Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға шашу ретінде сыйлықтар таратылып, бағаланады. Үй тапсырмасы: Жырдан үзінді беріліп, музыка тыңдату, сыйлық үлестіру, қонақтарға дулығаның суретін тарату. Тілек: "Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!”
4-класс Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау.
Сабақтың тегі: Білім мен дағдыны бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың ұйымдастырылуы: Топтық жұмыс
Сабақтың білімдік мақсаты: Сабақ барысындағы жаттығулар және
Абай өлеңдері арқылы сын есімнің оқушы
тіліндегі қолданыс аясын кеңейту, сын есімнің
ерекшеліктерін таныту.
Тәрбиелік мақсаты: Абай тағлымына баули отырып,
оқушыны өнерді түсіне білуге,
сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөйлеу
мәдениетін дамыту, оқушылардың жеке-дара
қабілеттерін ұштап, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, Абай шығармаларының
жинағы, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Сабақтың кіріспе кезеңі. 1. Ұйымдастыру бөлімі, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп өту.
2. Сабақ мақсатын айқындау, тақырыпты хабарлау.
3. Сызбалар бойынша жұмыс, сын есімді қайталау, ереже қорыту.