Сабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысын қайталау. Жайлау туралы мағлұмат беру



Дата18.02.2017
өлшемі52,59 Kb.
#9854
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Жайлау

Сабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысын қайталау. Жайлау туралы мағлұмат беру.

Білімділік: Оқушыларға жайлау туралы мәлімет бере отырып сөйлемдегі сөздердің байланысын тапқызу, талдау, сөйлем құрауға дағдыландыру.

Дамытушылық: Жаттығу жұмыс барысында өлеңді мәнерлеп оқуға, өз ойларын еркін айтуға, мағынасын ашуға, ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиеләк: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбеқорлыққа, әдемі, көркем жазуға тәрбиелеу.

Оқытудың нәтижелері:

1.Өткен тақырыптарды естеріне түсіреді және жаңа мәтін бойынша түсінік қалыптастырады.

2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.

3.Сабақта белсенділік танытады.

4.Шығармашылық қабілеттері артады.
Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, үлестірме қағаздар, күннің суреті

Қадамдар:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Топпен жұмыс.

3.Рефлексия

4.Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Оқушының көңіл күйлерін тексеру

2. Топқа бөлу

3. Үй тапсырмасын сұрау

4.Жаңа сабақты түсіндіру

5.Тапсырмалар беру



Оқушының іс-әрекеті:

1.Жеміс жидектер арқылы топқа бөлінеді.(алма, банан)

2. Зейіндерін сабаққа аударады

3. Үй тапсырмаын орындайды

4. Жаттығу жұмыстарын орындайды, мәтіннің мазмұнымен танысады. Жайлау туралы мәлімет алады

5.Топтасып жұмыс жүргізеді

6. Кері байланыс жасайды

І кезең: Қызығушылықты ояту:

«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы оқушылардың көңіл күйін анықтау.

Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.

Топқа бөліну: Жеміс - жидектер арқылы бөлу


  1. топ. «Алма» тобы

  2. топ. «Банан» тобы

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1 топ. Өлеңді мәнерлеп оқиды.

2 топ. Жаттығу жұмысын оқиды, талдайды.

«Серпілген сауал» әдісі

Ойынның шарты: Мұғалім допты серпи отырып, сұрақ қояды. Ал допты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:



  1. Өлең қай жыл мезгілі туралы? Онда қандай өзгерістер болады?

  2. Өлеңде не туралы айтылған?

  3. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?

  4. Сөйлемде кісі аттары қалай жазылады?

III. Жаңа сабақ

Мұғалім түсіндірмесі:

Әсел қуыршақ ойнады.

  • Балалар бұл не?

  • Сөйлем неден құралады?

  • Сөздер бір – бірімен қалай жазылады?

  • Сөйлемнің байланысын не арқылы табамыз?

  • Асан не істеді? –Асан ойнады.

  • Не ойнады? –Доп ойнады.

  • Сөйлемдегі сөздер заттың несін білдіреді?

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

Күннің жадын, тақырып жазу.

Көркем жазу:

200-жаттығу Сызбадағы сұрақтардың орнына сөйлемнен керекті сөздерді қойып жаздыру .

Таңертең бақшада бұлбұл сайрайды.

Не?

Қайда? Сайрайды.



Қашан?

Оқушыларға үлестірме қағаз беріледі, сол арқылы оқушылар орындайды.



IV.Сергіту сәті:

.- Ендеше балалар қазір біздер сәл тынығып алайық. Ол үшін



201 – жаттығу. Сұрақтардың орнына керек сөздерді қойып, төрт сөзден жасалған сөйлем құрап жазу.

Керекті сөздер: көйлек, қуыршақ, Нағима

Кім?


Неге? тікті.

Не?


V. «Сандар сөйлейді» ойыны

Ойын шарты: Берілген сандарды өсу ретімен орналастыру арқылы мәтіннің тақырыбын айқындайды.



1

2

3

4

5

6

Ж

А

Й

Л

А

У

-Жақсы балалар, тақтаға назар аударайық.

Бейнебаян көрсету

Сұрақтар

  • Бейнебаяннан нені тамашаладыңдар?

  • Қай жыл мезгілі суреттелген?

  • Балалар күн жылынып көктем шыққанда малдар қайда шығады?

  • Бейнебаянда қандай үй кездесті?

  • Киіз үйдің құрылысын білеміз бе?

  • Ал, балалар қандай үй жануарларын көрдіңдер?

Мәтінді екі топқа бөліп беру. әр топ өз түсінгендерін әңгімелеу.

Жайлау туралы мағлұмат беру.

Міне балалар жайлау дегеніміз қыстаудан алыс жатқан қоныс екен.

Автор туралы мәлімет

Жаңа сабақты бекіту.

Рефлексия: «Күн»

- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?



- Сабақты қаншалықты түсіндік? соны тақтада күннің суреті берілген, сендер сол күннің шапағына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз?

Тақтаға күннің дөңгелегі ілінеді, оқушылар ға сары, көк күннің тармақтары таратылады. Тармақшаларды күннің дөңгелекшелеріне жапсыру керек:

Сары түс – маған сабақ ұнады, көптеген ақпарат алдым.

Көк түс – сабақ ұнамады, себебі, пайдалы ақпараттар ала алмадым.

Үйге тапсырма:

  1. Мәтінді түсініп оқу .

  2. 202-жаттығу. өлеңді жазу және жаттау.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет