Сабақтың мақсаты: Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту


Ақпараттық технология арқылы бастауыш класс оқушыларының ауызекі тіл байлықтарын дамыту



бет34/35
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#35110
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Ақпараттық технология арқылы бастауыш класс оқушыларының ауызекі тіл байлықтарын дамыту
«Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялар» ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А. Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология»- мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Қазақ тілі сабағында логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды пайдалану арқылы өтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.
1. Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.
2. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің  көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
3. Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін қазақ тілі мен әдебиет сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі өте жоғары деп айта аламыз.
Тіл дамыту – қазіргі мектептегі оқу - тәрбие ісіндегі басты проблема. Өйткені оқушының дұрыс сөйлеу біліміне көңіл бөліп отыр. Сондықтан, мұғалім тіл сабақтарына тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп, тілдік материалдары дұрыс таңдай білу, (сөздің, сөйлемнің үлгілерін бөлу) оны дұрыс бере алу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір – бірінен қарым – қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Оқушылардың тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстыра, сондай – ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады. Тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушының ауызша, жазбаша ойын грамматикалық және статистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету.
Бастауыш сыныпта оқыту барысында тіл дамытуда ойын элементтері үнемі қолданылғанымен, оқыту әрекеттері алғашқы орында тұрады.
Оқыту барысында компьютерлік техниканы қолдану бастауыш сынып оқушыларын қызықтырады, өйткені олар оны бейне ойын ретінде қабылдап, бірақ өз қателіктерін тез түсінеді, себебі компьютерлік оқыту ойындары ойын элементтерінен тұрмайды, олар әдетте білімді қайталауға және тексеруге бағытталған. Баланың назарын аударатын нақты бағдарлама емес, ойыншықтың өзі де айтарлықтай қызығушылық тудырмайды, тек компьютер – таңғажайып зат және бала оны басқарудан үлкен әсер алады, және нәтижесінде ғана ақпараттануға қызығушылығы пайда болуы мүмкін.
Бастауыш сыныпта оқу үрдісінде ақпараттық технология құралдарын қолданудағы мақсат оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.Оқушыларда танымдық қызығушылықтың болуы-олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысалы үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. [1-61б]
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) болып табылады. Бірақ, мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, білім беру технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. Өйткені, ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы болып табылады.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. [2-66б] Баланың оқуға деген ынтасы төмендеп бара жатқан казіргі кезде мұғалімдерге оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылады.
Ақпараттық технология құралдарын оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады.Сондықтан оқытудың ақпараттық қатынастық технология құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен оқушының іс-әрекетіне араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол келесі қызметтерді атқарады:
1. Оқу үрдісіне қолдану барысында:
-оқыту құралы;
-көрнекілік құрал;
-дидактикалық құрал;
-диагностикалау және бақылау құралы;
2. Жұмыс жасау барысында:
-тестті дайындау және оны сақтау құралы;
-графикалық ақпараттарды өндеу құралы;
-пікірді дайындау құралы;
-есептеу құралы.
Мұнда оқушылар ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен
бірге оны өндеп, жеткізу әрекеттерін орындайды.Бұл жағдайда оқытушының мақсаты оқушыларда қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, оқушыларға жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезені оқушылардың топ алдында сөйлеу мәдениетін, пікірталасу арқылы ойын жүйелей білу мен өзіндік көзқарасын және ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады және олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиалық жобаны құру – оқушыларға қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылық қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады. Егер бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың ақпараттық технологиясын қолдану әдістемесімен қаруланып,оны нәтижеге бағдарланған білім беру үрдісінде пайдаланса, онда бастауыш сынып оқушылырының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені ақпараттық қатынастық технологияны қолдану бастауыш білім мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал етеді. Қазіргі педагогикада оқушылардың оқыту үдерісіне танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әртүрлі әдістері қолданылуда. Соның ішінде, оқу үдерісіне ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негізделген үш түрін қолданамыз:
-оқу материалының мазмұны;
-оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру;
-оқыту үдерісіндегі оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас.
Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу үдерісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді.
Ауызекі сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауызекі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:
1. Ауызекі тілде сөйлеудің монологты және диалогты формалары оқытудың барлық кезеңдерінде қатар жүреді;
2. Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады. Яғни бұл ауызекі тілде сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;
3. Қосымша оқыту құралдарының жиі-жиі қолданылуы;
4. Компьютерлі кабинеттерде ауызекі тілде сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.
Ауызекі тілде сөйлеу ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, өзімізге белгілі болғандай,түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты. Осы орайда, бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау,сонымен қатар диалогты және монологты формада сөйлей білуге үйрету. Қазіргі ақпараттық қоғамда басқа оқыту технологияларына қарағанда ақпараттық технология басымдық алып отыр. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде жаңа ақпараттық қатынастық технология, компьютерлік оқытудың технологиясы, компьютерлік педагогикалық технологиялар сияқты терминдер жиі кездеседі. Зерттеулерде ұғымның әлі дұрыс қалыптаспағандығы байқалады, сондықтан қазіргі оқыту технологиялары мен қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқытудың ақпараттық қатынастық технологиясы ұғымына тоқталып, оған берілген анықтамаларды саралай келе, біріншіден ақпараттық технология – оқыту әдісі, ақпараттық бағдарламалық жабдықтарды оқыту үрдісінде пайдалану және оның әдістемесі, ал екіншіден – ақпараттық үрдістерді компьютердің көмегімен жүзеге асыру жабдығы деп түсінеміз. Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпараттық технология арқылы дамыту дегеніміз – оқушының өзіндік білім алу іс-әрекетін компьютерлік бағдарламалық және техникалық жабдықтардың көмегімен іске асыру.
Қорыта келгенде оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден–бір шарты.

Әдебиеттер:


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей. [1-61б]
2. Фазылова Р.Л. Проект на уроках немецкого языка \Иностранный язык в школе.-1999.- №.3 [2-66б]
3. Бастауыш мектеп №1, 2009ж [3-6б]
4. Бастауыш мектеп №12, 2008ж [6-11б]
5. Қазақстан мектебі №7 2008ж [22-26б]
6. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
7. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
8. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен  жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
9. Т. Жұмажанова, С. Дүйсебаев, Ә. Мамырова, З. Көпбаева, «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003
10. Педагогика журналы №2-2009ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет