|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек
Пәнге тән лексика мен терминология:
жұқа линза, жинағыш линза, шашыратқыш линза, дөӊес линзалар, ойыс линзалар, линзаныӊ оптикалық центрі, линзаныӊ бас оптикалық осі, линзаныӊ бас фокусы, линзаныӊ фокустық қашықтығы, линзаныӊ фокальдық жазықтығы, линзаныӊ оптикалық күші.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Линза- екі сфералық бетпен шектелген мөлдір дене. Линзалардыӊ екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.
Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердіӊ центрлері арқылы өтетін түзу линзаныӊ бас оптикалық осі деп аталады.
Бас оптикалық осьтіӊ бойында және линзаныӊ центрінде жатқан нүкте линзаныӊ оптикалық центрі деп аталады. Жинағыш линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан сына өтіп бас оптикалық осьтіӊ бір нүктесінде жиналады. Бұл нүкте линзаныӊ бас фокусы деп аталады.
|