Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.
ҚРҚК-нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:
ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;
әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |