Сабақтың мақсаты: Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту


Оқушылардың педагогикалық-психологиялық дамуы



бет5/5
Дата13.02.2017
өлшемі0,86 Mb.
#9028
түріСабақ
1   2   3   4   5

Оқушылардың педагогикалық-психологиялық дамуы

Оқу –мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланыты.

Баланың оқу әрекеті-күрделі, жан –жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б, психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.

Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағыталған ойлаудың жалпы амал- тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болуға табылады. Оқу әрекетінін белгілі құрылымы мыналар:

1.Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар).

2.Оқу әрекеттері ( баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл амалдары ).

3.Бақылау ( оқушылардың өзін – өзі қадағалап тексеріп отыруы)

4.Бағалау ( мұғалімнің және оқушының өзіне өзі берген бағасы).

Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады.Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі.Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбыластардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды,заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау- белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен –өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет.

Баланың ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінін жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы .мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибиелі ұзтаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнінен -ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек.

Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің, жаңа кезеңінің ерекшеліктерін сезбейді, бұлардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.

Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалған адам (ұшқыш аспаз,шофер) болуы үшін оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердін нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оның ең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.

Бірінші класс оқушыларының бастан кешіретін қиыншылықтары негізгі үш тиіпке бөлінеді. Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек,сабақты жіберуге болмайды барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық – физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ат-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсініктіде айқын жеткізуі,олар дың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Баланың мектепке даярлығын анықтайтын 5 бағыт:танымдық қабілеті, дене күшінің дамуы, оқуға ынтасы , көңіл күйі, ерік сапаларының қалыптасуы-мектептік кемелді құрайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға бай болып келеді. Мәселен, олардың қозғалмалы, бояулы заттарға тез зер салғыш келетіні,қанық бояулы нәрселерге ерекше құмартатыны да осыдан. Төменгі сыныптарда оқитын балалардың қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды.Бала заттың көлденеңнен кезіккен жеке қасиеттерімен белгілерін ғана көреді, заттарды талдай қабылдау жағы да жетпей жатады. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз тболады. Егер обьектіні қабылдау қиынға соқса бала оған қынжылмайды,екіншісіне ауыса береді,қабылдаған затының жеке бөліктерін тізбектей алғанымен ,бірақ ондай жүйе болмайды. Мәселен,оқушы көбелектің құрылысын айтқан кезде:

”Көбелектің қанаты ақ. Қанатында дөнгелек қара нүкте бар.Көбелектің мұрты,көзі,құйрықшасы болады” деп жай тізбектейді де,оның негізгі ерекшеліктерін (түрі,түсі т.б) айтуды естен шығарады.Кейде бала нәрсенің жеке жақтарын қабылдайды да,оның тұтас зат екенін ұмытады. Мәселен, оқушы кружканың суретін салғанда,тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп жібереді, ал үйдің суретін салғанда есік, терезесі еденінен төбесіне дейінгі жерді алып жатады.

Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай қатерлері азая бастайды.Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне,ішкі, сыртқы құрлысына, жасалу принципіне зер сала бастайды. Енді затты жан-жағынан байқап көргісі келеді.Заттарды дұрыс қабылдай алу,мәніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін арифметика,ана-тілді сабақтарына қарағанда сирек болатын ән-күй,сурет сабақтарынан бала қабылдауының даму дәрежесі әлдеқайда баяу болады.

Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады.Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып,жұмыс жүргізеді.Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен таңдай ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде,материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек.Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қаппай оқу, тапсырманы қалай оқу керектігі айтылған.Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды.Мұғалім мұны қатты ескергені жөн.

Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбегенше, баланың осыған орай көрінетін қиялыда шарықтай алмайды.

Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галерияларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс мұғалім де, оқушының ата-анасы да бұл жерге ақыл ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады. Мектеп-бала сезімдерін жүйелі әрі жоспарлы түрде дамытып отыратын арнаулы орын. Мұғалімнің осы саладағы жүргізетін жұмыстарының кейбірі мына төмендегідей болмақ:

1) Бала эмоциалары мен сезімдерін тек құрғақ сөз бен жалаң үгіт арқылы тәрбиелеуге болмайды. Мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз басынан кешіретін болсын. Өзі күйініп көрмеген адамның біреудің қайғысына ортақтаса алмайтыны сияқты, бала өзінің және айналасындағылардың табысына қуанып, сәтсіздігіне жаны күйзеліп отырмаса, сезім тәрбиесі өзінің пәрменділігі жояды. Мәселен, баланы Отанды сүю сезіміне тәрбиелеу ісі оның жас төлді күту, бау-бақша жұмыстарына қатысу,пайдалы еңбекке қолғабыс тигізу сияқт нақтылы іс-әрекетімен ұштастырылып отырлуы тиіс.
Сынып, мектеп ұжымында берік орын алған салт-дәстүрлер – бала эмоцияларын дамытып, тәрбиелеуде таптырмайтын құрал. А.С.Макаренко осындай дәстүрлердің зор тәрбиелік мәнін көре білген “Дәстүрлер менің ұжымында өте көп еді-,деп жазды ол, -тіпті жүздеп санауға болатын.Мен олардың бәрін біле бермеуші ем,бірақ балалар білетін және балалар білгенде бір жерге жазылған түрінде емес,өздерінің бір сезімімен білетін.

Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерін туындайтын адамның жеке өзгешіліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешіліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен,біреу әжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.)жақсы байқалып отырады.

Әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше сипаттауға болады:

1. Сангвиник темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымрырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа жетекшілікке құштар. Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жйі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал, Ақыл-ой әркеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзіжылдам, анық, түсінікті, паузалармен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ымишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге онтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілей тін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып – саспайды.Сабақта тыныш отырады,жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ымишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераменттегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қоныа тұратын, күйгклек,тынымсыз шамданғыш, қүйі және өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орыдауынан да жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бір ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді.Өз эмоциялары мен қимыл - қозғалыстарын билей, алмай, қабынып “ күйіп –пісуге” дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде дауысы қатты шығып кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі, ызақор ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сол нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызарандап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса ( бұлай ету әрине дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды.Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушы,көбінесе, өз жолдастарының арасындай көзге түспей, жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады,”мен” деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ тжүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құрбы – құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, ”маубас”т.б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді. Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіргендігіштерше өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп бике келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр – түрлі мінез бітістерінін болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым –қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгін қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тамыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.

Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез – келгені мінездің бітістері болып саналмайды.

Мінезді даралық өзгешіліктін өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнеуге деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым – қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез – кең мағыналы ұғым. Онда түрлі саналар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы – оның негізгі сапалары болып есептелінеді.

Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде еңбектің алатын орны ерекше.

Еңбек үстінде адам өзіне қажетті материалдық игіліктерді өндіру мен бірге өзінің психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне – өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан әзір болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы қалыптасады.

Адам еңбек етпесе, моральдық жағынан азғындап бұзылады, пасық істерге барады. Еңбек әрекетінің болмауы жал бұдан надандық, топастық, арамдық, зұлымдық сияқты небір жағымсыз қасиеттер келіп шығады. Тек, қажырлы творчестволық еңбек қана адамды осы кемшіліктердің бәрінен сақтандырады, оның моральдық жағынан кіршіксіз таза болуына жағдай жасайды.

Адам тек еңбек ету арқылы ғана өзінің алдындағы мақсатын айқын сезіне алады және оған жете алатынына сенімі мол болады.

Күнделікті ауызекі сөзде ”қабілет” деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық , екіншісінің – музыкалық, үшіншісінің – суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеті бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс – әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші дамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екенін дәлелдейді.

Жеке адамның психикасын нұрландырып қасиеттің енді бірі – мұрат (идеал). Бұл-адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі .Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты,ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгенін бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш- жігерін соның сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сенім,сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухына тәрбиелеу – бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.



Жас бала не нәрсені болса да құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін іздестіру қажет.Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы, концерт, аукцион,кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе, халықтық, педагогиканы пайдаланып, ата- бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалануға болады.Қазақ халқының мейірімділігі, кеңпейілдігі, сыпайылығы,көпшілдігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу,әдептілікті бйік ұстаусияқты әдет- ғұрыпты үйретуге болады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып кез келген, проблеманы шешуге үйренеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет