тапсырылған постыны күзсту мен қорғау жөнінде жауынгерлік
  • міндеттерін орындаушы
  • қаруланған карауыл.

Постыдағы сақшының автоматты ұстау күйі

Қарауыл бастығы байланысшымен қызымет барысында

  • Практикалық жұмыс:қаруды оқтау және оғын алу тәртібі Қаруды оқтау және оғын алып тастау қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің пәрмені бойынша, қарауыл үй-жайында арнайы жабдықталған және оқ ұстайтын жабдығы бар жарық жерде, олардың тікелей бақылауымен, ал ауысымдар постыларға машинамен бара жатқан кезде, қарауыл бастығының нұсқауында көрсетілген орындарда, қажет болғанда, оқ ұстауға арналып жабдықталған орындарда жүргізіледі. Оқты салу және алу кезінде мылтықтың ұңғысы жоғары (45-60 градусқа) және жан-жағындағы тұрғын үй-жайлар мен күзетілетін объектілерден басқа жаққа бағытталуы тиіс. Егер қарауыл үй-жайының маңы мен айналасында тұрғын үйлер мен қызметтік үй-жайлар орналасса, қаруды оқтау мен оғын алып тастау оқ ұстауға арналып жабдықталған орындарда жүргізіледі. Қарудың оғын алу, оны қарау дереу қарауыл үй-жайларына келген бойда немесе қарауыл бастығына арналған нұсқауда көрсетілген орындарда жүргізіледі.
  • Сабақты бекіту сұрақтары:
  • Қарауылдық қызмет дегеніміз не?
  • Сақшы кімдердің қатарынан тағайындалады?
  • Пост дегеніміз не?
  • Қаруды оқтау мен оғын алу кімнің басшылығымен жүргізіледі?
  • Қарауыл қай уақыттан бастап сақшы деп аталады?

Сабақты қортындылау:

  • Оқушыларды бағалау:
  • 1.Үй тапсырмасын орындауы;
  • 2.Жеке тапсырма арқылы;
  • 3.Тест сұрақтарына жауап;
  • Үйге тапсырма:
  • Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы
  • ІІ – тарау § 6
  • Әсемпаз болма әр неге,
  • Өнерпаз болсаң арқалан,
  • Сен де бір кірпіш дүниеге,
  • Кетігін тап та бар қалан.
  • Абай Құнанбайұлы
  • 28
  • Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет