Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚРҚК-нің Жалпы әскери жарғылары туралы түсінік беру және әскери атақ пен айыру белгілерін түсіндіру


Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі32,47 Kb.
#93074
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 сынып ҚМЖ 5 сабақ

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.

ҚРҚК-нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.


Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:

  • ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

  • әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

  • өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

  • адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

  • командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

  • әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

  • өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

  • әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;

  • әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;

  • қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет