Сабақтың мақсаты: Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту


Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері



бет33/35
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#35110
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері:



Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:


баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б.
іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;
құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;
қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.
Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:
оқу, ойын, жатын бөлмелері;
жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;
гигиеналық талапқа сай асхана;
сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;
баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.
Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.
Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:
Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.
Қиындықтар:
кіші жастағы балалармен жұмыс жүргізудегі дидактикалық-әдістемелік базаның толық дайындалмауы;
мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің ересек жастағы балалармен жұмыс жүргізу дайындығының жеткіліксіз болуы;
мектепалды дайындық тобында психологиялық қызмет көмегінің аз көрсетілуі.
Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.
Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай — ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.
Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет