Сабақтың мақсаты: Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту



бет11/35
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#35110
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
ІІ. Сабақтың негізгі кезеңі.
1. Оқулықпен жұмыс.
1-топ – Мәтінді оқу, оқу машықтарын жетілдіру. Сын есімді табу,
құрамына ажырату.
2-топ - Мақалды оқу. қарсы мәндес сын есімді табу, тәрбиелік
мағынасын ашу.
3-топ - Сын есімдердің байланысын анықтау, талдау.
2. Топтық тапсырма. Оқушылардың сөйлем ойлау, талдау, тілдік қорларын байыту, көркем сөйлеуін жетілдіруге тапсырмалар:
1-топ – ақ боз
2-топ – қара ала
3-топ – ақ қасқа
Ауызша жаттығулар арқылы,
сызба арқылы қорытылған ойды пысықтап дәлелдеу.
3. Мұғалім таратқан өлеңді жатқа жазу (көру, есте сақтауын дамыту), сын есімді табу, астын сызу; құрамын анықтау; өзара тексеру (жауапкершілікке үйрету).
4. Көрнекіліктермен жұмыс.
А) – Абай атамыз өлең туралы не деді? Оқушының ықтимал жауабы:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Ә) Оқушыларға Абайдың табиғат туралы өлеңдерінен үзінділер оқыту: «Қыс», «Көктем», «Күз». Бірінші шумақтарын жатқа жазу:
1-топ – «Күз».
2-топ – «Қыс»
3-топ – «Көктем»
Шарты: сын есімдерді табу, талдау, мағыналарын ашу, Абай өлеңдерінің ерекшеліктеріне тоқталу.
Б)Абай жастайынан нені сүйіп өсті?
Оқушының ықтимал жауабы: ән тыңдауды, әңгімелесуді жақсы көрген.
Мына шумақты жатқа хормен айтқызу:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
5. Сергіту сәті (үнтаспадан Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау)
Есте сақталуын жетілдіру. Тыңдай білуге үйрету. Ауызша әңгіме «Алған әсерім». Әңгімелету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет