Күні:21.02.2020ж.
Сынып: 11.
Пән: Информатика
Тақырыбы: Әсерлерді қолдану. Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Растрлық графикалық редакторда мәтінмен жұмыс істеудің мүмкіндіктерін
көрсету
GIMP құралдарының көмегімен қарапайым анимация құру
Оқушылар білуі тиіс: Мәтінмен жұмыс істеу құралын тағайындау, мәтінді қалай енгізеді, авторлық қылқаламды құру әрекеттері, авторлық қылқаламның технологиясын қолдану.
Оқушылар үйренуі тиіс: авторлық қылқаламды құру және қолдану, қарапайым анимация құру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
ІІІ Білімді өзектендіру
Кескінге мәтінді қалай қосады?
Мәтінді контур бойына орналастыру алгоритмін жазыңдар.
Мәтіннен қылқалам жасау алгоритмін жазыңдар.
Анимация деген не?
Анимацияны неге қолданады?
Анимация құратын қандай программаларды білесіңдер?
Анимацияның қандай түрлерін білесіңдер?
Қарапайым анимацияны қалай құрады?
Қарапайым анимация файлы қандай пішімде сақталады?
IV Жаңа материалды түсіндіру
GIMP программасында қылқаламның үш түрін жасауға болады кәдімгі (түрлі түсті )қылқалам, анимацияланған деп аталады. Қарапайым қылқалам құру үшін кез келген кескінді gbr кеңейтуімен сақтап және brushes бумасына сақтасақ жеткілікті немесе Қылқаламдар редактор сұхбаты қолданылады.
Қосылған қылқаламдарды жаңарту батырмасын басу арқылы Қылқаламдар сұхбат терезесінен көруге болады.
Өздерінің қылқаламқұрып және оны пайдаланыңдар.
«ТЕХТ» мәтін анимациясын құру үшін GIF файлы қанша кескін болу керек оған қанша кескін бейнелеу керек; қандай қолжетімді баптаулар бар екендігін; анимацияны қалай ойнайтынын; тиімділік қажеттілігін талдайды.
Анимация құру технологиясы:
Көпқабатты кескінқұрылады, әр қабат анимацияның бір қадамы. Егер жүгіртпе мәтін жолағы құрылатын болса, онда әр қабатқа жаңа әріп қосылады.
Кескін GIFпішімінде сақталады.
Сақтау терезесінде қабаттар бірікпейді (әйтпесе анимация әсері жоғалады, кескін қабаттардан тұру керек).
Келесі сақтау терезесі, ол анимация параметрлерін баптау терезесі. Параметр- лер шексізцикл, кадрлар арасындағы үзіліс уақыты. Кадрлар арасындағы үзіліс уақытын кейін өзгертуге болады.
Кескін сақталады.
Қайта кескін ашылады.
Қабаттар терезесі ашылады. Енді ондағы қабаттар емес, экранда кадрлар арасындағы үзіліс уақыты көрсетіледі.
Мүмкіндігінше әр кадрдың арасындағы үзіліс уақыты өзгертіледі.
Анимацияны көру үшін. Сүзгі Анимация Ойнату бұйрығы қолданады.
V Өтілген материалды бекіту
Тәжірибелікжұмыс тапсырмаларын орындау.
VІ Қорытындылау
Рефлексия.Жұмыстарды сабақта бағалау
VІІ Үй тапсырмасы
§20 –ны оқу,бақылау сұрақтарына жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |