Сайыстын тақырыбы: «ХХІ ғасырдың жас технологі»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларымыздың білімі мен ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын анықтау;
Білімділік мақсаты: білім деңгейің көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін дамыту, жылдам ойлап, шапшаң жауап беруге үйрету;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстурден тыс сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, химия, математика, сурет, информатика.
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ
Қолданылатын көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, қағаз, карандаш, қайшы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі
ІІ. «ХХІ ғасырдың жас технологі» сайысы
Сайыс алты кезеңнен тұрады:
І кезең: «Бәйге»
ІІ кезең: «Өнер»
III кезең: «Қасиетті тоғыздық»
IV кезең: «Жанды сұрақтар»
V кезең: «Тапқырлық»
VI кезең: «Жорға»
ІІІ. Қорытынды
Құрметті ұстаздар, оқушылар «ХХІ ғасырдың жас технологі» атты сайысымызды бастаймыз!
«Өмір деген көк мұхиттың толқыны
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып
О, толқындар, арпалысып алға шық
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі» деп Төлеген Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс.
Бүгінгі сайысымызға 8, 10 сыныптың ұл балалары күш сынаспақ.
Шақырамыз, келіңдер жарысуға
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға
Сонымен ортаға жас технологтарды шақырамыз.
Жас технологтардың білімі мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз! Біздің күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Бірақ, менің ойымша, бұл қасиеттерге қоса адамға шапшандық та өте қажет.
Сонымен бәйге жарысының шарты: жауап нақты тез болу керек. Қай топ алдындағы жалауды бірінші көтерсе, сол бірінші болып жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І кезең: «Бәйге»
1. Кез келген машина механизмі неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен)
2. Құрамындағы көміртегі 2%-дан аспайтын темір қорытпасы (болат)
3. Металды шабатын негізгі құралды ата (шапқы)
4. Металл кескіш аспаптарды өткірлеу әдісі қалай аталады? (қайрау)
5. Егіншіліктің интенсивті жүйесі алғаш рет қай елде пайда болды? (Англияда)
6. Ағаштың жасын қалай анықтайды? (Сақиналары арқылы)
7. Тығыздығы жоғары ағашты ата? (Алмұрт)
8. Өсіп тұрған ағаш неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен)
9. Екі кісілік үлкен тара қалай аталады? (Кернеу ара)
10. Ағашты көркемдеп оятын құрал? (Әр түрлі жүзді қашау)
11. Жер қыртысының ең үстіңгі қабаты? (Топырақ)
12. Ағаш өңдеуге арналған оқушы орнын қалай атайды? (Верстак)
13. Ағашты ашық ауада кептіру қалай аталады? (Табиғи кептіру)
14. Ағашты күйдіріп әшекелеу қалай аталады? (Пирография)
15. Темір шебері қалай аталады? (Ұста)
16. Тесуге арналған құрал? (Бұрғы)
17. Қазақ ұлттық ою-өрнегін неше топқа бөлінеді? (3 топқа)
18. Кесу құралдарын атаңдар? (Ара, қайшы, пышақ)
19. Металдардың түсі, тығыздығы, балқу температурасы, тоқ өткізгіштігі металдың қандай қасиетіне жатады? (Физикалық қасиеті)
20. Ұлттық бас киімдердің ішіндегі еркектерге арналған түрі? (Бөрік, қалпақ)
«Ана тілің-арың бұл;
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!»-деп келе, сайысымыздың келесі кезеңі «Өнер» бөлімін бастаймыз.
Бұл бөлім бойынша мақалды толықтыру. Қай топ бірінші жалауды көтерсе, сол жауап береді. Бағалануы-10 ұпай
ІІ кезең: «Өнер»
1.Ата көрген оқ жонар...(Ана көрген тон пішер)
2. Өнер түрі елде мол...(Өнім сыры жерде мол)
3. Еңбек түбі...(береке)
4. Ер қадірін ерлер білер...(Зер қадірін зергер білер)
5. Өнерлінің қолы алтын...(өлеңшінің сөзі алтын)
6. Асыл пышақ...(қап түбінде жатпас)
7. Еңбекпен тапқан...(нан тәтті)
8. Адам өнерімен әсем...(Аң жүнімен асем)
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап, жым отыру жарасама
Туыс досқа, сыныптас танысқа емес
Соқ қолынды білімді жас талапқа!
Сайысымыздың келесі кезеңі «Қасиетті тоғыздық» Бұл бөлімде әртүрлі 9 сөз беріледі. Сол сөздердің мағынасын түсіндіру керек. Бағалануы-20 ұпай.
ІІІ кезең: «Қасиетті тоғыздық»
1. Бейне (сурет, мүсін)
2. Батыру (мүйізге, ағашқа, былғарыға басып бедер салу)
3. Безбен (ескі қадақ, пұт мүлшерімен өлшейтін өлшеу аспабы)
4. Берен (ең жақсы барқыт, ең асыл болат)
5. Бесаспап (бәріне дайын, бәріне де маман адам)
6. Бесік жамбы (құйма күміс)
7. Бұлғын (қымбат аң терісі)
8. Бұрғы (ұшы өткір бұрандалы тескіш)
9. Бөшке (үлкен ағаш кеспе)
Келесі бөлімізді бастамас бұрын әділқазылардан алдыңғы үш кезеңнің бағасын берулерін сұраймыз.
Ойыншыларымыздың алғашқы жеңістерімен құттықтай отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік.
IV кезең: «Жанды сұрақтар»
Жауаптары 3 нұсқада беріледі. Сіздер сол нұсқалардан дұрыс жауаптарды белгілейсіндер. Бағалануы 5 ұпай.
Конус тәріздес металл діңгектер не деп аталады?
А) Қалпақты шеге Ә) Бұрама шеге Б) Шеге
2. Ағашқа белгі салғанда нені пайдаланған дұрыс?
А) шеге Ә) қарандаш Б) пышақ
3. Токарь станогі қандай қызмет атқарады?
А) теседі Ә) жонады Б) сүргілейді
4. Кескіш тістер қандай материалдан жасалады?
А) мыс Ә) жез Б) болат
5. Шеңбер сызуға арналған құралды ата
А) циркуль Ә) штангенциркуль Б) рейсмус
V кезең «Тапқырлық»
Шарты: қағаздан түрлі заттар жасау. Бағалануы 20-дан 50 ұпайға дейін. Ал, сайыскерлер іске сәт!
Соңғы кезең: «Жорға» Шарты: 10 сұраққа жауап бересіздер. Дұрыс жауабын білмесеңдер келесі деп белгі бересіздер, әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
VI кезең «Жорға»
«Технология» қай елдің сөзі (гректің «techno»-өнер, шебер, білгір және «logos» ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан)
Ағаш өнерімен айналысатын шебер (Ұста)
Ағаштан жасалатын ұлт аспаптарын ата (Домбыра, қобыз т.б)
Станоктардың металл кескіш бөлігін металл кескіш аспап деп аиайды. Кескіш аспапты ата (кескіш, бұрғы, фреза)
Теріден жасалынатын ыдыс. (Мес, саба, бұлқыншақ)
«Жез» деп қандай металды атайды? (мыс пен мырыштың қорытпасын жез деп атайды)
Металдар неше топқа бөлінеді? (екі топқа. Қара және түсті металдар)
Аудандық газеттің аты (Екпін)
Тұқым себетін машинаны ата (Сеялка. Сеялканы тракторға тіркейді.)
10)Егеу неше нөмірмен шығарылады? (0, 1, 2, 3, 4, 5)
Қорытынды:
Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал
Тепкілесең кетпейді.
Сонымен сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Жалпы білім беретін Мереке орта мектеп-балабақшасы
Сайыс-сабақ
Мұғалімі: Бахашев Н.С
2013-2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |