Сабақтың мақсаты: Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту



бет3/5
Дата13.02.2017
өлшемі0,86 Mb.
#9028
түріСабақ
1   2   3   4   5

Сергіту сәті. «Үнін тап»ойыны. Оқушылар жануардың үнін табады,әрі аталған жануар немесе жәндік атына сәйкес қимылдар жасайды.

«Пайдалы мәліметтер»-бұл тапсырма бойынша жаңа сабаққа қатысты бірнеше аң, жануар жайында айтып өтті.

1-оқушы: Сары сілеусін,егін жаулары-суыр,тышқандардың 2000-ын бір жазда жейді.

2-оқушы: Құмырсқа 7 жыл,тырна 40жыл,бұлбұл 45 жыл өмір сүреді.

3-оқушы:Қоян терлемейді,оның бойындағы артық жылуды, ыстық күндері қан тамырлары ұзын құлағы арқылы сыртқа шығарады.

4-оқушы: Қасқыр табанына кірген шөгірді тісімен алады,егер ол ауырса, өзіне-өзі аштық жариялап, шөптермен емделеді екен.

5-оқушы: Түлкі құйрығының жоғарғы жағында әтір сияқты хош иіс бөлетін ойық болады екен.

Оқушылар жаңа сабақта көптеген мәліметтермен танысты, табиғатты қорғап,аялау керектігін түсінді.



IV.Ой қозғау. Венн диаграммасы
Өсімдік Жануар




Қорытындылау.

Оқушыларды бағалау. Эколог,дәрігер,суретші деген аттар арқылы өте жақсы және басқа да қатысқан балалар бағаланды.

Үй тапсырмасы.Эссе жазу.Дала өсімдіктері мен жануарларын қалай қорғаймыз.

Тақырыбы: Диқан Баба
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Аңыз мазмұнын түсіндіру, жаңа тақырыппен таныстыру.

Тәрбиелік: Аңыздағы адамдардың мінез-құлқын сипаттай отырып,ас қадірін білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сұрақтар мен тапсырмалар,топтық жұмыстар арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту,қабылдау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеті: Шығармашылық тапсырмалар мен топтық жұмыстар арқылы алған білімдерін тереңдету.

Сабақтың түрі : Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік,көрнекілік.

Формасы: Топтық, ұжыммен.

Көрнекілік: С.Торайғыровтың суреті, тірек-сызба,мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

-Адам бола білейік,

Жақсы өмір сүрейік.

ІІ.Қызығушылықты ояту.

-Балалар ,біз барлығымыз да адам баласымыз.

-Сендер өмірде қандай адам болғыларың келеді?

-Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Сендер үй тапсырмасын «Бәйге» ойынын ойнау арқылы жауап бересіңдер.(І,ІІ,ІІІ-топ кезектесіп ұяшық таңдайды.)
Үй тапсырмасын тексеру.

-Біз үй тапсырмасын «Бәйге» ойынын ойнау арқылы тексереміз.


Б

А

Д




Н

И

А



Қ

Б

А

1- Өлеңнің екі шумағын жатқа айт.

2- Өлеңде айтылған баланың өтініші м,арманы ма, сертіме?

3- С.Торайғыров кім?

4-Оны неге алты жасар ақын деп атады?

5-Ақынның серт берген жолын тауып оқы..

6-Өлеңде ақын бірнеше айтқан надандық деген не?.

7-Өлеңнің үшінші шумағын жатқа айт.

8-«Шығамын мен де әлі адам болып» деген тақырыпта жазған эссеңді оқы.

9-«Талапты ерге нұр жауар» деген мақалды қалай түсінесің?

-Мұның бәрі адамнан нені қажет етеді?

-Адам болу үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең емерсің» дегендей бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз мифтік әңгіме Диқан бабаның адамдарды қалай еңбекке үйреткені жөнінде болмақ.

IV.Жаңа сабақ.

1 «АС» картасы



Ашаршылық жалбарыныпты

Мейманасы тасыған есіркепті

Кепиет сөз жазда жаңбыр

Оспадарлық ас қадірін білген

2 «АС» картасы



Ашаршылық жалбарыныпты

Мейманасы тасыған

Оспадарлық ас қадірін білген

3 «АС» картасы




Ашаршылық жалбарыныпты

Мейманасы тасыған есіркепті

Кепиет сөз жазда жаңбыр

Оспадарлық ас қадірін білген

Әңгімені үнтаспадан оқып бергеннен кейін, блоктағы сөздерге байланысты әңгімеде не айтылғанын сұрау.(Сөздік жұмыс жүргізіліп кетеді.)

V.Оқулықпен жұмыс. Әр топ «АС» картасына сүйене отырып, әңгіме желісін өздері құрып алады.

VI. Сұрақтар мен тапсырмалар.

-Ендеше Диқан баба сендерге конверт жіберіпті.Мұның ішінде тапсырмалар бар екен.

1-топ: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген Ұлы Абай сөзінің аңызбен қандай байланысы бар?

2-топ: Аңыздағы адамдардың мінез-құлқын мына тірек сызба арқылы сипатта.

3-топ: Неліктен адамдар молшылық кезінде ойланбады?Қалай ойлайсың ақыл кіру үшін адам аш болуы керек пе?

VII.Үй тапсырмасы. «Пайдалы мәлімет».

1-топ: Арпа туралы буклет.

2-топ: «Бидай мен қаңбақ» мысалын айту.

3-топ: Дәнді дақылдар туралы суреттер.(альбом жасау)

VIII.Сергіту сәті. Сөзжұмбақ шешу. Жұмбақ жауабынан тұратын жұмбақ оқылып, балалар оның жауабын сөзжұмбақ торына жазады.

ІХ. Шығармашылық тапсырма.

1-топ. Егінші мен жалқау аю туралы ертегі құру.

2-топ. Еңбек туралы төрт жол өлең құрау.

3-топ «Жер Ананың қасиеті» тақырыбында суретті пайдаланып өз ойларын жазу.

Х. «Жалғасын тап» ойыны.Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

1. ..... көрмеген - .... қадірін білмейді.

2..... көрсең, қадір тұт, ...... көрсең, қыдыр тұт.

3. Еңбек етсең ерінбей,

.................................

4. Аш бала тоқ баламен ойнамайды,

....................................................

5. Еңбек түбі –береке,

...................................

ХІ.Сабақты қорытындылау.Тірек сызба арқылы оқушылар өз ойларын айтты.


  • Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

ХІІ.Оқушыларды бағалау. «Еңбек» бала. Өлең оқу.


Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты : Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру, еңбекке деген құштарлығын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Мамандықтар туралы білімін тиянақтау.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақтар шеше білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Ертегі саяхат сабақ

Көрнекілік: мамандық иелері туралы суреттер, ертегі кейіпкерлерінің суреті, құралдар

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.



  • Балаларды орындарынан тұрғызу.

  • Балалар бір-біріне ретімен: Ашық аспан тілеймін!Күніміз жарық болсын!Деніміз сау болсын!Нан көп болсын!- деген игі тілектерін білдіре келіп, бәрі қосылып: Әрқашан күн сөнбесін!-деседі.

Тәрбиеші: Айтқан тілектерің қабыл болсын!- деп балаларды отырғызады.

  • Балалар бүгін бізде тіл дамыту сабағы. Мамандықтар әлеміне «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерімен саяхат жасаймыз.

3 топқа бөлу. 1топ- құлыншақ, 2 топ- қошақан, 3 топ- ботақан.Әр топ өз атын қорғайды.

1- топ. Құлыншақ.

Құлын, құлын, құлыншақ,

Жеткізбейді тұлымшақ.

Ұмытпағын балақан:

Жылқы баласы- құлыншақ.

2- топ. Қошақан.

Қой бөбегі Қошақан,

Қиянатты білмейсің.

Айнымайсың анаңнан,

Секеңдеуді сүймейсің.

3- топ. Ботақан.

Ботақаным- бөбегім,

Бейне туған баламдай.

Менің ана дегенім-

Сенің-дағы анаңдай.

Тәрбиеші: Тақтада жасырулы суреттер тұр, бұл суреттер бізге тапсырмалар әкелген, осы тапсырмаларды бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерімен бірге орындаймыз. Егер тапсырманы дұрыс орындасақ бұл суреттердің қандай суреттер екенін көре аламыз.

Баяғы өткен заманда кемпір мен шал өмір сүріпті.Бір күні шал кемпіріне бауырсақ пісірші дейді.Кемпір : үйде ұн жоқ дейді.-Әй,кемпір,қойманы сыпырып,қамбаны қырсаң,ұн шығады,-дейді.Кемпірі сыпырғышты қолына алып,қаптың түбін қағып,қамбаны сыпырып,екі уыс ұн шығарды. Кемпір бауырсақты пісіріп, терезенің алдына қойса бауырсақ домалап кетіпті. Бауырсақ домалап келе жатса алдынан аю шығады.

-Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

-Жемеші қандай тапсырмаң болса да орындаймын.

-Ендеше бауырсақты аю жеп қоймас үшін біздер көмектесейік.

1- тапсырма.Аюдың тапсырмасы.

Мамандықтар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Балалар тақпақтарын айтады.

-Ендеше біз бауырсақты аюдан құтқардық, жасырулы суретті ашайық..

Дәрігердің суреті.

Балалардан дәрігердің қызметін сұраймын.



2- тапсырма. Қоянның тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс.

Өздерінің таңдаған мамандықтарын қоршап сызады, сол мамандығы туралы әңгімелейді.

-Ендеше бауырсақты қояннан құтқардық, жасырулы суретті ашайық .

Ұшқыштың суреті.

Балалардан ұшқыштың қызметін сұраймын.



Сергіту сәті.

3- тапсырма. Қасқырдың тапсырмасы.

Мамандықтар туралы жұмбақ жасыру.

1.Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім жанашыр? ( ұстаз)

2. Сабы- таяқ,

Басы- қалақ

Ұшын жүрер

Жерге қадап.( күрек)

3. Алты қырлы,

Алтын сырлы.( қалам)

4.Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.( милиционер)

5. Өрнектеп, сәндеп,

Тістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігетін?( тігінші)

6. Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып.( дәптер)

7.Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.( мектеп)

Балалар жұмбақтарды шешеді.

-Ендеше қасқырдың да тапсырмасын орындадық, жасырулы суретті ашайық.

Сатушының суреті.

Балалардан сатушының қызметін, қолданатын құралдарын сұраймын.



4- тапсырма. Түлкінің тапсырмасы.

Ұстаздарың қандай өлең үйретті, айтып беріңдер.

Балалар орындарынан тұрып, өлең айтып береді.

-Балалар, түлкінің қу, айлакер екенін білесіңдер, ол бауырсақты жібермей тағы да тапсырма бергелі тұр.

- Не істейміз? Бауырсақты құтқарамыз ба?

- Олай болса келесі тапсырмасын алайық.



5- тапсырма.

Мына текшені лақтырып, суреттегі заттарды қандай маман иесі қолданатынын тап.

Балалар текшені лақтырып, суреттегі заттардың иелерін табады.


  • Сөйтіп бауырсақты түлкіден құтқардық, ендеше жасырулы суретті ашайық.

Ұстаздың суреті.

Балалардан ұстаздың қызметін сұраймын.



  • Балалар біз бүгін қандай мамандық иелерімен таныстық?

  • «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерімен жасаған саяхат ұнады ма?

Ендеше 1- топ қолдарыңдағы жинаған жетондарыңды көтере қойыңдар.

2- топ, 3- топтың жетондарын санау.

- Енді осы ертегі кейіпкерлері сендерге жақсы сабаққа қатысқандарың үшін сыйлықтар беріп жіберіпті.

Үш топты марапаттау.



Тәрбиеші: Осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып көп нәрсені үйрену қажет.Білімді болу керек екен.Осындай мамандықта жұмыс жасап жүрген үлкен кісілердің, аға- апалардың, ата-аналарыңның еңбегін бағалап, құрметтеуіміз керек.

Мамандық алғың келе ме?

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық,

Айналаң толған өнеге.

Тыңдайық, кәне, ойлайық,

Білімге терең бойлайық

Оқыған маман шын маман,

Мамандық алмай қоймайық.

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта

Қолыңнан жұмыс келмесе

Тие ме пайдаң халыққа?

Еңбектің бәрі мамандық,

Жер көктің бәрі мамандық

Білуге бәрін талаптан,

Танытып нағыз адамдық.- деп сабағымды аяқтаймын.

Қазақ тілі

4«б» сыныбы

Сабақтың мақсаты :

1)Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.

2) Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру , сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.

3) Оқушыларды тапқырлыққа , еңбекшілдікке , ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Л.А Төкеева- Бектұрғанова «Жүйелі оқыту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы»

Сабақтың әдісі: түсіндіру,өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап,талдау,жинақтау,ойын,жұппен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар, кестелер,жетіген аспабының,бұғының суреті,үлестірмелі қима қағаздар,үнтаспа.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

2.Үй тапсырмасын тексеру.

-Біз үй тапсырмасын «Бәйге»ойынын ойнау арқылы тексереміз.


10

10

20




20

30

30



40

40

50

10- Зат есім дегеніміз не?

20- «Отан үшін отқа түс-күймейсің»мақалындағы зат есімді тап.

30- Жалқы есімдер қалай жазылады?

20-Негізгі зат есім дегеніміз не?

30-Туынды зат есімді сөз айт.

30-Айзат-оқушы сөзінде сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

40-Жалпы есімдер дегеніміз не?

40-күйші,достық,сурет сөздерінде негізгі,туынды зат есімдерді ата.

50-и әрпімен басталатын зат есімдер айт.


3. Жаңа сабақ

Тақтада : З Т С М Н Ң С П Т Л У А Е І І Е Е І

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Зат есімнің септелуі»

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Бүгін біз мынау жоспар кесте бойынша жұмыс жасаймыз :


Жоспар кесте


Екеуара жұмыс

Жаттығулар орындау




Сауаттылық хаты




Зерттеу жұмысы

Шығармашылық жұмыс

Әр оқушы «сауаттылық хаты» атты бағалау парақшасы бойынша өздерін бағалайды.





Оқушының аты-жөні

Екеуара жұмыс

Зерттеу жұмысы

Жаттығулар орындау

Шығармашылық жұмыс

Қорытынды баға


















Оқушылар өздерінің аты жөнін жазып шығады.

Тақтаға «Жетіген » аспабының суреті ілінеді.

-Олай болса мына суретке назар аударайық.

-Бұл шертіп ойналатын көне ұлттық аспап-Жетіген.

Жетіген жеті ішекті ,жеті тиекті, бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгері-кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп-қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады. Осы аспап арқылы өнерпаздар өз мұңын халыққа жеткізген. Қазір мен сіздерге осы аспаптың шығуы туралы бір ертегі тыңдатқызайын.(таспадан тыңдату)



Ертегі :

«Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті . Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» -деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып,кімді ғана қарғайын?»-дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? -деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

4.Ой қозғау

-Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егіледі?-Септік шал.

-Ілік қайтыс болғанда шал не деді?-ненің зияны, кімнің көзі тиді екен деді.

-Барыс қайтыс болғанда шал не деді?-кімге айтып жылайын,неге ғана өлді екен ?-деді.

-Табыс өлгенде не деді?-нені айтып жылайын,кімді ғана қарғайын,-деді.

-Жатыс өлгенде не деді?-кімде кетті обалың,неде жатып көз жұмдың?-деді.

-Шығыс ұлы өлгенде не деді?-неден қайтыс болдың,кімнен сені сұрайын,-деді.

-Көмектес ұлы қайтыс болғанда шал не деді?-кіммен өмір сүрмекпін,енді немен шұғылданамын?-деп жылады.



5. Сұрақтар сыры.Жетіген сөзін септеу.

Зат есімнің септік жалғаулары.Кесте.


Септік түрлері

Сұрақтары

Жалғаулары

1.Атау

2.Ілік


3.Барыс

4.Табыс


5.Жатыс

6.Шығыс


7.Көмектес

Кім?Не?

Кімнің?Ненің?

Кімге?Неге?Қайда?

Кімді?Нені?

Кімде?Неде?

Кімнен?Неден?Қайдан?

Кіммен?Немен?


-

-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің

-ға,-ге,-қа,-ке

--ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті

-да,-де,-та,-те

-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен

-мен,-бен,-пен




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет