Сабақтың мақсаты: Оқушыларға туған жер табиғат туралы түсінік беру,экологиялық жағдай туралы білімдерін кеңейту



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі171,5 Kb.
#27968
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

Сабақтың тақырыбы: Туған жердің табиғатын
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға туған жер табиғат туралы түсінік беру,экологиялық жағдай туралы білімдерін кеңейту.
2.Табиғат жағдайын шешу жолдары туралы пікірталас туғызу арқылы іздестіру,өз ойын ашық,дәлелді айта алуға тәрбиелеу.
3.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер,сызбалар Қазақстанның физикалық картасы.
Оқушылар әрекеті: Кілтті сөздерге әңгіме қурастыра отырып талдау жасайды.Өз көзқарасын білдіреді.Пікірталас туғызады.
Топтық жұмыс. Бір-бірлерімен пікірлесе отырып,ортақ қорытындыға келеді.
Барысы.

  1. Ұйымдастыру.

  2. Топқа бөлу.

  3. Жаңа сабақ.

Сабақтың нұсқасөзі: «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз.Жер,су,ауа-адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына.Оны сақтау,қамқор болу-біздің басты міндетіміз» /Ы.Жақаев/
1.Ой қозғау:
Пай,пай киелі неткен жер,
Бабалар дүрілдеп өткен жер.
Бас иіп,иіскеп топырағын,
Тағзым жасмай өтпеңдер!-деген М.Мақатаевтың өлең шумағы біздің жерге арнап айтқан.
Менің бұлай айту себебім неде деп ойлайсыңдар? /Оқушылар өз пікірлерін айтады./
«біздің жер киелі жер.Біздің жерден оқымысты ғалымдар,ақындар жазушылар,қолбасшылар шыққан.Осындай киелі жердің табиғатын қорғауға біз әрқашан дайынбыз»,тағы басқа.
2.Топтарға кілтті сөздер беріледі.
Оқушылар 4 /төрт топқа бөлінеді/
3.Әр топ 5 кілтті сөзден әңгіме құрайды. Оқиды.
4.Тәсіл кестесі.
Адам табиғаттың ? оқушылар тақтаға шығып өз ойларын жазады.
«Адам –табиғаттың досы»- деген пікірді ұстанғандар бір топ, «қарсы» дегендер бір топты талқылайды.
Әр топтың топ басшылары қорғайды. «Досы» дегендер: адам әр уақытта табиғатқа көмек жасайды.Ағаш отырғызады.Бұлақтардың көзін ашады.Құстарға ұя жасайды.
Екі топ бір-біріне сұрақ қояды.
1-топ Егер дос болсаң ,мектеп мектеп ауласындағы ағаштарға қандай көмек бересіңдер?
2-топ Үйлер мен ғимараттардың бұзылуы,бос қалуы ауыл экологиясына қандай зиян әкеледі. /жауап алынады./
Жарыс соңында . Ауданымыздың көрікті жерлері көрсетіледі.
Мұғалім . Ауданымызда туризімді қалай дамытуға болады деп ойлайсыңдар?
-Оқушылар өз ойлларын айтады.
Шығу парағы .
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ауызша айтып береді.


«Тұмаудан сақтанайық».
1. Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
2. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлерімен кездесу;
3. Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;
Сабақтың түрі: кездесу сабағы
Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақтадағы сызбалар («Пайдалы және пайдасыз тағамдар», «Адам денсаулығына пайдалы және зиян»), тұмауды емдеуге арналған сусын, кеспе әріптер (ТАЗАЛЫҚ), күн көзі макеті, тұмау туралы кітапшалар, буклеттер, плакаттар, «Орамал тастамақ» ойынына орамал мен сыйлық.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
а) Кіріспе. «Тұмау» деген не?
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндау)
б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
Мұғалім: -
Тұмау , грипп (лат.
гріппұс фр. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (Н әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет