Сабақтың мақсаты Оқушыларға табиғат құбылыстары туралы меңгеру, тиянақтау.әрі жетілдіру



Дата26.08.2017
өлшемі45,93 Kb.
#29376
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға табиғат құбылыстары туралы меңгеру, тиянақтау.әрі жетілдіру.

2.Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру,танымдық белсендіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету.

3.Қоршаған ортаны аялауға баулу, сезімталдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ –жауап,ой қозғау.



І.Ұйымдастыру.

Қане түзу тұрайық,

Назарымызды маған аударайық.

Сабаққа жақсы қатысып,

Тек бестік баға алайық.


  • Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін футбол командалары Астана және Барселона жарысады.Сендердің командаларын Барселона , ал мениң командам Астана.Сендер жеңіске жетесіңдер, егер 63℅ құрап, әр кезең сайын 13 оқушы 4,5 деген баға алса. Ал ол ООМ бойынша бағаланады. Бүгінгі танысатын тақырыбымыз «Табиғат құбылыстары»

  • Ортаға Көшбасшыны шақырайық.

Біздің сынып тамаша

3 «Ә» тек алға! (Хормен)



ІІ.Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздер

-Бүгінгі күнді жазу

-Слайдқа назар аудару.

Күн


Сел

Жел


Қар

Аяз


Табиғат

Жауын


30 сек есте сақтау,30 сек жазу.6,7 сөз жазғандарды матрицаға + таңбасымен белгілеу.

ІІІ. Ұғынуды ұйымдастыру.

-Балалар мәтінің 40 бетін ашамыз.Берілген мәтінді 6минутта мұқият оқимыз, себебеі бұл мәтін бойынша сұрақтар қоямын.



Қарама-қарсы сұрақтар.

  1. Қандай табиғат құбылыстары жылдың белгілі бір мезгілінде болады?

  1. Жыл мезгілдерін ата?

  1. Көктем мезгілдерінің айларын ата?

  1. Жапырақтар не себепті сарғаяды?

  1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

  1. Ағаштың жапырақтары қай мезгілде түседі??

  1. Ағаш жапырақтары қай мезгілде жасыл желекке бөленеді ?

  1. Жыл құстары күз мезгілінде қайда ұшып кетеді??

  1. Табиғатта ауа райын қалай бақылаған?

  1. Қарлығаш жер бауырлап ұшса нені білдіреді?

  1. Табиғат апаттарына не жатады?

  1. Табиғат құбылыстарын ата?

  1. Табиғат дегеніміз не ?

  1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

  1. Қыс айында қандай құбылыстар болады?

  1. Күз айында қандай құбылыстар болады?

  1. Адам табиғат құбылыстарын өздеріне бағындыра ала ма?

  1. Адам қандай табиғат құбылыстарын өз қажетіне пайдалана алады?

  1. Жаз айында қандай құбылыстар болады?

  1. Көктем айында қандай құбылыстар болады?

  1. Жылдың неше мезгілі болады?

  1. Жауын-шашын қай мезгілде көп болады?

  1. Қандай жыл құстарын білесің?

  1. Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?

  1. Жыл мезгілдерін ретімен айт?

Құтқару шеңбері (қосымша сұрақтар)

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.


Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары:

  1. Қыстан кейін жапырақтар сарғайып түседі

  1. Не себепті қоян қысқы ұйқыға кетеді?.

  1. Сел, жаңбыр, аяз, дауыл - бұл табиғат құбылыстары ма?

  2. Құстар көктемде қайтып келеді.

  3. Жаз мезгілінде боран соғып,жаңбыр жауады

  1. Тас, аң, құс –бұл табиғат құбылыстары

  1. Күн күркіреп, найзағай соғу табиғат құбылысына жатады

  1. Табиғатта мүлдем өзгерістер болмайды

  1. Табиғатта болатын барлық өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады

  1. Шығыс жаққа күн батады

  1. Кез-келген зат тастан тұрады

  1. Қыс айында жаңбыр жауады,гүлдер гүлдейді

  1. Күз айы жауын –шашынды болады

  1. Адам табиғат құбылыстарын өздеріне бағындыра алады.

  1. Адам жауын-шашынды өз игіліктеріне пайдалана алады

  1. Жаз айында қар жауады.

  1. Көктем айында қар еріп ,жер көгереді.

  1. Жылдың үш мезгілі бар.

  1. Жауын-шашын күзде көп болады

  1. Өсімдік өлі табиғатқа жатады.

  1. Адам тірі табиғатқа жатады.

  2. Көгершін , торғай, сауысқан жыл құстары

  3. Көктем айында құбылыстар мүллдем болмайды

24. Ауа температурасын термометрмен өлшейді

V.Сөздік қоры. 5 минут

VI.Қорытынды. Рефлексия

Бағалау


Үйге тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет